жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазтуған жырау «Қонысымен қоштасу» жыры
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Күні: Сынып: 7 |
Мектеп: Үшарал қаласының №2 орта мектебі КММ Мұғалімнің аты-жөні:А.А.Давлетканова Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы
|
Қазтуған жырау «Қонысымен қоштасу» жыры |
|||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Т/Ж 2 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. А/И 1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Қазтуған жыраудың өмірімен танысады, «Қонысымен қоштасу» жырынан берілген үзіндінің мазмұнын меңгереді, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізеді |
|||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұны мен идеясына сүйене отырып, автордың тұлғалық бейнесін таниды. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Эпизодтар арқылы бейнелерді салыстырып,өзіндік пікір мен көзқарасын білдіреді. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар:Қазтуған жыраудың тарихын тұлғасын таниды.Жыраудың поэзиялық стиліне назар аударады. Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: Сусынына шай алар, Шайнауына май алар. Арайна болған Қазтуған, Қайғыланып сонда толғай ма?! Арайна-сабыр,ұстам,тоқтам деген мағынада. Ебей басты-қауқиған, селтиген. Үлек-нар түйенің таза тұқымды бурасы. Мауыт-өң жағы майда түкті келген бағалы саналатын қалың мата. Мұшақат- мехнат ,азап ,бейнет. Шалма-басты айналдыра орайтын ендей мата,сәлде. Кіре-жас келгенде деген мағына. Талақ ету- тастау,безу. Сырық-киіз үйдің киізін жөндеуге арналған таяқ. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: «Менің ойымша,Қазтуған жырау .... ескертеді» «Өзі туралы Қазтуған былай дейді...» «Менің ойымша,Қазтуған жырау .... аңсайды» «Менің тұжырымым бойынша Қазтуған жыраудың айтпақ болғаны...»
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Қазтуған жыраудың өмірімен танысады, «Қонысымен қоштасу» жырынан берілген үзіндінің мазмұнын меңгереді, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізеді. Мәтін мазмұны мен идеясына сүйене отырып, автордың тұлғалық бейнесін таниды. Эпизодтар арқылы бейнелерді салыстырады,өзіндік пікір мен көзқарасын білдіреді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, қазақ тілі
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының мазмұнын біледі.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин. |
Сыныпты топқа бөлу Сыныптағы оқушыларға әртүрлі түстегі кіру билеттерін ұсынамын,өз қалауларынша таңдап алады. Бірдей түс таңдағандар бір топқа шоғырланады. «Кіру билеттерінде өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрауға арналған парақтағы мәтіндер болады Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» жыры негізінде «кіру билеті»арқылы топтарға жауаптар (мәтіндер) беремін,оқушылар сол арқылы тақтадан өз жауаптарына сәйкес сұрақтар табады. 1.Жиембет жыраудың тарихтағы бейнесі... 2. «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының маңыздылығы қандай? 3. Жиембет жырау мен Есім ханның байланысы... 4. «Еңсегей бойлы ер Есім» жырындағы автор бейнесі.. 1.Жиембет жырау Бортоғашұлы - ХҮІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі, әскербасы, батыр, шешен, тарихта өзіндік орны бар тарихи тұлға, Есім ханның замандасы. 2.«Еңсегей бойлы Ер Есім» жыры арнау жырға жатады. Жиембет жырау өз жырында Есім ханның қателігін бетіне басады, теріс әрекетін батыл жеткізеді, қоғамдағы, хан сарайындағы өз орнының маңыздылығын дәл айтады. Жыр Жиембет өмірінен мағлұмат береді. 3.Жиембет жырау мен Есім ханның арасына жыраудың інісі Жолымбеттің әрекеті себебінен сызат түседі. Хан жыраудан інісін жазалауды талап етеді. Жиембет ондай әрекеттен бас тартады. Есім хан сол үшін жыраудың соңына түседі. Жырау ханға болымсыз нәрсе үшін берекені кетірмеу керектігін, өзінің хан алдында адал болғанын, қоғамдағы орнының маңызды екенін айтып, арнау жыр шығарады. Бірақ Есім хан өз қудалауын тоқтатпағандықтан, Жиембет жырау елден кетуге мәжбүр болады. 4.Жырда автор өзінің ерлігін жолбарыс пенен аюға, өрлігін жылқыдағы асау тайға, зорлығын бекіре менен жайынға, беріктігін қарағай менен қайыңға теңеп, ханға адал, жұмыскер болғанын, сонымен қатар халық алдында құнсыз емес екенін, сұрауы бар екенін керемет жеткізеді.
|
4 түрлі түсті парақшалар
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 мин. |
Тыңдалым тапсырмасы Қазтуған жырау Сүйінішұлының өмірі мен шығармашылығы туралы аудиотыңдалым Жырау өміріне қатысты қандай маңызды ақпараттарды есте сақтадыңдар? «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша маңызды ақпараттарды жинақтайды, маңыздылығына қарай ретімен орналастырады. Дескриптор 1.Мәтінді мұқият тыңдайды. 2.Жырауға қатысты маңызды ақпараттарды есте сақтайды, жинақтайды. 3. Сөйлеу мәнерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы бағалау «Бағамдау парағы» әдісі
1-топ «Ескертемін» тобы Арайна, билер, арайна, Арайна десем, болғай ма?! Арайнасыз әр қайда Ердің ісі оңғай ма?! Арайна болған Қазтуған, Қайғыланып сонда толғай ма?! Ел қияға қонғай ма? Еділ, Жайық арасы Кеңшілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек Ернімен шырпы шалғай ма?! Бұл қоныста отырып, Біздің мұсылман баласы Жағасы босап тынғай ма?! Еділді қоныс етпеңіз, Жағалай қалмақ алады. Жайықты қоныс етпеңіз, Сыдыра біткен көкжиек, Кәпірлер қала салады. Аштарханды қоныс етпеңіз, Шәһәрін оның алады. Жайықты алса – жанды алар, Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса – ойды алар, Ойлашы, сонда не қалар? Қара мауыты мұшақат Бүтін тоғай жерді алар. Жаз кіреге жақсы деп, Дулығалы нарды алар, Қыс кіреге жақсы деп, Шудасы қалың айырды алар. Сусынына шай алар, Шайнауына май алар. Еділді алса – елді алар, Енді алмаған не қалар?
Тапсырма: 1. Жыр мазмұнына сүйене отырып,топтың атына анықтама береді. 2.Жырдағы жыраудың айтпағын «жалғыз құты» әдісі арқылы анықтайды. Дескриптор 1.Үзінді мазмұны мен идеясын меңгереді. 2.Жыраудың көрегендігін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау «Бағамдау парағы»
2-топ «Мен кіммін?...» тобы Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны, Бұғының ауыр қара мүйізі, Бидайықтың жалғыз соғары, Қашағанның ұзын құрығы, Ақ орданың тіреу сырығы, Айдаса – қойдың көсемі, Сөйлесе – тілдің шешені, Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген, Күз жіберіп, жаз мінген, Жазаласа екі жылда бір мінген, Жолдасын жолай іздеген, Өзіне тиген дұшпанын Қарт бурадай тіздеген – Мен – Қарғабойлы Қазтуған, Қайғыланып асып барамын Ноғайлы-қазақ елімнен!
Тапсырма: 1.Түсініп оқиды, сөздікпен жұмыс жүргізеді. 2. «жалғыз құты» әдісі арқылы жырау бейнесін ашады. 3.Жыр мазмұнына сүйене отырып,топтың атына анықтама береді.
Дескриптор 1.Үзінді мазмұны мен идеясын меңгереді. 2. Көркемдеуіш құралдарды пайдаланып авторға сипаттама береді. Қалыптастырушы бағалау «Бағамдау парағы»
3-топ «Аңсаймын...» тобы Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, Қайран саланың жатқан аңғары-ай, Ақ шалмалы пірлердің Мешітке жаққан шамдары-ай! Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім Аузы түкті кәпірдің Күшті болған салдары-ай! Кәпірден тендік алуға Қайта келер деймісің Мұсылманның баяғы Шыңғыстан туған хандары-ай?! Бұл қоныстан кетпесең, Мұны талақ етпесең, Атаңа нәлет кәпірдің Пайдасына қалмаса игі еді! Ноғайлы, қазақ жұртымның Кейінгі туған балдары-ай! Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! Қонысымнан ауған соң, Кетпегей еді ырысым. Таудағы тарлан бөрі едім, Тарылған сынды тынысым. Кейінгі өскен жас бала, Ақ балтырын түрініп, Басарына ерініп, Көкірегі күйініп, Тек тірлікке сүйініп, Ықтиярсыз жүгіріп, Аузы түкті кәпірдің Етпегей еді жұмысын! Бұл қоныстан кетпесең, Мұны талақ етпесең, Екеу-екеу сөйлесіп, Біздің кейінгі өскен жас бала Аузы түкті кәпірдің Соқпаса екен пайдасын!
Тапсырма: 1.Түсініп оқиды,идеясын меңгереді 2.Жыр жолдарынан жыраудың арманын анықтайды. «жалғыз құты» әдісі бойынша көрсетеді. 3.Жыр мазмұнына сүйене отырып,топтың атына анықтама береді.
Дескриптор 1.Үзінді мазмұны мен идеясын меңгереді. 2. Жыр жолдарынан жыраудың нені аңсағанын анықтайды..
Қалыптастырушы бағалау «Бағамдау парағы» Саралау тапсырмасы С деңгейлі оқушыға: «Авторға хат» жазу тапсырмасы беріледі.(оқушы Қазтуған жыраудың толғауына бүгінгі егемен елдің ұрпақтары атынан жауап хат жазады) А деңгейлі оқушы: жыр мазмұны бойынша замана келбетін сипаттап жазады. (оқушы толғау мазмұны арқылы сол кезеңдегі қоғамдық тұрмыс жайлы айтады) Дескриптор 1.Ой ұтымдылығын,тіл байлығын танытады. 2.Таным-түсінігін,сөйлеу мәнерін көрсетеді. 4-топ «Тұжырымдаймын...» Алынған ақпараттар негізіндесоңғы тұжырым жасайды. «Маңызды аймақ» әдісі бойынша түсіндіреді. Тапсырма: 1.Түсініп оқиды, мұқият тыңдайды. 2.Жыр мазмұны мен идеясына өзіндік пікір мен көзқарасын білдіреді. Дескриптор 1.Үзінді мазмұны мен идеясын меңгереді. 2.Сыни тұрғыдан өзіндік пікір мен көзқарасын білдіреді. Қалыптастырушы бағалау «Бағамдау парағы» әдісі арқылы әр топқа берілген тапсырма негізінде құрылған дескрипторларды ұсына отырып, бағалау парағы беріледі. Топ мүшелері сабақ барысында тапсырманы орындауда ерекшеленген оқушының есімі жазылған тұсқа жұлдызша жапсырып отырады.Сабақ соңында жұлдызы көп топ мүшесі «жұлдызды жан» болып бағаланады.
Топтың аты_______________________
|
Б.Керімбекова Ә.Қуанышбаева Қазақ әдебиеті Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, 31-32-бб. Алматы: «Мектеп» баспасы 4 аудиотыңдалым, Expertmektep kz.сайты
«Жалғыз құты»әдісі
5- слайд (cөздікпен жұмыс)
«Маңызды аймақ» әдісі
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин.
|
«Шығу билеті» арқылы кері байланыс аламын.
Мен үшін ...........қызықты болды Мен үшін ......қиын болды. Менің..........түсінбегенім
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма
|
Қазтуған жыраудың толғауларын ақпарат көздері арқылы тақырыптық топтастыру жасау |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау– Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
||||||||||||||||||||||||||||
А деңгейлі оқушыға: «Авторға хат» жазу тапсырмасы беріледі.(оқушы Қазтуған жыраудың толғауына бүгінгі егемен елдің ұрпақтары атынан жауап хат жазады) С деңгейлі оқушы: жыр мазмұны бойынша замана келбетін сипаттап жазады. (оқушы толғау мазмұны арқылы сол кезеңдегі қоғамдық тұрмыс жайлы айтады)
Дескриптор 1.Ой ұтымдылығын,тіл байлығын танытады. 2.Таным-түсінігін,сөйлеу мәнерін көрсетеді.
|
« Бағамдау парағы» «Кіру билеті» «Уақыт тізбегі» «Жалғыз құты» «Маңызды аймақ» |
Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||
- Сабақ мақсаттары оқу мақсатына сәйкес қойылып,соған сай жұмыстар ұйымдастырылды, - Оқушылар жыраудың қоғамдық,саяси бейнесін,тарихи тұлғасын түсінді. - Сабақ барысына уақыт тиімді пайдаланылды. - Сабақ жоспарға сай жүргізілді. - Сабақта саралау тиімді жүргізілді. - Әріптестердің ұсыныстары ескеріле отырып, сабақты қорытындылау мақсатына арналған тапсырмалар қарастырылды
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: «Кіру билеттерінің түсі арқылы топқа бөліну және билетте көрсетілген тапсырмаға топпен ақылдаса отырып,жауап беру тиімді қолданылды. 2.Топқа берілген атауларды сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сәйкес өздері анықтау ұтымды тәсіл болды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Саралауға арналған тапсырмаларды орындау үшін графикалық органайзердің әр түрлерін қолданса тиімді болар еді... Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Сабақ барысында оқушылар тапсырмаларды толық орындай алды,қиыншылықтар кездеспеді.Оқушылар сабақ басында ұсынылған топ атауларын түсінбегенмен,сабақ ортасында жаңа тақырып негізінде өздері айқындау қызықтырақ болды.Өз жетістіктеріне өздері қанағаттанды. |
||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген