400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қиялға қанат бітірген орта топ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта топтағы жетістіктер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қиялға қанат бітірген орта топ»


Баланың дамуы – үздіксіз үдеріс. Әрбір жас кезеңнің өз ерекшелігі, қызығы мен қуанышы болады. Мектепке дейінгі кезең – бала өмірінің ең маңызды іргетасы қаланатын кезең. Бұл сәттерде қиял мен ойын, ізденіс пен зерттеу баланың серігіне айналады.

Орта топ балалары – өзіндік ойы қалыптаса бастаған, айналасын танып-білуге ұмтылатын, дүниеге қызығушылығы артып келе жатқан тұлғалар. Біздің бөбекжайдағы «Балдырған» тобы бүлдіршіндері 2024–2025 оқу жылында белсенді, шығармашыл, зейінді болып өсу жолында көптеген жетістіктерге жетті.

Тәрбие мен білімнің үйлесімін үнемі басты назарда ұстаймыз. Балалар оқу қызметтері мен ойын барысында танымдық, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік дағдыларын дамытуда. Топта түрлі пәндер мен бағыттар қамтылып, инновациялық әдіс-тәсілдер, заманауи құралдар қолданылып келеді.

Шығармашылық – біздің айна мыз деуге толық негіз бар. Балалар ертегі кейіпкерлерін сомдап, сахналық қойылымдарға қатысып, өздерінің қиялын сурет, жапсыру арқылы бейнелеуде. Әр туынды – бала жанындағы үлкен әлемнің бейнесі іспеттес.

Қатысқан шаралар мен жетістіктеріміз де аз емес. Оқу жылы барысында орта топ балалары «Рәміздер күні», «Балаларды қорғау күні», «Тілдер күні», сынды ауқымды шараларға белсене қатысып, балабақша мақтанышына айналды.

Қорытындылай келе қиялға қанат бітірген «Балдырған» орта тобы – тек бір оқу жылының қорытындысы емес, бұл – әр баланың жүрегіндегі ұмытылмас сәттердің, жеткен жетістіктерінің, ашылған қабілеттерінің көрінісі дегім келеді. Біз осы жетістіктерді балабақша мен ата-аналар арасындағы сенімді серіктестікпен, тәрбиеші ретіндегі ізденіс пен балалардың талпынысы арқылы бірге бағындырдық.

Ең бастысы – балалардың күлкісі мен қиялына шек жоқ. Ал біз сол қиялға қанат бітіріп, болашағына сеніммен қараймыз.


Таменова Самал Жарылғапқызы

46 «Балбұлақ» бөбекжайы тәрбиешісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.06.2025
101
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі