жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қимылды ойындар
«Кім көп сөз
біледі?» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында
жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің
пайдасы мен зиянын айтады.
Мақсаты:
Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау,есте сақтау қабілетін
арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу.

«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар
үйге кіріп, паналауы керек.«Күн!» белгісі берілгенде балалар
сыртқа шығып жүгіруі керек.
Мақсаты:
Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа,
зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту
қабілетін дамыту.Ойынды 3-4 рет қайталау.
«Өз жұбыңды
ізде!» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр
баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді,
«Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.
Мақсаты:
Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Ойынды 3-4 рет қайталау.

«Асық ату» қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар асықты бір қатар бойына тігіп, соны өз сақаларымен
дәлдеп атады. Кім көп асық атып алады сол бала жеңімпаз атанады.
Мақсаты:
Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету.
Ептілікке баули отырып, ұлттық тәрбие беру.
Ойынды 3-4 рет қайталау.
«Жапырақ
жинау» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ
жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.
Мақсаты:
Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету.
Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға, үйрету.
Ойынды 3-4 рет қайталау.

«Ұзындыққа секір» қимылды ойыны.
Ережесі:
Балалар бір-бірден қатарға тұрып, сызық сызылады.
Мәреге дейін сол орынында тұрып секіруі тиіс.
Мақсаты:
Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
«Қырықаяқ» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін
екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп,
сол белгіге жүгіруге тиіс.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

«Арқан тарту» қимылды ойыны
Ережесі:
Арқанды балалар тәрбиеші бұйрығынан кейін
екі жаққа тартады.
Мақсаты:
Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
«Ақ серек пен көк
серек» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар
екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады.Аты аталған бала
жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған
бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді.
Үзе алмаса сол топта қалады.
Мақсаты:
Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету.

«Орамал тастамақ» қимылды ойыны
Ережесі:
Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала
ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді.Әуен тоқтағанда ойын
бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала
жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс.Орамалға кім бірінші келеді,
сол бала жеңімпаз атанып,ойынды ары қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға,
ептілікке тәрбиелеу.
«
Қыз
қуу» қимылды
ойыны.
Ережесі:
Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі
қуады. Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт.
Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.

«Білектесу» қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала бір-біріне
қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс тигізе,
қол күштерін сынасады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.
«Дойбы» ойыны
Ережесі:
Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар
ақ және қара түске боялған.Екі адам кезектесіп, бір-біріне
қарсылас болып ойнайды.
Мақсаты:
Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

«Асық ату - алшы» қимылды ойыны
Ережесі:
Үш бала шығып сақаларын лақтырады. Бірінші кезекте –алшы
түссе, екінші кезекте – тәйке түссе, үшініш кезекте – бүк түссе,
төртінші кезекте – шік түссе осылайша ойын жалғаса береді.
Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату,
ойлау дағдыларын қалыптастыру, Ептілікке баулу.
«Білектесу» қимылды
ойыны.
Ережесі:
Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала
бір-біріне қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс
тигізе, қол күштерін сынасады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.

«Қыз қуу» қимылды ойыны.
Ережесі:
Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады.
Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі
айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.
Мақсаты:
Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.
«Қарғымақ» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.
Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

«Соқыр теке» қимылды ойыны
Ережесі:
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап,
ортаға шығарады.Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп,
қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары
қарай жалғастырады.
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
«Тоғанда балықтар
жүзеді» қимылды
ойыны
Ережесі:
Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді.
Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады.
Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..
Мақсаты:
Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

«Кім мерген?»қимылды ойыны
Ережесі:
Балалар қарды домалақтап, арнайы көздеген
затқа дәлдеп тигізіп ойнайды.
Мақсаты:
Балаларды ерлікке, дәл тигізуге, күшті болуға баулу.
«Тату тәтті
отбасы» қимылды
ойыны
Ережесі:
Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді.
Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам
тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай
бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.
Мақсаты:
Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке,
сыйластыққа үйрету.

«Өрмекші мен шыбын»қимылды ойыны
Ережесі:
Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды.
Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші
олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен
қолдануға болады.
Мақсаты:
Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.
«
Сымсыз
телефон» ойыны
Ережесі:
Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да,
келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді
бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді
бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын
басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі
қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген)
ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.
Мақсаты:
Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету,
есту қабілетін дамыту.

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген