жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қимыл қоғалыс ойындарының ережелері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ОҚУШЫЛАРМЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТАНДЫРУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
ОҚУШЫЛАРМЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТАНДЫРУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Кереку
2010
УДК 372.8796(07)
ББК 74.267.5я7
О52
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің дене шынықтыру және
спорт кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшы:
педагогика ғылымдарының докторы, ПМПИ доценті Ж.А. Усин
Құрастырушылар: В.Ю. Акулова, Е.А. Фербер, А.Ж. Куватов,
О52 Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі : 050108 "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенттеріне тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық / құраст. В.Ю. Акулова, Е.А. Фербер, А.Ж. Куватов – Павлодар : Кереку, 2010. – 100 б.
Қазіргі уақытта оқу үрдісінде студенттердің өздік жұмыстарына арналған (СӨЖ және ОСӨЖ) оқу материалының үлкен көлемі бөлінген, қайсысы пәннің әдістемелік қамтамасыздығын сұрайды.
«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқаулық дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламаларына сәйкес және өзіне оқушылардың белсенді демалысын өткізуі және ұйымдастыруы кезінде дене шынықтыру құралдарын қолдануы бойынша ұсыныстарын кіргізеді.
Әдістемелік нұсқаулықтың материалдарын оқушылардың оқу күнтізбесіне ұсынуға болады және де ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандықтардың студенттері мен мұғалімдері өздік сабақтары кезінде қолдана алады.
УДК 372.8796(07)
ББК 74.267.5я7
© Акулова В.Ю., Фербер Е.А., Куватов А.Ж. 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Кіріспе
Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.
Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.
Болашақ ұстазға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология- педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.
-
Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік
жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.
-
Екіншіден, оқушылармен дене тәорбиесі және спорт
тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады.
Мектептің барлық педагогикалық ұжымы оқушылардың дене
мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.
Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр ұстаздың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады.Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.
-
Сабақ алдында жүргізілетін гимеастика
Дене сауықтыру жұмысының негізгі бөлігі күнделікті мектеп күнінде сабақ алдында гимнастика жүргізу болып табылады.Оқу күнінің басталуы алдында ұйымшылдық қасиеттерді дамыту негізгі мақсаттың бірі болып отыр. Осыған байланысты сабақ басталмай жатып гимнастиканы жүргізсе, онда оқушылардың күнделікті дене тәрбиесінмен айналасуға құлшыныстары артып, сабақ алдында гимнастика жүргізу әдет болып қалыптасып кетеді. Сонымен қатар мұндай гимнастика көптеген сауықтыру қызметтерін атқарады.Мысалы ағзадағы айналым үрдісінің белсенділігі артады, буын жүйесі қатайып, көңіл күйлері жақсарады. Оқушылардың еңбекке деген және сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Гимнастиканы таза ауада жасау ағзаны нығайтып, тұмау ауруларына қарсы ағзаның күресуіне әкеп соғады.
Егер де гимнастика таза ауада жүргізілетін болса, онда оқушыларды біраз жүгіртіп, спорттық ойындар өткізуге болады. Гимнастиканың сабақ алдында жүргізілуінің ең басты бөлігі дене жаттығулары болып табылады. Олар өз кезегінде буын тобына арналып бағытталады. Әр комплекске 5-7 жаттығу жатады.
Комплексті бастаған және аяқтаған кезде орында жүру жаттығуын орындау қажет. Жаттығулардың барлығы дене тәрбиесі сабағында көрсетіледі.Жаттығулардың алмасуын аптасына бір реттен кем емес орындау керек.
-
Дене тәрбиесі минутасы
Ғалымдардың пікірінше, оқушылардың сабаққа назар аудару белсенділігінің жалғасуы әр түрлі болады. Мысалы, бірінші сынып оқушыларының назар аудару белсенділігі 15-20 минутқа созылады. Ал жоғары сынып оқушыларында 20-25 минутқа дейін жалғасын табады. Сабақ кезінде оқушылардың мына дене мүшелеріне салмақ түседі. Олар көз, есту қабілеті, дене буындары, қол буындары, қан айналу үрдісі қиынға соғаы, әсіресе жамбас бөлігі көп зардап шегеді.
Шаршаудың ең бастапқы кезеңінде оқушылар тынымсыз болып, басқа жаққа көңіл аудара береді. Сабақ кезінде сөйлесіп, тұрған орынын ауыстырып, оқытушы сөздеріне аса назар аудара қоймайды. Бұл әлбетте оқушылардың өзін өзі сақтау реакциясы болып табылады. Осындай жағдайда ұстазға оқушылардың атынан белгі беріледі, яғни мұндай әрекеттер оқушылардың аса қатты шаршағанының белгісі болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен оқушылардың тынымсыздық деңгейін азайту үшін басқа спорт түріне немесе ұйымдасқан жағдайда дене тәрбиесі минутында дене жаттығуларын жасау аса маңыздырақ болады.
Дене тәрбиесі минутасы сыныпта педагогтың немесе дене тәрбиесі мұғалімінің бақылауында жүргізіледі. Бұндай жаттығулар 1-2 минуттан аспауы тиіс. Осындай дене тәрбиесі минутасын оқушылардың сабақ кезінде шаршау белгілері көрінсе, онда оқушылардың назары төмендеп, белсенділігі жойылған уақытта жүргізген абзал.Сабақты жүргізіп жатқан ұстаз дене тәрбиесі минутасын қашан өткізгісі келсе өз еркі болады. Мамандар дене тәрбиесі минутасын, әсіресе бастауыш сыныптарда барлық сабақтарында өткізу керек деген ақыл – кеңес ұсынады. Сабақ қызметінің түріне байланысты оқушылар жаттығуларды тұрып орындау керек.
Дене тәрбиесі минутасында жүргізілетін комплексті жаттығулар 3-5 жаттығудан құралып, 4-6 рет қайталанады. Комплекске жеңіл, жай, қозғалыстың қиын координациясын қыжет етпейтін жаттығулар кіреді. Бұндай жаттығулар көбінесе буын мүшелеріне бағытталуы керек.Негізінен оқушы отырған қалыпта жұмыс істемейтін буындарға жаттығу жасату аса маңызды. Дене тәрбиесі минутасына еңкею, жартылай еңкею, отыру, жартылай отыру, қолды қозғалту, керілу сияқты жаттығулар кіреді.
3 Қозғалыстағы қоңырау
Қозғалыстағы қоңыру кезінде оқушылардың белсенді демалуын ұйымдастыратын жалпы басқарма дирекциясы қабылдап, тәрбие жөніндегі меңгеруші іске асырады. Меңгеруші сабақ режимінің атқарылуын бақылап, ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесіп, белгілі бір бөлмеде қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілу кестесін құрастырады.
Қоңыру кезінде ойындардың тұрақты жүргізіліп тұруына жауапты сынып жетекшілері болады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақтан тыс жұмыстармен айналысатын меңгерушімен бірлесіп, әр сыныпқа қозғалыстағы қоңырау кестесін құрастырады. Педкеңесте айына бір рет қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілуі мен ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалады.
Оқушылардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай ұстаз қарсы болмаған. Сондықтан мектеп ауласында арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек. Ол өз кезегінде ауданы 20х 35 м, ұзындығы 16-20 метр болып, еніне белгі қою қажет.Мұнда қоңырау кезінде жиі қолданылатын жаттығулар, ойынджар жүргізіледі.
Қозғалыстағы қоңырауды ұйымдастырған кезде мектеп кеңсесінде жаттығулар спорт залдарында өткізіледі.Оқушыларды тез арада ұйымдастыру үшін қозғалыстағы қоңырауда неше түрлі ойындар ждүргізуге болады. Мысалы гимнастикалық орындықтан, обруч арасынан өту ойынын өткіземіз. Бұндай жаттығулар негізгі ойынды бастар алдында дайындық ретінде жүргізіледі. Оқушыларды санақ бойынша, капитанды өз таңдаулары бойынша топ- топқа бөліп, ойынды бастаймыз. Уақытты көп жоғалтпау үішн туларды, ленталарды, доптарды қолдануға болады.
3-4 сыныптарда топ- топқа бөлу үрдісі 2-3 капитанды таңдаумен жеңілденеді. Ал капитандар өз кезегінде ойыншыларды таңдау құқығына ие болады. Қозғалыстағы қоңыруды жүргізу сынып оқушылармен тәрбиелік жұмысты өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қоңырау кезінде оқушыларға ойынның шарты түсіндіріліп, ойынға қойылатын талаптар айтылады.
Осындай жағдайда ғана оқушыларға моральды және бостандық қырларына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ойынды бастамас бұрын мұғалім ойынның атын және ойын шарты мен талаптарын түсіндіреді. Бұндай еске түсірулер қысқа және ұғынықты болу керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ойынды тез бастап кеткісі келеді.Қозғалыстағы қоңырау кезінде оқушыларға мәлім, не болмаса жеңіл ойындарды жүргізу тиімді. Егер де жаңа ойын, оқушылар білмейтін ойын ойналатын болса, ұстаз ойын шартын түсіндіргеннен кейін, қалай ойнау керектігін көрсетеді. Содан кейін ғана ойын өз шарты борйынша өткізіледі.
Оқушыларға салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі: басында салмақ түсіру ақырындап жүргізіледі, қоңыраудың ортасында негізгі тапсырма беріліп, кейін салмақ азайтылады. Қоңырау соңында назар аудару ойындарына көп көңіл бөлу керек.
Апта бойы салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі. Аптаның басында жылдамдыққа назар аударылады, аптаның ортасында жылдамдық- күшке, аптаның аяғында беріктілікке көп көңіл бөлінеді. Әр қоңыруда негізні тапсырма, дайындық және қорытынды тапсырмалар өткізіледі.
Қозғалыстағы ойындарды ұйымдастыған кезде дене салмағына бақылау жүргізіліп, оқушының ойлау қабілетіне қандай әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Қозғалыстағы қоңырау кезінде дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының мазмұны мынаған сәйкес келеді: әр оүрлі жылдамдықта жүгіру, секіру, керілу, гимнастикалық таяқшалармен жаттығулар орындау т.б. Осы жаттығулар қозғалыстағы ойындарда, сондай- ақ қоңырау басында және аяғында қолдануға болады. Дегенмен ұйымдастырылған қоңырудың негізгі мазмұны- қозғалыстағы ойындар болып табылады. Жаттығуларды орындаған кезде оқушыларда сүйікті ойындары айқындалады. Оларды күнделікті қолдануға болады. Дгенмен оқушыларға қазіргі таңда аса керекті ойындар ұсынылады. Оқушыларға ойындарды ұсынған кезде бұйыру сөздері қолданылмауы керек. Оқушылардың қызығушылығына сәйкес, сөйлесу формасын ұстанған жөн.
4 Сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары.
Дене сауықытру, шынықтыру жұмыстарында негізгі оырнды қоңырау кезінде қолданылатын қозғалыс ойындары алады.
Сабақ кезінде және қоңыруда қолданылатын қозғалыс ойындарды жиі қолданған кезде, оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудырып, барлық ағзасына әсер етеді. Сабақ кезінде жаңа тақырыпты терең меңгеруге де ықпалын тигізеді. Сонымен қатар жақсы ұйымдастырылған сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары оқушылардың гиподинамияға қарсы ағзаның күресуі үетіле түседі. Гигиеналық нормаларға сай келетін, температура жағдайы қалыпты ашық таза ауада үлкен қоңырауда қозғалыс ойындарын жүргізу тиімді.
Оқушылардың психика- физиологиялық және жас мөлшеріне қарай белсенді демалысты ұйымдастырған кезде жалпы принциптерге жүгіну керек. Мұнда айқындалған талаптарға сай ойындарды жүргізу қажет. Дне шынықтыру сабақтарында бекіткен бағдарламаға сәйкес және оқушылардың жас сөлшерін ескере отырып қозғалыс ойындарын, спорттықойындардың элементін, кіші спорттық инвентарды қолдана отырып, жаттығуларды орындауға болады.
4-6 сынып оқушылары басқа кіші сыныптардан қарағанда жауапты келеді. Бұл сыныптарда оқушылар арасында шешімін өздері табуға тура келетін ойында аса қызығушылықты тудырады. Дгенмен мұғалім оларға ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі. Керек жағдайда әділ- қазының рөлінде болады. 4 сыныптан бастап ұлдар және қыздар арасында қозғалыс ойындары өзгеріп, әртүрлі түрге ие болады. Мұнда ұлдарға және қыздарға арналған бөлек оойындарды өткізу керек. Қозғалыс лойындарын барлық сабақтарда қолдануға болады. Ойындар негізінен сабақтың басы мен аяғында жүргізіледі.4-6сыныптарда бұрын қолданған көптеген ойындар өткізіледі. Мұнда әр түрлі жылдамдықтар іске асырылады және қиындықтар күрделене түседі. 1-3 сыныптарға қарағанда 4-6 сыныптарда ойындардың уақыты ұзақтау болады. Оқушылар ұжымдасып ойнауға үйренеді. Мұнда көбінесе топтық ойындар қолданылады. Орта жастағы оқушылар жарыстарға көп қатысады.Қозғадысы жылдам, секіру орйындарын жүргізуге көп мамандар ұсынады. Физикалық қабілеттерінің күшеюіне байланысты оқушыларға күшті қолдану үшін ойында өткізіледі. Ондай ойындардың уақыты аз болады. Ал мұғалім қарсылыстардың барлық қозғалыстарын бақылап тұрады. Оқушылардың жылдамдығын дамыту үшін лоар қозғалыста болу керек.Оқушыларды шаршатпау үшін ойындарды 15минуттан артық жүргізбеу керек. 4-6 сыныптарда топтық ойындарда рөлдерді дифференциялауға болады.Оқушылар спортқа, спорттық ойындарға көп қызығушылық білдіреді. Сондықтан көптеген қозғалыстағы ойындарға әр түрлі спорттүріне жататын ойынның элементі қолдангылады.
Кейбір ойындарда бағдарлама бекіткендей алғы рөлдерді ойынның басын да аяғын да бір кісі орындауы керек. Осындай ойындарға белсенді, дайындығы мол оқушыларды қатыстыру керек. Осындай оқушыларды таңдаған кезде сыныптастарының пікірін де білу қажет. Себебі өз сыныптасының қабілеті қандай деңгейде екенін біледі. Оқытушы алғы рөлдегі ойыншыға тән қасиеттерді айтып, сол ойыншыны таңдайды. Басқа да таңдау жұмыстарын жүргізуге болады.Қозғалыстағы ойындарда топтық ойындар негізгі орынды алады. Сондықтан оқушыларға топпен жұмыс істеуге үйрету керек. Осыған орай оқушылар эстафета кезінде, жарыстарды шыдамсыз болғандықтан, оларды бір топқа 8-10 адамнан бөлу керек. 4-6 сынып оқушыларында қозғалыс ойындарына ққызығушылығы арта түседі. Оларды ойын нәтижесі емес, оының сапасы толғандырады.
Шаңғымен тебу, жүру, атлетика, гимнастика кезінде дене шынықтыру мұғалімі олардың қозғалысына қатаң талап қойып, бақылап жүреді. Ойын кезінде экономды түрде, тез жылдамдықпен ойнау үшін қозғалыстағы ойындарды қайталай берген кезде жақсы нәтижеге жетуге болады.
Бұл жастағы оқушылар өздерінің сыныптастарымен ақылдасқанды жөн көреді және кейде үлкендермен салыстырғанды олармен көбінде тіл табысып жатады. Сол себепті ұстазға кейбір жағдайларда ұжым арқылы жеке ойыншыға ықпал жасау керек.
Ұжымдылық тәрбиесіне қажырлылық пен жауапкершілік сезімін ояту үшін, септігін тигізетін сыныптастарға көмек келтіретін ойындар жақсы.
Кейбір ойындарға баскетбол белгілеріне ұқсас допты меңгеретін техника элементтері енгізіледі. Олардың орындалуына көңіл аудару қажет, құралған стеротипті қайта құрастыру қиын болғандықтан, дұрыс дағдыға үйрету керек.
Әрекеттегі келісушілікті тәрбиелеу үшін оқушыларды ойнату қажет, себебі, ойын үстінде серіктесінің әрекеттерімен санаса отырып, қарсыласының ойын үстіндегі ой жоспарын болжап шешуге мүмкіндік алады.
Кейде, таныс ойын алдын ала шынықтыру ойынында қолданылады.(сыныптағы бақылау жұмыстарынан кейін, ақырғы сабақтарда оқушылар шаршаған тұста немесе назары шашыраңқы болған уақытта)
Кейбір жағдайларда аз қозғалысты ойындар сабақтардың соңында, оқушыларды мазасыз күйге түсіру үшін және олардың назарын жүйелендіру үшін өткізіледі.
4-6 сынып оқушыларының арасында қозғалыс ойындарын жүргізгенде кезде кедесідей тапсырмалар шешіледі: ойын ережесінде гимнастикалық, жеңіл атлетикалық қозғалыстар, шаңғымен жүру белгілерін бекіту және дамыту; жылдамдықты арттыру; үлкен және кішкене доптарды лақтыру мен қағып алу дағдыларын ары қарай жетілдіру; күштің жылдамдықпен және ептілікпен дамуы, сондай-ақ әрекеттегі келісім; өзара көмекке баулу, шығармашылық қарқындылық, уақыт және кеңістік аралығында дұрыс тоқтамға келе алу.
5. Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).
Ойынның формасы оның мазмұны мен шарттылығына байланысты.
Әдістемелік ерекшеліктері оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:
а) бейнелілік;
б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің өзіндік мақсаты;
в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;
г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;
д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;
е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;
ж) ойындағы «текетірестерді» шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.
Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі, ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері, сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің өзіндік қатынасы). Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.
Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді. Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.
6. 1-3 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары
6.1. Жеңіл қарқындылық.
«ҮКІ»
Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.
Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.
Ереже.
-
«Үкі» ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады. «Үкі» байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте алады.
-
Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа «Үкі» тағайындалғанға шейін ұяда отырады.
-
Ұстаздың «Күн!» белгісі бойынша «Үкі» міндетті түрде ұясына ұшып кетуі керек.
«ЕМЕН ЖАҢҒАҒЫ, ІСІК, ЖАҢҒАҚ»
Дайындық... Ойыншылар үштен бөлінеді. Біріншілер – «Емен жаңғағы», екіншілері – «Ісіктер», үшіншілері – «Жаңғақтар». Бір ойын басқарушы.
Бейнелеу.Әрбір үштік: «Емен жаңғағы», «Ісіктер», «Жаңғақтар» шеңбер түзе қолдарын ұстайды. Ойын басқарушы ойын алаңының ортасында тұрады. Ұстаз «Емен жаңғағы» дегенде «Емен жаңғағы» аталған барлық ойыншылар, орындарымен ауысуы қажет, бұл уақытта ойын басқарушы қандай да бір босатылған орынды алуға талпынады. «Ісіктер» мен «Жаңғақтар» орындарымен ауысады. Сол уақытта барлық ойыншылар орындарымен ауысулары қажет.
Ереже.
-
Ойынды тек ұстаздың белгісімен бастау керек.
-
Әр ойыншы жүргізуші орынында болуы шарт.
«ҒАРЫШКЕРЛЕР»
Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.
Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді.Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.
Ереже.
-
Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.
-
«Кешіккенге орын жоқ» сөзі айтылысымен жүгіру керек.
«БІЗ КӨҢІЛДІ БАЛАЛАРМЫЗ»
Дайындық. Ойынның қарама-қарсы жақтарында немесе залда 15-20м аралықта екі «үй» бірінен бірі сызықтар арқылы ажыратылады. Үйлермен қоса ойын алаңында ойын басқарушы тұрады. Басқа ойыншылар ойын алаңының бір жағында, үй сызықтарының артында болады.
Егер ойын үлкен алаңда ойнатылса, оның жақтарын шектеу қажет, ал, сызықтарды 8010м аралықта сызу керек.
Бейнелеу Ойын басқарушы, ойыншыларға ортасында тұрып, «Бір,екі,үш!» деп қатты айтуы керек. Барлық ойыншылар хормен:
«Біз-көңілді балалар, жүгіру мен ойнауды ұнатамыз. Бізге жете алсаң жетіп ал!»
Бұдан кейін барлық балалар қарсы жақтағы үйлердің сызықтарына дейін жүгіріп барады. Ойын басқарушы жүгіргендерді ұстап алады. Барлық балалар жүгіріп келгеннен соң, ойын басқарушы тағы «Бір,екі,үш!» деп тағы да санайды, ал барлығы, төрт жолды өлең айтып, бірінші үйге жүгіреді. Ұсталғандар тағы да шеттетіледі. 2-3 айналып жүгіргеннен кейін ұсталғандар, ұсталмағандардан жаңа ойын басқарушыны таңдайды, ал ұсталғандар ойынға қайта енеді және ойын басынан басталады.
Ойын 3-4 рет өткізіледі, осыдан кейін бірде бір рет ұсталмаған балалар мен көп балалар ұстаған үздік ойын басқарушы белгіленеді.
Ереже.
-
Тек «Бізді қуып жету» сөзінен кейін ғана басқа жаққа жүгіруге болады.
-
Үй сызығынан жүгіріп шығып, қайта оралуға болмайды; осы әрекетпен ойнаған ойыншы ұсталған болып саналады.
-
Ұстап алу- яғни ойыншыға қол тигізу.
-
Ойын басқарушы үй сызығына дейін жеткен ойыншыны ұстай алады, ал, сызықтан шеттетілген ойыншыны ұсталған деп санамайды.
«ОРЫНДАРҒА ТЕЗ»
Дайындық. Барлық ойыншылар бір немесе екі бағандарға бір-бірден сапқа тұрады жәнеқолдарын алға созады, алдында тұрғандардың иығын қолының ұшымен сәл түртеді.
Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша: «Қашыңдар!» дегенде барлық ойыншылар жан-жаққа қашады. Екінші бұйрықта: «Орындарына тез!»
Барлығы алдыңғы негізгі жағдайға қайта тұрып, алда тұрғанның иығына қолдарын қоюы керек. Кім соңғы орын алса, сол ұтылады. Егер екі бағана ойнаса, онда ертерек реттеліп тұрған топ ұтады.
Реттелу құрылысы әр түрлі бола алады: екі сап бетерімен қарама-қарсы, екі шеңбер, серіктердің иықтарына қолдарын қою.
Ереже.1. Тек қана анықталған белгімен ғана ойынды бастау.
2. Тек қана басқарушының командасымен жүгіру.
3. Бағанаға жылдам реттелу керек, бірақ әңгімесіз және шусыз.
«Тиым салынған қозғалыс»
Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады.
Бейнелеу Оқытушы ойнаушылармен бірге шеңберге тұрады және оларға барлық қозғалысты орындауды ұсынады, бірақ олар алдын ала анықталған «тиым салынған» қозғалысты орындамауы қажет. Кім жаңылады және «тиым салынған» қозғалысты орындайды, ол айып пұл ұпай алады.
Содан соң ойын қайта жүре береді.
Ойын аяқталысымен қателік істемегендер мен ең ықыласты емес қатысушылар белгіленеді.
Ереже: 1. Ойнаушылар «тиым салынған» қозғалыстан басқасының барлығын орындауы міндетті.
2. Айып пұл ұпай алғандар ойынды жалғастырады.
«Пішіндер»
Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқа ойыншылар алаң бойынша жүгіреді және кім не қалайды соны ойнайды. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы алаң жағының біреуінде орналасады.
Бейнелеу Жүргізетін ойыншының бірінші белгісімен ойнаушылар тоқтатылады және олардың әрбірі қандай болмасын дене тұрысын қабылдайды. Екінші белгі жалауды қағуымен алаңға ойынды бастап жүргізетін ойыншы шығады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы қозғалған ойыншы көріп қалып оны қолмен тиеді. Осыдан кейін «Ойнандар!» деген үшінші белгі беріледі. Барлығы жаңадан жүгіреді.
Ойынды бастап жүргізген ойыншы қолмен тигізген ойыншы ойынды бастап жүргізеді, бұрынғы ойынды бастап жүргізген ойыншы бәрімен қайта бірдей ойнайды.
Ереже: 1. Ойынды бастап жүргізген ойыншы бір ойыншыны қайта-қайта бақылап тұруға құқығы жоқ.
-
Қабылданған дене тұрыстарын алмастыруға болмайды.
«Ортаңғыға доп»
Дайындық. Ойнаушылар 3-4 командаға бөлінеді. Әрбір топойыншылары қолдарың жан-жағына керілген ара қашықтықта шеңберге тұрады. Шеңберлердің сызықтары сызықпен белгіленеді. Әрбір шеңбер ортасына волейбол добымен ойынды бастап жүргізуші ойыншы кіреді.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен ойынды бастап жүргізетін ойыншы ойыншылардың біреуіне допты тастайды, ол ойынды бастап жүргізген ойыншыға қайтарып береді. Дәл осылай әрбір ойынды бастап жүргізген ойыншы өзінің шеңбердегі барлық ойыншыларға бреді. Ойынды бастап жүргізген ойыншы соңғы ойыншыдан допты алып, допты жоғары көтереді. Қай команда ойыншылары допты асыра лақтыруды ертерек аяқтаса, сол ұтады.
Ереже: 1. Оқытушының белгісімен ойынды бастау.
2. Ойынды қайта ойнаған жағдайда ойынды бастап жүргізетін ойыншы болып басқа ойыншы тағайындалады.
«Дауыс арқылы біл»
Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады. Бір ойыншы шеңбердің ортасына тұрады және көзін жабады (көзді ормалмен не мойын орағышпен байлауға болады).
Бейнелеу Барлық ойнаушылар шеңбер бойымен жүреді, ортасында көзі жабылған ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.
Ойыншылар басқарушының артынан шеңбер бойымен жүреді, оның қозғалыстарын қайталап, содан кейін тоқтайды және былай деп айтады: «Біз аздап ойнадық, ал қазір біз шеңберге тұрдық, сен жұмбақты тап, кім сені шақырды, біл!» Басқарушы бір ойнаушыларды үнсіз көрсетеді, ол айқайлайды: «біл, мен кім!».
Ойынды бастап жүргізген ойыншы оны дауысы арқылы білуі қажет. Егер ол таңыса, таңылған ойыншы ойынды жүргізуші болады, егер қателесе, онда ойын қайта басынан басталады.
Ереже. 1. «Біл, мен кім!» деген сөзді тек басқарушы көрсеткен бір ойыншы ғана айтады.
2. Ойынды бастап жүргізген ойыншы айтып жатқан ойыншы айтып болғанша көзін ашуға құқығы жоқ.
«Нысанға мерген»
Дайындық. Алаң ортасына сызық сызылады, бойлай 10 күрзілер қойылады.
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді және бір саппен бірінін артынан бірі күрзілерге бетпен алаңның бір жағында тұрады. Алда тұрған саптың ойыншылары кішкентай доптарды алады.
Сап алдында мәре сызығы сызылады.
Бейнелеу Ойыншының анықталған белгісімен бірінші саптың ойыншылары күрзілерге доптарды лақтырады, оларды ұшырып түсіруге талпынады. Ұшырып түсірілген күрзілер саналады және қайта орнына қойылады. Допты лақтыратын балалар жүгіріп оларды алады және келесі команда ойыншыларына береді, ал өздері олардың артында сапқа тұрады.
Оқытушының белгісімен екінші саптың қатысушылары тағы да солай күрзілерге доптарын лақтырады. Тағы да ұшырып түсірілген күрзілер саналады. Дәл осылай 2-4 рет ойналады.
Бірнеше рет көбірек күрзілерді ұшырып түсірген команда жеңеді.
Ереже. 1. Допты тек басқарушы белгісімен ғана лақтыруға болады.
2. Лақтыру барысында мәре сызығынан шығуға болмайды. Сызықтан атап өткен лақтыру саналмайды.
6.2 Орта күшейте түскендікті
«Сүрлеу жол»
Дайындық. Ойнаушылар 8-10 адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ қолдарын алып шеңберді құрайды.
Бейнелеу Ойын шеңбер арқылы оң жаққа жүгірумен басталады. «Сүрлеу жол» белгісімен әрбір шеңбердің ойыншылары бағанға реттеліп және отырулары кажет. Басқарушы «төмпешік» белгісін бергенде, әрбір шеңбер 2 шағын топқа бөлінеді, ойыншылар қолдарын қосады және жоғары көтереді. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін ойын ойнаушылардың шеңбермен оңға жүгірістерімен ойналады.
Ереже. 1. Басқарушы әрдайым қай топ тапсырманы дұрыс орындайтынын белгілейді де оған ұтымды ұпай есептейді.
2. Ұтымды ұпай жинаған ойыншылар командасы жеңеді.
«Аюдың қылқанды орманында»
Дайындық. Барлық ойнаушылар алаңның бір жағында орналасады. Қарама-қарсы жақта сызық сызылады - «орман жұрындауы». Сызықтан 2-3 қадамнан кейін «аю апаны» орналасады.
Бейнелеу Ойнаушылар «аю апанына» жақын келеді және жидектерді және саңырауқұлақтарды жинауды еліктеп қозғала бастайды, барлығы бірге үкім етеді: «аюдың қылқанды орманында жидек саңырауқұлақтары аламын, ал аю отыр және бізге ырылдайды». Балалар соңғы сөздерін айтқанда, «аю» апанан ырылдап ұтып шығып біреуді ұстап алуға тырысады.
Ереже. 1. Ұсталған ойыншыны апанға апарады. Ойын 3-5 ойыншы ұсталғаннан кейін аяқталады.
2. «Аю» келбетінде кез келген ойыншы бола алады.
«Торғайлар»
Дайындық. 4-6 диаметрлі шеңбер сызылады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы шеңбердің ортасында тұратын немесе отыратын «мысық» тағайындалады. Қалған ойыншылар «торғайлар» шеңбердің сыртында болады.
Бейнелеу Басқарушының белгісімен «торғайлар» шеңберге секіріп кіреді және шеңберден секіріп шығады. «Мысық» шеңберден секіріп шыға алмаған торғайды ұстап алуға тырысады. Ұсталған шеңберде ортасында отырады немесе сәл отырады. Мысық 3-4 «торғай» ұсталғаннан кейін ұсталмағандардан жаңа «мысық» таңдалады. «Мысықпен» ұсталған «торғайлар» қайта ойынға қосылады. Ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді. Сонымен қатар тез белгіленген «торғай» санын ұстаған «мысық» та белгіленеді.
Ереже. 1. «Мысық» «торғайларды» тек шеңберде ғана ұстауы мүмкін.
2. «Торғайлар» тек бір не екі аяқпен ғана секіреді. Кім шеңбер арқылы жүгіріп өтсе, ол ұсталған болып саналады да шеңбер ортасына «мысыққа» барады.
3. Ұсталған «торғай» болып саналады, егер «мысық» оны қолымен тисе, ол шеңберде бір аяқпен болған жайдайда да.
«Қояндар бау-бақшада»
Дайындық. Екі сызық сызылады: 6-8м сыртқы диаметрі, 3-4м ішкі (біреуі біреуінде). Ойынды бастаушы – «күзетші» кіші шеңбер «бау-бақшаға» тұрады. Қалған ойыншылар «қояндар» үлкен шеңбер сыртында орналасады.
Бейнелеу Белгі берілгенен кейін «қояндар» бір не екі аяқпен секіріп «бау-бақшаға» кіші шеңберге кіруге талпынады. «Күзетші» үлкен шеңбер сыртына шықпай, «қояндарды» ұстауға, яғни қолымен тиуге талпынады. Ұсталған «қояндар» шетке шығады.
3-5 «қоян» ұсталғанан кейін жаңа «күзетші» тағайындалады және ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді.
Ереже. 1. «Күзетші» «қояндарды» бау-бақшада да, үлкен шеңберде де ұстауы мүмкін.
2. Ұсталған «қояндар» ойынға қосылмайды, қайта жаңа «күзетші» тағайындалмағанша.
«Доптардың бастың үстімен берілуі»
Дайындық. Ойыншылар бірнеше топтарға бөлінеді және бір-бірден бірі-біріне параллельді бағанға реттеледі. Бағанадағы ойыншылар қолдарын жан-жаққа керілген арақашықтықта орналасады. Алда тұрған бағаналардың доппен.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен алда тұрған ойыншылар бастарының үстімен арта тұрған ойыншыларға береді. Олар да осы тәсіл арқылы допты арта тұрғандарға бағана біткенше береді.
Әрдайым бағанадағы соңғы ойыншы допты алғаннан кейін өз бағанасының сол жағымен жүгіріп, бірінші болып тұрады да допты басының үстімен артқа береді. Ойынды бастаған бірінші ойыншы бағанның өзінің алдыңғы орнына келгенше ойын жалғаса береді. Өз орнына келгесін, ол допты жоғары көтеруі қажет.
Бірінші болып жеткен команда жеңеді және ұтымды ұпай алады.
Ереже. 1. Допты тек өзінің көрші тұрған ойыншыға ғана беруге болады. Допты бірнеше ойыншылар үстінен лақтыруға тыйым салынады.
2. Допты құлатып алған ойыншы өзі допты көтеріп, орына тұрып және допты артында тұрған ойыншыға беруі қажет.
3. Әрдайым ең соңғы ойыншы бірінші орынға жүгіріп келгесін, барлық баған артқа жарты қадамға жылжуы керек.
4. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.
«Бос орын»
Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқалары бір-бірінен жарты қадамнан көп емес арақашықтықта шеңберге тұрады және қолдарын арқларына салады. Ойынды бастаушы шеңбер сыртыңда болады.
Бейнелеу Ойынды бастаушы шеңбер бойымен жүгіреді, ойнаушылардың біреу тиеді және осыдан кейін шеңбер бойымен басқа жаққа жүгіреді. Тиген ойыншы қарама-қарсы жаққа жүгіріп, өз орына тез жетуге талпынады. Ойыншылар жолда кездесіп, амандасады: бір-біріне қолдарын береді, бір-бірлерінің алдарында отырады және т.с.с. Бос орынды ала алмаған ойыншы ойынды бастап жүргізеді.
Ереже. 1. Ойынды бастаушы ойыншының қолынан тиісуі қажет, оны жүгіру жарысына шақыру.
2. Ойыншылар шеңберді бойлап жүгіргенде оларға ешкім кедергі тигізбеуі керек.
3. Ойыншылар кездескенде міндетті түрде тапсырманы орындаулары қажет, кім тапсырманы орындамаса, сол ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.
«Екі аяз»
Дайындық. Қарама-қарсы алаң жақтарында 10-20м арақашықтықтағы екі «үй» сызылады. Біреуінде барлық ойыншылар болады, тек екі «аяздан» басқлары, олар ортада тұрады.
Бейнелеу Аяздар сөйлейді: «Біз екі жас ағайындылармыз, ер жүректі екі аяз». Біреуі сөйлейді: «Мен аяз – қызыл мұрынды». Екіншісі: «Мен аяз – көк мұрынды». Және бірге: «Қайсыларының біреулерін жолға шығуға шешім қабылдайды?». Балалар барлығы бірге жауап береді: «Біз қорқытулардан қорықпаймыз және бізге аяз қорқынышты емес!».
Осыдан кейін ойнаушылар қарама-қарсы үйге жүгіреді. «Аяздар» қолдарымен тиген ойыншылар «тоңазытылғандар», келесі жүгіруге дейін орындарында тоқтап тұрады. Дәл осылай келесі жүгірулер өтеді. Жүгірудегі ойыншылар аязбен тоқтатылған ойыншыларды қолдарымен тиіп көмек көрсете алады. Көмек көрсетілгендер барлығымен сызықтан жүгіріп өтеді. Кім көп ойыншы тоқтатса сол ең мықты «аяз» болып саналады.
Ереже. 1. «Бізге аяз қорқынышты емес!» деген сөздерден кейін ғана ойыншылар үйден жүгіріп шығады.
2. Үйден шыққаннан кейін қайта үйге кіруге болмайды.
3. Ұсталған ойыншы «тоңазытылған» жерде тұруы шарт.
«Табандар және шортандар»
Дайындық. Ойыншылар – «тбандар», тек бір ойынды басқарушыдан басқалары 2-3м бөлменің қысқа жағында сызылған сызықтан кейін тұрады. Екінші сызық қарам-қарсы жақтағы оқу орынында белгіленеді. Алаңның ортасында ойынды бастаушы «шортан» орналасады.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен «табандар» қарама-қарсы жақтағы сызыққа қарай өтеді. «Шортанмен» ұсталған «табандар» шетке қарай тұрады. Жүгіріс қайталанады. Ұсталған «табандар» бірнешеу болғанда, олар қол ұстасып «ау» құрады, ол арқылы ойыншылар жеңіл өтеді де, кейін олар «себет» құрады, бұл жерде бүкіл «табандар» өтуі керек. «Шортан» «табандарды» «себттен» тыс ұстайды.
Ереже: ойын оқытушының белгісімен басталады.
«Допқа тура тигіз».
Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен аралығы 18 м болатын 2 тізбекке тұрады. Алаңның ортасында волейбол добы орналасқан.
Бейнелеу 1-ші қатардағы ойыншыларға кішкентай доп таратады. Оқытушы белгі бергенде, ойыншылар кішкене допты ортада тұрған волейбол добына тигізуі керек. Допқа тигізген кішкене доптар шетке қарай қойылады. Бұл доптарды қарама-қарсы тұрған ойыншылар жинап алып, енді өз кезектеріне кіріседі. Допқа тигізген сайын ол ары қарай жылжиды. Қай команда допты сызытан асырса, сол жеңімпаз атанады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады. 2. Командалардың допқа лақтыруы шексіз болады.
«Нөмірлерді шақыру»
Дайындық. Ойыншылар 2-4 команда болып бөлінеді және бір-біріне параллель тұрады.
Бейнелеу Әр топта ойыншылар санаққа түседі. 2 м аралығында ойыншылар тұрған жерде, мәрі сызығы сызылады. Жол бойы 10-15 м аралығында таяқшалар қойылады. Оқытушы ойыншыларды нөмірлерін атап шақырады, бірақ өз қалауы бойынша. Кейбіреуін екі реттен шақыруы мүмкін. Шақырылған ойыншылар қатардың оң жағынан жүгіріп шығуы керек. әрбір жүгіріп келген ойыншы қайта өз орнына тұрады.
Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ұпайы ең көп команда жеңіске жетеді.
Ереже. 1. Егер, екі команданың ойыншылары мәреге бірге келсе, онда ұпай ешкімге берілмейді.
2. Егер ойыншы мәреге дейін жетпесе, ұпай оның қарсыласына беріледі.
6.3. Жоғары қарқындылықпен.
«Бір төмпешіктен екінші төмпешікке»
Дайындық. Ойыншылар 3-4 топқа бөлініп, сызықтың қасына тұрады. Жүгіру сызығынан мәреге дейін 10-12 шеңбер – «Төмпешік» сызылады. Диаметрі 25-30 см.
Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен ойыншылар «Төмпешіктен» «Төмпешікке» секіреді. Мәреге жеткеннен кейін, жүгіріп қатуы керек. Бірінші болып жүгіріп келген ойыншыға ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже. Ойын оқытушының белгісімен басталады.
«Қарапайым салкалар»
Дайындық. Ойыншылардың біреуі – «Салка». Бұл ойыншы қолына көзге түсер орамал алып, ойынның басталар алдында, алаңның ортасына тұрады. Қалған ойыншылар алаңдағы кез-келген орынға тұрады.
Бейнелеу Ортада тұрған ойынша орамалды көкке көтеріп «Мен – салка!» деп айқай салады. Осыдан кейін ол ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін қолмен тигізуі керек. Егер ол бір ойыншыны жетіп алса, сол «Салка» болады, оған орамал беріледі. Ойыншылардың ішінде «Салка» болған ойыншы жеңіледі.
Ереже. 1. «Салка» болған ойыншы басқа ойыншыны ұстап алар алдында «Мен – салка!» деп айқайлау керек.
2. Жаңа «Салка» болған ойыншы сол уақытта басқаны ұстауға болмайды.
«Бір аяқта тұрып салка болу»
Дайындық. Ойыншылардың ішінен «Салка» сайланады, қалған ойыншылар кез-келген орынға орналасады.
Бейнелеу «Салка» бір аяқта секіріп, басқа ойыншыны жүгіріп, ұстап алуға тырысады. Жетіп алғаннан кейін олар рөлдерімен ауысады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгісімен басталады.
2. Уақыт аралығында аяқты ауыстырып отыруға болады, бірақ жүгіріп кетуге тыйым салынады.
«Таңбаланған»
Дайындық. Ойыншылар ішінен ойын жүргізушіні – «таңбаланғанды» таңдайды.
Бейнелеу . Қалған ойыншылар алаң бойынша жүгіреді, ал «таңбаланған» оларды ұстайды. Ұсталған ойыншы «таңбаланған» болады.
Ереже. Егер «таңбаланған» жүгіргенде, ойыншының басқа ойыншы жолын жауып тұрса, онда қуып жүрген ойыншы керісінше ойыншыны ұстап алуы керек.
«Атты-спортшылар»
Дайындық. 2 м аралығында алаңның ұзындығы бойынша «тұрақ» құрады. Олардың саны ойыншыларға қарағанда 3-ке кем болуы керек. Барлығы бір шеңберде тұрады. Әрбір «ат үстіндегі» ойыншы спорттық аттың шығуын суреттейді.
Бейнелеу. Оқытушының айтуы бойынша, «аттың қадамы!» дегенде ойыншылар жүре бастайды, тізесін биікке көтереді, тізесі қолдың алақанына жетуі керек. «Бұрылу» командасында «аттылар мен аттар» дөңгеленіп бұрылады. «Желе жортып» деген командада «аттар» шеңбер бойынша жүгіреді. Бұйрықтар 2-3 рет қайталанады. «Тұраққа!» бұйрығымен барлығы жүгіріп, белгіленген орынға тұруға ұмтылады. «Тұрақсыз» қалып қойған «аттар» жеңіледі.
Ереже. 1. ойында барлығы тізесін биікке көтеріп жүгіреді, ережені бұзғандар жеңілген болып табылады.
2. Бір-бірін итеруге тыйым салынады.
«Өз жалауына қарай»
Дайындық. Ойыншылар 5-7 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Топтар шеңбер құрады. әр шеңбердің ортасына қолында жалауы бар ойыншыны тұрғызады.
Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен ойыншылар жан-жаққа таралып не артқа бұрылады, не көздерін жауып қояды. Бұл уақытта жалауы бар ойыншылар ақырын орындарын ауыстырады. Оқытушы белгі береді: «Өз жалауларына». Ойыншылар көздерін ашып, өз қолындағы түсті жалауларына қарай жүгіреді. әр топ бірінші болуға асығады. Бірінші шеңбер құрған ойыншылар жеңеді.
Ереже. 1. Ойыншыларға оқытушының белгі бермеуінше көздерін ашуға тыйым салынған, егер ойыншы көзін алдын-ала ашып қойса, онда оның тобы ойыннан мүлдем шығарылады.
2. Қолында жалауы бар ойыншылар міндетті түрде орындарын ауыстыруы керек.
«Ордағы қасқыр»
Дайындық. Алаңның ортасына бір-біріне параллельді 2 сызық, аралығы 70-100 см, сызылады. Оның аралығында 2 «қасқыр» жүреді, қалған ойыншылар «қозы», алаңның басқа жағында орналасады.
Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен «қозылар» «үйінен» шығады. Сол уақытта «қасқырлар» «қозыларды» ұстай бастайды. Ұсталып қалған қозылар шетке тұрады, кейін оларды санап, қайта ойынға қосады. 2-4 жүгірістен кейін қайта «қасқырларды» сайлайды да, ойын қайталанады. Ең көп «қозы» жинап алған «қасқыр» және керісінше бір де бір рет ұсталынбаған «қозы» жеңімпаз атанады.
Ереже. 1. «Қасқырлар» «қозыларды» сызықтан шек шықпай ғана ұстай алады.
2. Егер «қозы» сызықты аттамай, басып кетсе, онда ол ұсталған болып саналады.
3. «Қозылар» тек оқытушының беглі беруімен ғана жүгіре алады.
«Ақ аюлар»
Дайындық. Бір шеңберге, мұзды суреттейтін 2 ойыншы тұрады. Басқа ойыншылар мұздықтан басқа жерге еркін орналасады.
Бейнелеу . «Аюлар» қол ұстасып жорыққа шығады. Олар қолдарымен ойыншыларды ұстауға тырысады. Ұсталғанды мұздықтың үстіне апарады. Кейін «аюлар» тағы да ойыншыларды ұстауға аттанады. Ұсталғандар қол ұстасып «аю» болады да, жорыққа шығады. Ұсталмаған 2-3 ойыншы жеңеді.
Ереже. 1. Ұсталған ойыншылар, сол уақытта шығып кетпей, біраз «тұтқындардың» жиналуын күтуі керек.
2. әрбір «жорық» оқытушының айтуымен басталады.
«Екіншісі артық»
Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен екі қадам қашықтықта шеңбер құрады.
Бейнелеу . Екі ойыншы шеңберден тыс тұрады, біреуі басқаны ұстауға тырысады. Жүгіріп жүрген ойыншы, басқа ойыншының алдына тұрса, сол адам жүгіріп шығып, басқа адамның алдына тұруға ұстылуы керек, бірақ ол ұсталмауға тырысады.
Ереже. 1. Шеңбердің ішінен және сыртынан жүгіруге болады. 2. Егер оны қолмен түртсе, онда олар орындарымен ауысады.
«Аңшы және күзетші»
Дайындық. «Аңшылар» және «күзетші» таңдалады. «Күзетші» диаметрі 2 м болатын шеңбер сызады. Бұл жерде ол «аңшының» ұастап алған «аңдарын» күзетуі керек.
Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен, ойыншылар алаң бойымен жүгіре бастайды, ал «аңшы» оларды ұстауға тырысады. Қамауға алыған «аңдар» күзетіледі. Егер «тұтқынға түскендер» шеңберден қолдарын созса, алаңда жүрген ойыншылар қолдарынан тиіп, алып шығу мүмкіндігі бар. «Күзетші» шеңбердің ішінде тұрып, ойыншыларды тартып ала алады.
Ереже. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады.
7. 4-6 сынып сабақтарына арналған жылжымпаз ойындар үлгілері.
7.1. Шамалы қарқындылық
«Тіктеп!» тобы
Дайындық. Ойыншылар бір қатарға тұрады.
Бейнелеу. Егер оқытуышы «сынып» деген сөзді айтса, ойыншылар оның бұйрығын орындауы керек. Кім де кім қателік жіберсе, бір қадам артқа жасайды.
Ереже. 1. «Сынып» бұйрығынсыз жүгірген ойыншы бір қадам артқа орналасады.
2. Және керісінше.
«Шырмауықтар»
Дайындық. 6-8 ойыншысы бар 3 команда құрылады. Әр команда бір-бір қатар құрып тұрады.
Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен әр қатарда тұрған бірінші ойыншы бұрылып, кейін екіншісі бұрылып, оның белінен ұстайды, сосын үшінші, төртінші т.с.с ойынды бірінші болып бітіргендер жеңімпаз атанады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Ереже. Ойын тек оқытушының белгісімен басталады.
«Гимнастикалық таяқшаны түсіріп алма»
Дайындық. 8-10 ойыншысы бар 3 топ құрылады. әр топ шеңбер құрып, бір-біріне арқасымен тұрады. Барлық ойыншылардың қолдарында гимнастикалық таяқшалар болуы керек. Әрбіреуі таяқшаны жерге өз алдарына қояды.
Бейнелеу. Оқытушының белгісімен ойыншылар оң жаққа бір қадам жасайды. Таяқшаларын түсіріп, оң жағындағы көршісінің таяқшасын ұстап қалуы керек. әр түсірілген таяқша үшін команда ұтылымды ұпай алады.
15 белгіден кейін ең аз ұпайы бар команда жеңімпаз болады.
Ереже. 1. Ойыншылар аралығындағы қашықтық 1 м артық болмауы керек.
2. Әр белгі 5-6 сек аралығында берілуі керек.
«Бер-Отыр»
Дайындық. 7-8 ойыншысы бар бірнеше топ құрылады. Топтар 2 қатарға сап түзеп, бір-бірінің артында тұруы керек. 5-6 м әр команданың алдында капитандары тұрады. Капитандардың қолында волейбол доптары болады.Әркім гимнастикалық таяқшаларды еденге ұшымен өзіне қаратып қояды.
Бейнелеу. Оқытушының белгісімен, ойыншылар оң жаққа бір қадам жасайды, өздерінің таяқшаларын түсіріп, көршісінің таяқшаларын оң жағынан қағып алады. Таяқшаларды құлатқаны үшін топ айып балдарын алады. 15 белгіден кейін ең төмен айып балдарын алған топ жеңіске жетеді.
Ереже. 1) Ойыншылардың ара қашықтығы бір метрден аспауы керек.
2) Белгілер дәл 5-6 сек аралығында берілуі тиіс.
«ҰСЫН ДА ОТЫР»
Дайындық 7-8 ойыншылары бар бірнеше топ. Топ ойыншылары бір-бірден, баған бойынша, ортақ старт сызығының ар жағында қатарласып тізіледі. Әрбір бағанға бетпе-бет 5-6 метр қашықтықта топ капитандары келіп тұрады. Әр бір қапитанның қолында волейбол добы болады.
. Бейнелеу. Белгі бойынша әрбір капитан өзінің бағанындағы бірінші ойыншыға допты лақтырады. Допты ұстап алған ойыншы, оны капитанның өзіне лезде қайтарады да отыра қалады. Капитан оны екінші ойынға лақтырады, және т.с.с Соңғы ойыншыдан допты қайтарып алған капитан оны көкке лақтырады, осы кезде топ ойыншыларының барлығы орнынан секіріп тұрады.
Ереже Егер де ойын барысында, ойыншы допты құлатып алса, онда оны капитанға қайтарып, өз орнында отырмай қайта тұрады.
«ШЕҢБЕР БОЙЫНША ДОПТЫ БЕРУ»
Дайындық Ойыншылар шеңберді айнала, қолсозым қашықтық арасында тұрады да бірінші және екінші нөмірлерге саналады. Бірінші нөмірдегі – бір топ, екінші нөмірдегілер – екінші топ. Қатарда тұрған екі ойыншы капитан бап таңдап алып, қолдарына доп ұсынады.
Бейнелеу. Капитанның белгісі арқылы, допты шеңбер бойынша – бірі оңға, ал бірі солға өзіне ең жақын тұрған ойыншыға лақтырады. Допты капитанның өзіне айналып келмегенінше айналдырады. Шеңбер бойынша допты ең тез айналдырып үлгерген топ жеңген болып есептеледі. Допты қағып алып капитандар көкке көтереді. Ойынды осылайша бірнеше рет қайталауға болады.
Ереже 1) Доп өзінің ең жақын ойыншысына міндетті түрде лақтырылады. Әр бір қатыса алмай қалған ойыншы үшін, топ ойып балдарын алады;
-
Егер де доп ауада бір біріне соғылып қалса, онда ойыншылар, олар соғылған лақтырудан соң, допты ұстап алады да өз орнынан қайта тұрып, ойынды жалғастырады;
-
Ойынды тез аяқтап үлгерген және айып балдары төмен ойыншылар тобы жеңіске жетеді.
«СЕКІРТПЕ ЖІБІН ҰСТАП АЛ»
Дайындық Алаңға секіртпе жібін әкеліп қояды. Жіптің екі бірдей ұшына қарама қарсы келіп екі ойыншы тұрады. Жіптің ұштары ойыншылардың табандарының арасында болуы тиіс.
Бейнелеу Басқарушы, олар дәл қайталауға міндетті бірнеше қозғалыс түрлерін көрсетеді. Бір мезетте ол белгі береді.(ысқырады) Ойыншылар осы кезде тез үңіліп, қарсыласының табан астындағы секіртпе жібін, суырып алуға тырысады. Ойынды бірнеше рет қайталуға болады.
Ереже Кім тез арада қимылдап ойынды аяқтайды, сол жеңген болып есептеледі.
«КІМ ЕҢ БАЙҚАМПАЗ ЖӘНЕ ЕПТІ»
Дайындық. Ойыншылар шеңбер жасай айнала тұрады.
Бейнелеу Оның ортасына ұстаз келіп тұрады да, ойыншылардың кез-келгеніне допты лақтырады. Ол ойыншы бопты қағып алып оны сол мезетте ұстазға қайтаруы тиіс. Сол кезде доп ұсынылған ойыншының оң жақ және сол жағында тұрған ойыншылар, ойыншыға жақын тұрған қолдарын көтеруі тиіс. Ойын осылай 4-5 мин жалғасады.
Ереже. 1) Қатысушы допты ұстап алмаса, қолын кеш көтерсе, басқа қолын көтеріп қалса; Әр бір қателік үшін ойыншыларға айып балдарын тағады.
2) Ойын аяқталысымен ұстаз бір айып балы бар ойыншының қолын көтеруді ұсынады, содан кейін 2,3 және т.с.с
«ҮШ ЖАРАТЫЛЫС»
Дайындық Ойыншылар шеңбер жасай айнала тұрады, ал ойын басшысы қолында добы бар ортасына келіп тұрады.
Бейнелеу Ұстаз «Жер», «Ауа», «Су» деген сөздердің бірін дауыстап, допты кез-келген бір ойыншыға лақтырады. Допты қағып алушы аталған жаратылысқа тән құс, жануар және балық түрлерінің есімдерін атап, допты қайтарады. Мысалы: басқарушы «Су» жаратылысын таңдады. Ойыншы осыған қатысты кез-келген балық түрлерінің бірін атауы тиіс: шортан, алабұға, боя және т.с.с «Жер» жаратылысын таңдаса, ойыншылар әртүрлі жануарлардың бірі: ит, мысық, сиыр деп және т.б атай беруі керек. Ал «Ауа» жаратылысын таңдаса, құс атауларын тізімдеп шығу керек: бүркіт, қарлығаш, торғай және т.с.с
Ереже. 1) Ойын шартын бұзған ойыншы айып балын алады.
2) Ең төмен айып балын алған ойыншы жеңген болып есептеледі
«ЕКІ ШЕҢБЕР АЙНАЛЫМЫ»
Дайындық Ойыншылар екі шеңбер түзіп тұрады: бірі- ішкі, екіншісі – сыртқы. Екі шеңбер бір-біріне қарама қарсы айналып қозғалады.
Бейнелеу . Белгі бойынша бәрі тоқтайды, ішкі шеңбердің ойышыларының бәрі, сыртқы шеңбердің ойыншылары отыра қалғанша оларды қолымен ұстауға тырысып бағады. Ұсталғандар ішкі шеңберге келіп тұрады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ереже. Ойын ішкі шеңберде 5-6 ойыншы қалған кезде өз мәресіне жетеді.
«БІЗДІ ЕШКІМ ЕСТІМЕЙДІ ЖӘНЕ КӨРМЕЙДІ»
Дайындық Ойыншылардың бірі – бастап жүруші, жерге байланған көзбен отырады. Ал қалған ойыншылар одан 15-20 қадам жерде орналасады.
Бейнелеу Басқарушы ұсынған ойыншы бастап жүргізетін ойыншыға ақырындап жақындайды. Бастап жүруші аяқ дыбысынан немесе шудан оның қай тұстан келе жатқанын айтуы керек. Егерде бір мезетте ойын бастап жүруші бағытты дұрыс тапса, онда ойыншы оны ауыстырады, ал таппаса онда ойын әрі қарай жалғаса береді.
Ереже Ойыншылардың қайсысы бастап жүрушіге өте жақындап келіп, оның иығына қолын тигізсе жеңген болып саналады.
7.2 Орташа қарқындылықта
«БОМБАРДИРЛЕР»
Дайындық Ойыншылар жеңбер жасай айнала тұрады.
Бейнелеу . Допты бір-біріне көкке лақтыру арқылы береді. Допты қабылдау кезінде қателік жіберген және дұрыс бағытқа жібермеген ойыншы шеңбердің ортасына келіп отырады. Допты шеңбер бойынша жүргізіп жатқан ойыншылардың бірі, қатты ұру арқылы отырғанға соғады. Ойыншылардан келген доптың иесі ойынға қайта енеді. Егер де ойыншы допты тигізе алмаса, отырғандардың қатарына өзі де келіп қосылады.
Ереже Ойыншыларды «ату» отырғандардың бірі допты қолымен қағып алғанға шейін жалғасады, ал шеңбер ортасына серіктесінің қолына допты лақтырған ойыншы келіп отырады.
«КҮН МЕН ТҮН»
Дайындық Алаң ортасында оған көлденең бір метр арақашықтықта екі параллелді сызық түсіріледі, ал олардан 10-12 м параллелді түрде екі жағынан «үйшік» сызығы сызылады. Ойыншылар бірдей екі топқа бөлінеді, олар өзінің ортақ сызығына қатарласып келіп, өзінің «үйлеріне » қарама қарсы бет бұрады. (яғни, арқа түйістіріп тұрады) Ойыншылады жақтауы бойынша да орналастыруға да болады. Жеребие бойынша бір топ – «КҮН», екінші – «ТҮН»
Бейнелеу Басқарушы ортақ сызықтың ортасына келіп, аяқ астынан «КҮН» деп дауыстайды. Осы кезде «ТҮН» тобының ойыншылары өзінің «үйлеріне» жүгіреді, ал «КҮН» тобының ойыншылары олады қуып жетуі тиіс. Әрбір ұсталған ойыншы үшін «КҮН» тобына ұтыс балы қосылады. Соден кейін ойыншылар қайтадан ортаға келіп арқа түйістіріп тұрады. Басқарушы ойынды қызықты әрі аяқастынан қылу үшін, қатаң тәртіппен емес, қалауынша қандай да бір топты атауы керек. Осылайша басқарушы бір немесе басқа топты атай отыра, ұтыс баллдарын санап ортақ есепті жариялайды. Ойынды ең көп бал жиған ойыншылар жеңеді.
Ойынды күрделендіру мақсатында: белгі берер алдында басқарушы әртүрлі қимылдарды топқа қайталатады. Мысалы: қолдарын жоғары көтеру, түсіру, отырғызу және т.б содан кейін аяқ астынан «КҮН» немесе «ТҮН» деп айғайлау керек.
Ереже 1) Басқарушы «КҮН» немесе «ТҮН» деп дауыстамағанынша ешкімге «үйіне» жүгіруге рұқсат жоқ;
2) Қуу және ұстау тек сызыққа шейін ғана рұқсат етіледі;
3) Ұсталған ойыншылар ойынға басқалармен теңесе қатыса алады.
«ОЙЫН БАСТАУШЫҒА ДОПТЫ БЕРМЕУ»
Дайындық Ойында бастап жүргізуші ойынның басында алаңның ортасында болады, ал ьқалғандары өзі қалаған аймақта оған жақын орналасқан.
Бейнелеу Ойыншылар бір-біріне допты ойын бастаушының қолы тимес үшін көкке лақтырады. Бастаушы алаңда айнала допты ұстау үшін жүгіреді. Егерде ойыншылардың лақтырған добын ойын бастаушы қағып алса, онда оның орнына, лақтырған доптың иесі келіп ауысады. Ойын бастаушы ойыншының орнына келіп басқалармен теңесе ойынға кіріседі. Ойын барысында (5-8мин) бір де бір рет бастаушымен ауыспаса сол ойыншы жеңімпаз деп саналады.
Ереже 1) Еденнен тигеннен соң, допты көкке лақтыру керек;
2) Доп тиген ойыншы, қолын көтеріп «Мен бастаушымын» деп дауыстауы керек;
3) Кез-келген ойыншы, бастаушы болған басқа ойыншыдан ұшып кеткен допты қағып алуға немесе ұстап алуға құқылы, және ойынды жалғастырады.
«АҢШЫЛАР МЕН ҮЙРЕКТЕР»
Дайындық Ойыншылар екі топқа бөлінеді – «Аңшылар» және «Үйректер». Аңшылар шеңбер сызық бойының сыртында немесе арнайы сызылған сызық бойында екіге бөлініп айнала тұрады. «Үйректер» шеңбер ішінде орналасады, ал «аңшылар» шеңбер сыртындағы өз орындарында тұрады.
Бейнелеу «Аңшылар» щеңберге кірмей, шеңбер ішіндегі «үйректерді» «ату» үшін доппен тигізуге тырысады. «Үйректер» боптан қашады. Доп тиген «үйрек» ойыннан шығып кетеді. Шеңбер ішінде бір де бір «үйрек» қалмаса (немесен 2-3 қалса) ойыншылар орындарымен және рөлдерімен ауысып ойын әрі қарай жалғасады. Ойынды қай топ қарсылас топтың «үйректерін» тез уақытта атып үлгерсе жеңімпаз деп саналады.
Ереже 1) «Аңшыларға» сызықтан шығып кетуге болмайды.
2) Денесінің қандай да бір жеріне доп тисе, сол «үйрек» «ұрылды» деп есептеледі.
3) Егер де доп шеңбер ортасында қалса, шеңбер ішіндегі кез-келген ойыншы, оны «Аңшыларға» беруі керек.
4)атылған құстар топтар ауыспағанша ойынға қатыспайды
«Шеңберде екі-екіден шайқасу»
Дайындық. Жерде диаметрі екі метр бірнеше шеңбер сызылады. Ойыншылар құрамында төрт-алты адам бар топтарға бөлінеді де, шеңбердің шетінен бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа бөлінеді.
Бейнелеу Оқытушы ортаға(шеңберге) әр топтан бір ойыншыны шақырады. Олар бір яғын көтеріп,бір қолымен тізесінен ұстайды, ал екінші қолын арқасының артқы жағында ұстайды. Осындай тұрыста шайқасушылар(жүргізушінің белгісімен) бір аяқта секіріп,бір-бірін иығымен және денемен шеңберден тысқа қарай итереді немесе қарсыластың екінші аяғын түсіру үшін барын жасайды. Женген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. Ортаға шыққан екінші жұп дәл алдынғылар сияқты шайқасады. Ойын ойыншылардың бәрі ортаға шықпайынша жалғасады. Ұпайлары басым түскен топ жеңіске етеді.
Ереже:1) екінші аяғын түсірген немесе шеңберден аттап өтен ойыншы жеңіледі.
2)егер ойын барысында екі ойыншы бірдей шеңберден аттап өтсе,жеңіс ешімге берілмейді. Ойынды келесі жұп жалғастырады.
3) Ойыншылар ойынды тек оқытушының белгісінен ғана бастайды.
4)екінші аяғын түсірген немесе арқаның артқы жағыннан қолын алған және т.б істеген ойыншы жеңілген деп саналады.
«Шеңбер бойымен тарту»
Дайындық. Алаңда бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі шеңбер сызылады.Ойыншылар құрамында саны бірдей екі топқа бөлінеді: бір топ шеңбердің ішінде,екінші топ сыртында орналасады.Ойыншылар бір-біріне бет-бетімен тұрады.
Бейнелеу Шеңбердің сыртынан тұрған ойыншыларға қарсыласын сыртқа қарай,ал ішіндегілер керсінше оларды ішке қарай тарту керек. Ойын 1-2 минуттан шағын ғана шайқастар түрінде өтеді. Ортасына немесе ішке қарай тартылып кеткен ойыншылар ойыннан шығады.
Ереже.1)қарсыласын тек қолынан немесе белбеуден ұстап тұрып тартуға болады.
2)4-6 шайқастан кейін ойыншылар саны басым түскен топ,жеңіске жетеді.
«Допқа жүгіру»
Дайындық. Ойыншылар құрамында 8-10 адам бар топтарға бөлінеді де, тізбекке тұрады. Қолында добы бар оқытушы рет-ретімен саналған екі топтың арасында тұрады.
Бейнелеу Оқытушы допты алға қарай лақтыра отырып, кезкелген бір нөмірді атайды,мысалы: «жеті». Осы нөмірлі екі топтың ойыншылары допқа жүгіреді. Допты бірінші иеленген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. 10 ұпаймен алға шыққан топ жеңіске жетеді.
Нұсқалар: ойынды допты жерге соққысымен лақтыруға, гимнастикалық отырғыштарға отырып, және уақытқа(ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді) өлшеп өткізуге болады.
Ереже: топ ойыншыларына орындарын ауыстыруға болмайды.
«Допты аяқ астында өткізу»
Дайындық. Бірнеше топтың ойыншылары бірбіріне паралеллді, тізбектерге түзейді. Тізбектегі ойыншылар бір-бірінен бір жарым қадам аралығында орналасады. Тізбектің алдыңғы ойыншыларына доптан беріледі.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен алдыңғы ойыншы допты, артқы жағындағы аяқтарын жан-жаққа қойған ойыншыларының аяқ астынан жібереді. Қолына добы түскен соңғы ойыншы тізбектің оң жағымен жүгіріп өтіп, алға тұра қалады да, доп қайтадан аяқ астымен бір-біріне беріле бастайды. Ойын, басында алда тұрған ойыншы орынға тұрмағанша жалғасады. Орынға тұрғасын,допты жоғары қарай көтеріп,топтары мәреске жеткендігін көрсетеді. Ойынды бірінші аяқтаған топ ұпайға иелнеді де,жеңімпаз атанады.
Ереже.1)допты тек өзінің көршіне ғана беруге болады.
2)доп айналып басқа жаққа дөңгеленіп кетсе,доптың алдында тұрған ойыншы оны әкеліп,ойынды тоқтаған жерден жалғастырады.
3)соңғы ойыншылар алға тұрған сайын,бүкіл тізбек жарты қадамға артқы жаққа жылжып отырады.
4)ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді.
«Шаршы бойындағы жүгіріс»
Дайындық.Төрт гимнастикалық отырғыштан шаршы құралады. Әрқайсысына бір-бірден ойыншы тұрады. Екеуі бір топтын,екінші екеуі екінші топтын өкілдері(қарсыластар бірлеп бір-бірінен кейін орналасқан).
Бейнелеу Оқытушының белгіснен кейін ойыншылар сағат тілшісіне қарама-қарсы,отырғышты айнала отырып, қарсыласын қуып жүре бастайды. Қарсыласқа бірінші жеткен ойыншы,тобына ұпай әкеледі. Келесі топ ойынды дәл осылай жалғастырады. Ұпай сандары басым түскен топ жеңіске жетеді.
Ереже:ойын оқытушының белгісінен кейін ғана басталады.
«Шенбер бойымен доптарды қуу»
Дайндық. Араларына жайылған қол сиятындай етіп, бір-екіге саналған ойыншылар шеңбер бойымен орналасады. Бірінші нөмірлер-бір топ,екіншілері-екінші.Бір-біріне жақын тұрған ойыншыларды капитандар етіп жариялап,бір-бір доптан береді.
Бейнелеу Белгіден кейін капитандар допты бере бастайды,біреуі оң,екіншісі сол жаққа қарай,яғни бірінен кейін. Доп капитанға жетпейінше лақтырылады. Добын өз шенберден бірінші өткізген топ жеңіске жетеді. Допты алғасын,капитандар қолдарын жоғары қарай көтереді.Ойынды бірнеше рет өткізуге болады.
Ереже:1)допты тек өзіне жақын тұрған топтас көршіне беруге немесе лақтыруға болады. Бір ойыншыны аттап қалдырса,айыптық ұпай беріледі.
2)егер екі топтың доптары бір-біріне соғылса,онда екі топтың ойыншылары доптарды қайтадан алып,орындарына оралып,ойынды жалғастыру керек.
3) жеңіске, допты шеңбер бойымен бірінші өткізген және айыптық ұпайлары жоқ топ жетеді.
-
Жоғары белсенділікті
«Жүйрік үштіктер»
Дайындық. Ойыншылар үштен шеңбер бойымен бір-бірінің артынан орналасады. Алдыңғы үштіктер қолдарынан ұсталып,ішкі шеңберлер құрайды. Екінші және үшінші нөмірлер қолдарыан ұсталып,үлкен сыртқы шеңбер құрайды.
Бейнелеу Ойын жүргізушінің белгісімен, ішкі шеңбердің ойыншылары оңға қарай жүгірсе,сыртқы шеңбердің ойыншылары-солға. Екінші белгіден кейін,ойыншылар қолдарын жіберіп,өз үштіктеріне оралады. Әр кезде шеңберлер басқа жаққа қарай ауысады.
Ереже:1)ең тез жиналған үштіктің ойыншылары,жеңіс ұпайын алады
2)ойын4-5 минут өткізіледі. Ең көп ұпай санын жинаған үштік, жеңіске жетеді.
«Жаңа орынға»
Дайындық. Ойыншылар 2-3 топқа бөлініп,бір-бірден бірінің артында тізбекке орналасады. Оларға 15-20 м қашықтықта бір сызық сызылады.
Бейнелеу Ойын жүргізушінің белгісімен,әр тізбектің бірінші және екінші нөмірлі ойыншылары бір-бірін қолдарынан ұстап,сызықтын артқы жағына қарай жүгіреді. Бірінші нөмірлер сызықтын артқы жағында қалады,ал екінші нөмірлер орындарына жүгіріп,үшінші нөмірдің қолынан ұстап,сызыққа қарай қайта жүгіреді.Енді екінші нөмірлер сызықтың артқы жағында қалып қояды,ал үшінші нөмірлер орындарына қарай төртінші нөмірмен жүгіру үшін қайта оралады,т.с.с. Жаңа орынға бірінші болып ауысқан топ жеңіске жетеді,яғни сызықтың артқы жағына бірінші жеткендер.
Ереже:1)ойын,ойын жүргізушінің белгісімен басталады
2)ойыншылар міндетті түрде бір-бірін қолдарынан ұстау керек
«Секіргішпен эстафета»
Дайындық. Әр топтың ойыншылары,аттанар сызықтары ортақ бір тізбекке орналасады. Әр топқа қарама-қарсы бұрылыс тұрысы қойылады.
Бейнелеу Ойын жүргізушінің белгісімен,топтың бағыттаушысы секіргіштен секіріп,алға қарай жүгіреді. Бұрылысқа жеткесін секіргішті бір қолына алады да,оны көлденең аяқ астында өткізіп,орына секіріп оралады. Орынға жеткесін секіргішті келесі ойыншыға береді де,өзі тізбектің соңында тұрады.
Ереже. Ойынды дәл және тез аяқтаған топ,жеңіске жетеді.
«Ең жүйріктер»
Дайындық. Екі топтың ойыншылары рет-ретімен саналып,өз нөмірлерін есте сақтау керек. Олар ортақ шеңберге орналасады(ортаға алғы жақтарымен). Шеңбердің ортасында-доп.
Бейнелеу Ойынды жүргізуші кез-келген нөмірді атағанда,бұл нөмірлі ойыншыларсыртынан,әр түрлі жақтарға жүгіреді. Өз орындарына жеткесін, допты алу үшін,доп жатқан жерге жүгіреді. Осыны бірінші жасаған ойыншы,өз тобына жеңіс ұпайын әкеледі. Ойын 2-3 минут жалғасады. Ең көп ұпай санын жинаған топ,жеңіске жетеді. Ойналар алдында,ойыншыларға шенберге қай жаққа қарай жүгіру керек екендігін еске салу жөн.
Ереже. Ойын,ойын жүргізушінің нөмір атауымен басталады.
«Обруч және секіргішпен қарама-қарсы эстафета»
Дайындық. Топтар қарама-қарсы эстафета үшін орналасады. Бірінші топтың бағыттаушысында-секірг
Бейнелеу Оқытушының белгісі бойынша ойыншы дөңгелектен секіре отырып алға жылжиды. Қолында дөңгелегі бар ойыншы қарсы тізбектегі қозғалу сызығынан өткенде, секіргіш жіппен тұрған ойыншы жіптен секіру арқылы алға жылжиды. Тапсырманы орындап болған соң әрбір ойыншы құралдарды тізбектегі келесі ойыншыға береді. Тізбектегі орын ауысып болмайынша солай жалғаса береді.
Ереже: Ойын оқытушы белгісімен басталады.
«Допты ауыстыру кезекті эстафетасы»
Дайындық . Ойыншылардың ойынға тұруы кезекті эстафетаға дайындық сияқты. Тізбектің бағыттаушыларының доптары:
Біреулерінде – үрленген, екіншілерінде – баскетболға арналған.
Бейнелеу Оқушының белгісі бойынша алға жүгіріп шығады да, доптарымен ауысып, қайтадан орындарына барады. өз тізбектен жүгіріп өтіп, допты келесі ойыншыға береді. өздері тізбектің соңына келіп тұрады. Допты алған ойыншы алдындағы ойыншының жасағанын қайталайды. Тапсырманы алдымен орындап болған топ жеңеді. Ойыншылар допты кезкелген дистанция нүктесінде ауысады, бірақ ауысу міндетті түрде өту керек.
Ереже: Допты лақтыруға рұқсат жоқ. Допты қолдан-қолға беру керек.
«Дөңгелекпен жүгіру».
Дайындық. Ойыншылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Жалпы старт сызығының артында бір-бірден тізбекке тұрады. Әрбір тізбек арасы 16м және қайталама табандылықпен қояды.
Тізбектегі әрбір бағыттаушыда гимнастикалық дөңгелек болады. Бейнелеу Жетекшінің белгісі бойынша ол алға жүгіріп шығады да, қайта оралады.
Старт сызығында тұрған келесі ойыншыға дөңгелекті ктгізіп, екеуі бірге жүгіреді. Содан кейін дәл осындай тәртіппен үшінші және төртінші ойыншы қосылады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңімпаз болады.
Ереже: Ойынды үш рет қайталайды, әрбір ұмтылыста бағыттаушы өзгеріп отырады.
«Жауынқұрт эстафетасы»
Дайындық. Әр топтың ойыншылары екі топқа бөлінеді және алаңның қарама-қарсы сызығының артына кезекті эстафетаға тұрғандай тізіліп тұрады. Әрбір топтың алғашқы топтағы ойыншылары құрт күйіне енеді. Ойыншы сол жақ иығына қояды, ал оң қолымен бүгулі тұрған оң аяғын көтеріп ұстайды.
Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша бр аяқпен секіру арқылы алға жылжиды. Сонымен қатар олар теңселмей, бірқалыптылы сақтаулары керек. Соңында келе жатқан ойыншы қарсы сызықтан өткен кезде ойынды келесі ойыншылар жалғастырады. Олар дәл алдындағыдай алға жылжиды.
Ереже: Құрт кейпін сақтап старт сызығына тез жеткен топ жеңіске жетеді.
«Жалаушылар үшін күрес»
Дайындық. Алаң екі бірдей бөлікке бөлінеді. 2м аралықта бірдей сызық брдей көрсетіледі. Алаң ені бойынша 10 қалашық (жалаушылар) қойылады.
Ойыншылар бірдей екі топқа бөлінеді. Еркін түрде алаңға жайғасып, өз қалашықтарына жақын тұрады.
Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша ойыншылар өз қарсыластары жағына қалашықтарды тартып алу үшін жүгіреді. Қалашықтарды тартып алған ойыншы оны өз жағына көшіріп алып кетуге тырысады. Қарсыластарды өз алаңы жағында ойыншыны бөгейді. Бөгелеген ойыншы сонда қалады да қалшық, өз тобына қайтарылады.
«ЖАЛАУ»
Дайындық Әрбір дөңгелекке 1 жалау, 1 таяқша қойылады. Ойыншылар 3 топқа бөлініп, «П» әрпі түрінде үш қабырғаға шеренге бойынша тұрады. Топтың бірінші нөмірлері стартқа тұрады.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен ойыншылар старт сызығынан алға жүгіреді, бөгет сызығынан алға жүгіреді,жалауларын жоғары көтеріп, қайта дөңгелек ішіне қойыптопқа қайта дөңгелек ішіне оралады.
Ереже: Ойын оқытушының белгісімен басталад
ҚОРЫТЫНДЫ
Дене тәрбиесі үрдісінде болашақ мұғалімдер дене тәрбиесі құндылықтарын денсаулықты нығайту, жоғары кәсіби жұмыс қабілетін, денені жетілдіру мүмкіншілігін ғана емес, оқұшылармен тәрбие жұмысында дене шынықтыруды бойынша кәсіби біліктіліктің жоғарғы деңгейін де қамтамасыз ететіндей дәрежеге меңгеруге тиіс. Мұнда мұғалім жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде тіркелген шағын міндеттермен шектеліп қалмауға тиіс. Ол дене тәрбиесін ұйымдастуырушы және насихаттаушы төреші ретінде балалардың оқуы мен демалысының гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ете отырып, олардың ауқымын кеңейтуі керек.
Болашақ мұғалімде бұл қызметтің мәніне сенім, оның нәтижесі үшін жауапкершілік, тәрбие үрдісінде әдістемелік негізін меңгеруге құштарлық болса ғана кәсіби дайындықтың осы бағдарламасын орындай алады.
Мұғалімдерді тұтастай кәсіби дайындау қрылымында олардың өз денсаулығына, кәсіптік жұмыс қабілетіне қатысы, дене тәрбиесіне қалыптасқан көзқарасы, сенімі, құнды бағдары тәрбиелік деңгейін көрсетіп, педагогикалық қызметіне, сондай-ақ бос уақытта дене шынықтыру мен спорт құралдарын нақты пайдалануы жалпы мәдени және кәсіби дамуының аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Әдебиеттер
-
Бондарь Н.И.В // Мектептегі дене-шынықтыру. 1983. - № 4. – 26-27с
-
Веленский М.Я., Сафин Р.С. Студенттер арасындағы дене- шынықтырудың кәсіптік бағдары. 198-159с
-
Геллер Е.М қоңырау арасындағы ойын 1-3 сынып – М., Дене-шынықтыру және спорт, 1985-48с
-
Геллер Е.М қоңырау арасындағы ойын 4-6 сынып – М.: Дене-шынықтыру және спорт, 1985-48с
-
Дьяконов В.В., Фокин Л.Н Саптағы жаттығулар 1-5 сынып // Дене-шынықтыру және спорт 1987. - № 1.-22с
-
Дубогай А.Д., Хрущев С.В Қозғалыс ойындары – М., Дене-шынықтыру және спорт, 1986-31с
-
Каменцер М.Т Оқудан тыс сабақ – М.: Дене-шынықтыру және спорт, 1987-10с
-
Шухурина В.К Сабаққа дейінгі гимнастика 1-3 сынып аралығында. Дене-шнықтыру және спорт – 1980. №7. -43-46с
-
Шрухина В.К Дене-шынықтыру сабақтары 1-3 сынып аралығында – М.: 1980.-78с
Мазмұны
Кіріспе .........................................................................................................3
-
Сабаққа дейінгі гинастика.............................................................. 4
-
Денешынықтыру минутасы.............................................................4
-
Қозғалу қоңырауы............................................................................5
-
Сабақтағы және қоңыраудағы қозғалу ойындары.........................7
-
Ерекше қозғалу ойындары.............................................................10
-
1-3 сынып аралықтарындағы қозғалу ойындары.........................12
6.1. Әлсіз үддемелі...............................................................................12
6.2. Орташа үддемелі...........................................................................16
6.3. Жоғары үддемелі...........................................................................20
7. Үлгілі қозғалу ойындары 4-6 сынып аралықтарында.................24
7.1 Әлсіз үддемелі...............................................................................24
7.2 Орташа үддемелі............................................................................27
7.3 Жоғары үддемелі............................................................................31
Қорытынды........................................................................................35
Әдебиет..............................................................................................36
В.Ю. Акулова, Е.А. Фербер, А.Ж. Куватов авторларының «Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқаулығына рецензиясы
Қазіргі уақытта оқу үрдісінде студенттердің өздік жұмыстарына арналған (СӨЖ және ОСӨЖ) оқу материалының үлкен көлемі бөлінген, қайсысы пәннің әдістемелік қамтамасыздығын сұрайды.
«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқаулық дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламаларына сәйкес және өзіне оқушылардың белсенді демалысын өткізуі және ұйымдастыруы кезінде дене шынықтыру құралдарын қолдануы бойынша ұсыныстарын кіргізеді.
Әдістемелік нұсқаулықтың материалдарын оқушылардың оқу күнтізбесіне ұсынуға болады және де ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандықтардың студенттері мен мұғалімдері өздік сабақтары кезінде қолдана алады.
Пікірсарапшы
педагогика ғылымдарының
докторы, ПМПИ профессорі Ж.А. Усин

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген