400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазыбек би "Кім жақын?Не қымбат?Не қиын?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: «Атадан қалған асыл сөз»

Мектеп:

Сынып: 9 Күні:05.10.

Мұғалімнің аты –жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсініп сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі. Ширату жаттығуы

Топқа бөлу.Оқушылар «жақын», «қымбат», «қиын» сөздері арқылы үш топқа бөлінеді.

І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау


1.Сізге кім жақын?

2.Сіздерге не қымбат?

3.Сіздерге не қиын?

Осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі.


Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

Қалыптастырушы бағалау

ҚБ


Жақсы жауап!




9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы
















ІІ. Мағынаны тану. Мәтінді тыңдату.

Бір адам Қазыбек биге: «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беруді өтініпті. Сонда би оған былай үн қатыпты:

-Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың,
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.

-Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

-Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас, миың.

Қазыбек би

1-тапсырма.Топтық жұмыс.

1- топ Кім жақын? Класстер

Shape1

Кім жақын?








2- топ Не қымбат? ПОПС формуласы

3-топ Не қиын? Балық қаңқасы

Дескриптор:

  • Шығарманың үзіндісін орынды қолдана алады.

ҚБ

2-тапсырма.

Тапсырма: «Әдеби шеңбер»

1-оқушы-талқылаушы

1. Шығармаға қатысты 3-4 сұрақ құрастырады.

2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.

2-оқушы-белгілеуші

1. «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шешендігіндегі сюжеттік желіні анықтайды.

2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және оларды талқылайды.

3-оқушы-байланыстырушы

1. «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады. Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады.

2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.

4-оқушы-қорытындылаушы

1«Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шығармасының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды.

2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады.

(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)

Дескриптор:

  • Шығармаға қатысты 3-4 сұрақ құрастырады;

  • сюжеттік желіні анықтайды;

  • автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады;

  • шығармасының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды;

ҚБ

Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шешендігімен танысады.




























Топтық жұмыс орындайды.

1-топ. Класстер құрастырады.






2-топ. ПОПС формуласы бойынша ойларын дәлелдейді.





3-топ. Балық қаңқасы бойынша ойларын дәлелдейді.


Шығарманың үзіндісін орынды қолдана алады.





«Әдеби шеңбер» әдісімен шығармаға қатысты 3-4 сұрақ құрастырады;

сюжеттік желіні анықтайды;

автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады;

шығармасының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайдыоқиғаларға қатысты сурет салады;

ойларын қорғайды.
























































Қалыптастырушы бағалау

ҚБ



Жақсы жауап!





























Қалыптастырушы бағалау

ҚБ



Жақсы жауап!








Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»












Сабақтың соңы


Рефлексия

1.Бүгін не үйрендіңдер?

2.Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

3.Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?


Үй тапсырмасы

Қаз дауысты Қазыбек би өмір жолынан ізденіс.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
29.10.2023
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі