жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы, 7 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер |
Мектеп: Ақпәтер ОЖББМ |
||||||||
Күні: 15.10.19 |
Мұғалімнің аты-жөні: Утегулова К.К |
||||||||
Сынып: 7 Қазақ әдебиеті |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазтуған жырау « Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
|
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Т/Ж Әдеби шығарманың тұжырымдамасы. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, кейіпкердің бейнесін аша алады,үзінді жатқа айтады. |
||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейіпкер бейнесін ашуда ақынның шеберлігіне талдау жасайды. Шығармадан мысалдар келтіре отырып, дәлелдей алады. |
|||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнындағы тарихи оқиғаны бүгінгі өмірмен салыстыра алады,ел тағдыры мен жер тағдыры туралы шығарма желісі бойынша өлең шығарады. |
|||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Жырда көрсетілген жер- су атауларын картадан тауып, сол кезеңдегі қазақ жерінің ахуалына тарихи сипаттама береді. Жалқы есімдер туралы білімдерін кеңейтеді. Монолог деген ұғымды түсінеді. |
||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қоныс, кәпір, шәһәр, қара мауыты мұшақат, кіреге, шалма, кәпір, буыршын |
|||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Жырдың негізгі идеясы не деп ойлайсың? Қазтуған жырау елі үшін қандай еңбек сіңірді? Өлеңнің қандай тәрбиелік мәні бар? |
|||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары 6-құндылық. Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, география |
||||||||
Алдыңғы оқу
|
«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді. 1.Өзіміз білетін Есім хан мен жырдағы Есім ханды салыстыра отырып пікірімізді дәлелдейік. 2. Жиембеттің Есім ханға жыр арнауына себеп болған оқиғаларды анықтап айтайық. 3.Жырдың батырлар жырынан айырмашылығы бар ма, салыстырайық. Бағалау критерийлері: 1. Жиембет жырау жыр арнап отырған Еңсегей бойлы Ер Есім туралы тарихтан біледі. 2. Жыр арнауына себеп болған оқиғаларды анықтап айтады.Ойларын мысалдармен дәлелдей алды. 3. Жырдың басқа жырлардан айырмашылығын біледі, салыстыра алады. Қызығушылықты ояту. Б.Тілеуханның орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім!» туындысын тыңдатып, сыныпқа талқылату арқылы «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауына өту. Бағалау критерийлері: 1.Өз ойын толық жеткізе алады. 2.Дәлелді жауап береді. 3.Тарихпен байланыстыра алады. 4.Өз ата қонысы, туған жерінің тағдыры,болашағы туралы сыни пікір айта алады. ҚБ « Қол шапалақтау» әдісі арқылы |
||||||||
Жоспар |
|||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 3 мин.
|
Сабақтың мақсаты мен критерийлерімен таныстыру.Топқа бөлу Еділ, Жайық, Ойыл өзен аттарымен бөліну,толғауда айтылған жерсу атауларын Қазақстанның картасынан тауып көрсету. |
Бекболат Тілеухан«Қайран менің Еділім!» https://www.youtube.com/watch?v=hgzO7rD9kdI
|
|||||||
Сабақтың ортасы 15 мин.
10 мин
|
Т. «Қабырға газеті» әдісі 1-топ 1-қадам. Жырды оқып болған соң, оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әр түрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.) жанр таңдап (өлең, әңгіме т.б.) өз әсерлерін, пікірлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды. 2-топ Кейіпкер туралы сезімдерін білдіреді, оны кескіндерге жазады. 3-топ Кейіпкер портретін салады. 2-қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді; 3-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді. 4-қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған топтардың пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері: 1. Өз әсерлерін, пікірлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды. 2.Тақырыпты сараптайды және сұрақ қоя алады. 3.Топта тапсырмаларды талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды ҚБ «Бас бармақ» әдісі ЖЖ. «Төрт сөйлем» тәсілі. шығарма тұжырымдамасын жасау.
Төменде берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың деңгейлерін қағаздарға сан жазып қою арқылы анықтап, тапсырма беріледі 1-деңгей Жырды мәнерлеп оқы. Қазтуған жыраудың атақонысымен қоштасуына себеп болған жағдайлар тарихпен байланыстыра отырып талда. 2-деңгей Төменде берілген нақыл сөздер мен мақалмәтелдің мағынасын айтып беріңдер Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын. 2. Ұлтарақтай болса да, Атақонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып–өскен ел қымбат. 3. Зор дұшпаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан. 3- деңгей Жыраулардың қазақ тарихындағы орны қандай? Жырдың мазмұнына сүйеніп кейіпкерге арнау өлеңін жаз.
Бағалау критерийлері :
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы |
А3,маркер, түрлі-түсті қағаздар
А3,маркер 4 сөйлем
|
|||||||
Сабақтың соңы 5 мин.
Саралау Тапсырмаларды жүйелі түрде,деңгейлеп бере отырып, кейіпкер бейнесін ашуға бағыт беріледі. Тарихи шындық пен қазіргі бейбіт өмірді салыстыра отырып, Отанының ,туған жердің қадірін біліп, бағалай білуге қатарластарына ой тастауға қалыптасады.
|
Бағалау «Рефлексия пирамидасы» 1.Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нəрсе 2.Сіз бұған дейін білген үш нəрсе 3.Сіз үйренген төрт нəрсе 4. Еске сақтау керек маңызды бір нəрсе |
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылық- тармен байланыс
|
|||||||
|
|
|
|||||||
|
Кері байланыс “Зерде»
Білім – тақырып бойынша алған ақпараттарым. Эмоция – сабақтағы көңіл күйім. Баға – өз жетістігіме беретін бағам. Сын – өз бойымда нені дамытуым керек? Идея – маған келген жаңа ой |
Тарихымызға қатысты болғандықтан Қазақстан тарихы пәнімен байланысады, АКТ-дан аудио- жазбалар , тапсырмалар ұсынылады.
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген