400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қ.Жұмаділов "Қаздар қайтып барады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үздік ашық сабақ жас мамандарға көмек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Мектеп: «Абай атындағы №26орта мектебі» КММ


Күні: 13.04.2018

Мұғалімі: Шегебаева Г.М


Сыныбы: 8 «Ә»

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны:0



Сабақ негізделген оқу мақсаты:


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын нақты жеткізе білуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар

  • Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және сөздік қорларын дамыту арқылы пәнге қызығушылығы артады

Оқушылардың басым бөлігі

  • Жаңа сөздерді үйренеді. Сұрақ қойып жауап алмасуды қалыптастырады. Ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады.

Кейбір оқушылар

  • Топпен жұмыс істей отырып, өз пікірін айтуға дағдыланады, түсінбегенін өзгелерден үйренуге тырысады.

Алдыңғы оқу:


Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар


Әдіс-тәсілдер

Басталуы

Білу,Түсіну











Қызығушылықтарын ояту

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Керекті құрал –жабдықтарын әзірлету.

2.Топқа бөлу

I-топ:Күздің көрінісі

II-топ:Өзеннің көрінісі

III-топ:Таңның көрінісі

Оқушылар Табиғат көріністерінің суреттері арқылы 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Оқушыларды топқа бөлу,бақылау парағын тарату.

Сабақтан не күтеміз?

-Түйінді ой

-Қызықты ойлар

-Сұраққа толық жауап

-Жақсы баға (Бағалау парақтарын топ басшыларына ұсыну)

Қара ормандай қалың қазағын биікке көтерген қаламгердің аты-жөні кім еді?

Қаламгер қай жылы туған?

Қаламгеріміздің туған жері?

Қандай оқу орнын бітірген?

Қандай шығармаларын білесіздер?

Жаңа сабақты өз беттерінше меңгерту: Балалар, сіздердің ойларыңызша қаздар қайда қайтуы мүмкін?

Тақтаға балалар өз ойларын ассоциация әдісімен жазып шығады). Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Миға шабуыл















«ПОПКОРН»

әдісі

Ортасы

Қолдану,Талдау


(Әңгіменің мазмұнымен танысып келу 3 топқа алдын-ала беріліп, мазмұны бойынша сурет салып келу тапсырылған).

Туған жер,туған ел дегенде ойларыңызға не түседі?

Туған жерге,елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыздар?


1. Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
 2.Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіздер?
 3.Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңізге қандай ой түйдіңіздер?

I-топ:Күздің көрінісі

Басталуы:  Жалғыз жортқан жолаушы

Байланысы: Жолда көрген қиыншылықтар

Шегініс: Ойға оралған өткен күндер, жалғыз неиере — Төлеутай

Дамуы: кінәсіз тағылған айып

Шарықтау шегі: 40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар

Шешімі: Тұмардың ішіндегі топырақтың жерге түсуі немесе елге жету.

 II-топ:Өзеннің көрінісі Бейнелі сөздерді табу.

Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? 1.Жаз жәрмеңкесі тарап,қоңыр күз қонақтаған.

2.Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап,шертіп тұр.

3.Жыртқыш аңдай долдана ағып жатыр.

4.Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.

5.Сай-сала үңірейіп,жұтып қоятындай болып тұр.

6.Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.

7.Өрттен қалған қу томардай болып қалды.

8.Ауылдастарының тырнағын жібітіп,сорпа-судан кенде қылған емес.

9.Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын-буыны босап,өне бойы салдырап бос қалды.

Байтас қарт
Жолға шықты,қасқырмен алысты,
туған жерге асықты,шаршады,
қажыды,отбасынан айырылды,
немересін бақты, шекарадан асты,
туған жеріне жетті. Бойындағы қасиеттер
Қайсар, қажырлы, төзімді,
туған еліне деген сағынышы басым,
рухы биік, адал жан.

IOval 2

Тентек Халдай


Oval 3

Айнабұлақ


Oval 4

Етікші


II-топ:Таңның көрінісі Мәтіндегі жер-су,өзен аттарын теріп жазу

Oval 1

Жер,су,өзен аттары




Oval 5

Көпшілік


Oval 9

Нұра




Oval 6

Тарбағатай


Oval 8

Күнкейтас



Oval 7

Арғанаты




«Суреттер галереясы»







«Ыстық картоп»әдісі




Шығарманы композиция

лық- құрылысына қарай талдаңдар




«Топтастыру»әдісі

Соңы

Жинақтау,Бағалау

Крестиктер-нөлдіктер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?
2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен? Қарттың жол азығы қандай?
3. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен?

4.Қарт көкжалдан қалай құтылды?Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?

5.«Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не? Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсыздар?

6.Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады?Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?

7. Байтас қарт еліне келер кезде асып өткен тау
Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
8. Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Ақсақалдың тұмарында 40 жылдай сақтап келген зат

9. Қарттың 40 жылдай көкірегінде сақтаған арманы

Әңгіме неліктен “Қаздар қайтып барады” деп аталған?

Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті, деп ойлайсыздар ма?

Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен.

АҚШ — та 14000

14000

Украинада 15000

15000

Түркияда 25000

25000

Өзбекстанда 155000

1550000

Иранда 12000

12000

Тәжікстанда 10000

10000

Ресейде 740000

740000

Моңғолияда 100000

100000

Қырғызстанда 45000

45000

Қытайда 1500000

1500000

Ауғанстанда 300000

30000

Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы Алматы қаласында 1992 жылфы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізіліп,оның төрағасы етіп Н.Назарбаев сайланды.Қауымдастықтың негізгі мақсаты-тарыдай шашылған қазақтарды атамекеніне оралуға жәрдемдесу

Үнтаспадан Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады, бейнетаспадан қолдарында Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі.

Ережесі:

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.









Пікірталас

Үйге тапсырма

«Кіндік қаным тамған елім» – ой толғау жазып келу


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаты шынайы себебі, сабақ соңында оқушылар нақты мақсатқа жетті.

Топта жұмыс істеу арқылы ізденді, білді, түсінді және туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілік сезімі артты.

Сыныптағы ахуал өте тамаша болды, себебі, балалар өте қызығушылықпен сабақты өткізді.

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды Мен берілген уақыт ішінде үлгердім.

Мен өз жоспарыма түзетулер енгізбеймін. Себебі, барлығы түсінікті болды.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.Топпен жұмыс жүргізу, оқушылардың осындай сабақтарға төселіп алғандары.

2. Оқушылардың өздігінен ізденіп, сабақтың тақырыбының толық ашылуы және сабақтың қорытындылауы, өздігінен бағалануы.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін білдім

2. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушылар менің келесі сабағымның жетілуіне өз көмектерін көрсете алатынына сенімім мол.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі