400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

ҚАЗІРГІ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗІРГІ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ БАЯНДАЛАДЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

FTAXP 14.33.09

Манкей Айнур

Көкпекті ауданы Құлынжон ауылы «Казнаковка орта мектебі» КММ


ҚАЗІРГІ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

«Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. Сондықтанда қазіргі заман талабына сай дарынды, дара ерекше азамттар тәрбиелеу біздің негізгі мақсатымыз болып есептеледі.

Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Оқыту үрдісін күрделенуіне байланысты, ұстаздар қауымы балалармен тығыз қарым-қатынаста жаңартылған оқу бағдарламаларына сүйене отырып, сабақтарын сан түрлі әдемілікпен ұштастыра отырып болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей үлес қосушылар болып есептеліп отыр. Соның аясында қазіргі заман талабына сай сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаң технологиялар тізбегімен танысып, оларды өз іс-тәжірибелерінде қолдана білу нұр үстіне нұр болмақ.

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі және де жаңартылған білім талабына сәйкес жаңа технологияларды пайдалана отырып, жұмыс барысын күрделендіре келе болашаққа нық қадаммен жетелеуші. Сабақ барысында жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларға білім-білік дағдыларын арттыру көзделіп отырғандықтан төмендегідей жаңа технологияларды ұсынғым келеді.

Жаңа технологияны қолдану келесі мынандай кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді әрі қызықты қолдану педагогтың шеберлігіне тікелей байланысты.

2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Әр бала үшін ойынның орны бір бөлек, себебі бала ойнай отырып ойлайды және дамиды. Ойын технологияларын басқа пәндермен байланыстыра отырып өткізу ең тиімді тәсіл болып есептеледі. Ойнай отырып тапсырмаларды орындаса өткізілген тақырып баланың ойында, санасында жақсы жатталып қалады. Сондықтан да ойын технологиясын тиімді пайдалана білу заман талабына сәйкес сабақ барысында тиімді пайдалану керек деп ойлаймын.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Миға шабуыл жасау арқылы ойларын еркін жеткізе алу, өздерін еркін ұстау машықтары осы технологияны пайдалану барысында терең дами түседі. Болашақ педагог алдына келген оқушымен бар білгенімен бөлісе отырып, оқу барысынджа жаңа технологияларды пайдаланатын болса, болашақта нағыз азамтты тәрбиелеп шығады. Болашақ ұрпақтың болашағы сізбен бізге юбайланысты екенін жетік түсінетін болады.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану барысында жоғарыда айтылған ерекшеліктер терең дамиды және де сабақ барысында осы технологияны жетік қолданатын болса оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуші бір тұлға болатыны анық.

5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында оқушылардың білім сапасының қаншалықты көрсеткіш көрсететіні анық және айқын көрінеді. Білім сапасының көрсеткішт еріне қарай әр баламен жеке жұмыс атқарылып отырады. Әр бала өз деңгейін жоғарлату үшін белсенді жұмыс жасауға құлшынысы арта түседі. Әр жаң технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Оларды тиімді пайдалану ұстаздарға жүктелу керек.

6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар әр оқушымен жеке жұмыс жасау кезінде педагогтар тиімді әдіс тәсілдің бұл түрін ауқымды түрде барлық балаларғ қолдана алады. Жекелеп оқыту технологиясы білім сапасы төмен оқушыларды алға жетелейтін бірден-бір құрал. Оқу үрдісінде тиімді пайдалану шеберліктің белгісі. Бала болашағы ұстаздың қолында болғандықтан әр баламен тығыз қарым-қатынасты орнату үшін тиімді технология болып отыр.

7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді. Топтық технологияны қолданудың тиімділігі сан түрлі. Әр бала топ басшысы болып өзін сезіне отырып өз тобын бағындыра біледі, яғни басқарушылық мінез-құлық пайда болады, сонымен қатар құрдастарын тыңдау, ой бөлісу сияқты қаситтері терең дами түспек. Педагогтарға топ басшыларын үнемі ауыстырып отыру түсіндіріледі. Себебі балалар ұжымдаса, бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады жіне де өз ойларын жетік жеткізе отырып дәлелдеуді үйренеді. Мәселен «Менің ойымша», «Менің көзқарасым» деген сияқты сөз тіркестерін пайдалана отырып сөздік қорларын молайтады. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудің тиімді жолы осы технологияда көрінеді. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеден, кетігін тапта бар қалан».

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: ұсақ қол моторикаларын, есті, есте сақтау қабілетін дамыту. М.Мантессоридің мын бір нақыл сөзінен осы технологияны қолдану керектігі дәлел: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау». Олай болса, баланың энергиясын жұмысаудыңда бір ерекшелігі бар екені дәлелденіп отыр.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір суретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі