ҚАЗҰУ - менің мақтанышым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗҰУ - менің мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттік өмір
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚазҰУ – менің мақтанышым.


Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің іргелі әрі бірегей жоғары оқу орны – ҚазҰУ студенттерінің өмірі мазмұнды әрі қарқынды жалғасып өтуде.

Жалпы алғанда, студенттік өмір жарқын сәттерге, түрлі қанық түстерге толы. Менің өмірімдегі студенттік жылдардың алғашқы айлары да маған көп қуаныш әкелді. Студент атанған сәттен сезінген сезімдерім әлі есімнен кетер емес! Топтағы достармен бір-бірімізге тез бауыр басып қалғанымыз есіме келді. Менің бірден көңіліме қонғаны – барлық топтағы студенттер мен магистранттардың жас шамасы бірдей болғаны. ҚазҰУ аумағы (кампус) үлкен болғандықтан, алғашында аудиторияны табу қиындау болғаны да бар.Университеттегі басты мәселе - мектепте оқытылмаған жаңа пәндердің оқытылуы. Студенттер мен магистранттарға қойылатын талаптар да жоғары. Білім беру жүйесі де күрделі. Студенттердің білімі балл жинау арқылы бағаланады, оқытушылар тарапынан студенттерді бағалау деген әділеттілікті сезіндім. Оқытылатын пәндер әр алуан және оқытушы студенттің назарын өз пәніне аударуды мақсат тұтады.

Студенттік өмір - жаңа таныстықтар кезеңі, университет қабырғасында білімді адамдарды кездестіріп жаныңа жақын достарды табуға мүмкіндік мол. Мен де өзімнің өмірлік достарымды таптым деп айта аламын.

Айта кетерлік жайт ҚазҰУ-нің күнтізбесі студенттерге өте ыңғайлы түзілген. Студенттердің сабақ оқуына да, қосымша жұмыс істеуіне де мол мүмкіндіктер бар. Студенттер мен магистранттар бос уақыттарында жұмыс пен оқуды ұштастыратыны белгілі. Бұл болашақты құруға бағытталатыны сөзсіз.

Жастар студенттік шақта өмірді әр қырынан танып, мамандықты игеріп, еңбекке, қарым-қатынасқа қажетті дағдыларды игеретін ең жақсы уақыт. Сонда қатардағы студенттердің арасынан өз ісін жетік білетін мамандар шығады. Студенттік жылдар - бұл әлемді көрудің, жаңа көкжиектерді ашудың, алмасу бағдарламаларының арқасында әлемді саяхаттаудың және соның нәтижесінде мәдени ағартушылық пен шет тілдерін білудің жаңа және құнды мүмкіндігі.

Сонымен қатар студенттік өмір қызық және ешқашан қайталанбайды. Студенттік жылдарды жақсы әрі қызықты өткізу – өз қолымызда екенін ұмытпайық.


Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У.М.Джолдыбаева
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі