Кіші топ

1.Қуыршақтарға қонаққа.
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына
қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа
баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге
көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші
қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп
ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала
бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен
балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.

2.Қоңырау қайдан естіледі?
Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып
тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып
тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды
мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші
әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
3.Өз түсіңді тап.
Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі – сары
жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр
бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары)
қояды. Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», - деген сигналы бойынша балалар
топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді. «Өз түсіңді тап деген жаңа
сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.

4.Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне
назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан
шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір
бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға
бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3
жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра
түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе
басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.

5.Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға:
мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см)
салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың
бір- біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып,
тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар
тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

6.Поезд
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер
кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап
колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап,
оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта
жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс»
(«Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд
қайтадан жолға аттанады.

7.Жел көбік
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге
қосылып олар мына өлеңді айтады.
Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші:
«Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп,
бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік
үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын
қайта басталады.

8.Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді,
онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының
кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала
сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп,
маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі,
бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.

9.Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге
қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың
арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге
шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге
жүріңдер! деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп,
орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар,
серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады

10.Күн шұғыласы (сәулесі).
Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын
қабырғаға түсіреді де:
Қабырғаға елбеңдеп,
Ойнайды сәуле құбылып.
Ымдасаң болды «кел» деп,
Жетеді демде жүгіріп.
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар
қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға
тырысады.

11.Мені қуып жетіңдер.
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда
отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді.
Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы
да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан
қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан
кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап
жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен
ауысады.

12.Маған қарай жүгіріңдер.
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай
отырады. Тәрбиеші бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: « Маған қарай жүгіріңдер», - дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Тәрбиеші оларды қолын
жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, тәрбиешінің қасына жиналып
болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде
емін-еркін тәрбиешімен бірге бөлме ішінде жүреді. Тәрбиеші бұдан кейін: «Үйге қарай
жүгіріңдер» - дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады.
Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар
тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі
(үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына
болады).

13.Үрпек төбет.
Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған
қолымен аяғына қояды. Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы
кезде былай дейді:
Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,
Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.
Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,
Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.
Ояталық жақындап барайық та,
Қайтер екен содан соң – қарайық та.
Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа
жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге
жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады. Ойын азғана балалар
тобымен жүргізіледі.

14.Айдарлы-мекиен тауық.
Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық
шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші:
Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.
Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам, ойында
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзі ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, - «үйіне», тауық-мамаға қашқан
балапандарды қуа жөнеледі.Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет,
мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді. Ойын қайталанғанда, мысықтың
рөлі басқа балаға тапсырылады.

15.Шарларды домалату.
Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес,
тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін
тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып,
бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның
артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады. Ойын қайталанған
кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚИМЫЛДЫ ОИЫН КАРТОТЕКА кіші топ

шағым қалдыра аласыз