жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қ.Жұмаділов "Қозыкүрең"
|
Сабақтың тақырыбы |
Қабдеш Жұмаділов "Қозыкүрең" (3-сағаты) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мақсаттар |
- әңгіменің негізгі
мазмұны туралы түсінік қалыптастыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сілтеме |
"Қазақ әдебиеті " оқулығы 5-сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқыту нәтижесі: |
•кейіпкерлердің
іс-әрекеті туралы біле алады; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дереккөздер мен жабдықтар |
интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Тапсырмалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру |
Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Сабақ басталарда зейіндерін шоғырландырып, өзіндік реттелу жасау. Оқушылар шеңберге тұрып, бір- біріне тілектерін арнап, сенім білдіреді. |
"Тәтті тілек" (психологиялық тренинг) "Менің саған тілерім, болашағың жарқын болсын, сәттілік серігің болсын..."т.б. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып оқушыларын крестиктер-нөлдіктер арқылы топқа бөлемін |
Оқушылар крестиктер, нөлдіктер арқылы топтасады. Топтар бірігіп топтың ережесін шығарып, қабылдайды. |
"Құлагер, Қозыкүрең" (қима қағаздарға жазылған тұлпарлардың есімдері арқылы топқа бөлу) Топтың ережесін шығару. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
Үйге берілген тапсырманы пысықтау |
«Құпия қорап » әдісі бойынша қорап ішіне жаасырылған сұрақтарға топ болып жауап береді. |
«Құпия қорап» (үй тапсырмасына шолу жасау) 1. Қабдеш Жұмаділов қай жерде дүниеге келген? 2. Жазушының қандай шығармалары бар? 3. Әңгімедегі қазақ-қырғыз достығының үлгісін көрсететін кімдер? 4. Ералы мен Жұмақанды жақындастырған қандай оқиға? 5. Ағыбайлардың Төреқұл ауылына салтанатпен бару себебі неде? 6. "Қозыкүрең" оқиғасы қай жылдары болған? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Білу |
Оқушыларға ой шақыру стратегиясын пайдаланып, бейнеролик көрсетемін. Сол көргендері бойынша өз ойлары мен пікірлерін сұраймын. |
Оқушылар тақтадан көрсетілген бейнеролик туралы өз ойларын айтып, бүгінгі сабақтың не туралы екенін өздері шығарады. "Бас бармақ" әдісі Бас бармақтарын көтеру арқылы тақырыпты түсінгендерін немесе түсінбегендерін айтады. |
«Ой шақыру» стратегиясы "Көргенімнен түйгенім" Сабақтың эпиграфы: Туған жер, келдім, міне, тағы саған, Өзіңе құштарым бар арындаған. Туған жер, сүйем сені, алтын бесік, Жанымды жадыратты желің есіп... Е.Шыңғали. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Түсіну |
Ортаға 1 оқушыны шақырамын. Тақырып бойынша сұхбат құру, әңгімелеуді тапсырамын. |
Ортаға 1 оқушы шығады. Қалған оқушылардан тақырып бойынша сұхбат алады. |
"Кезбе тілші" (мәтінді түсінгендерін баяндау) І. Ағыбайдың қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапары ІІ. Ағыбай мен Төреқұл арасындағы достық ІІІ. Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесі ІҮ. Әңгімедегі Саяқбай жылқышы Ү. Қозыкүреңнің өзін-өзі жаратып, алыс жолға дайындалуы ҮІ. Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолдану |
Оқушыларға білімдерін одан әрі толықтыру оқулықпен жұмыс жүргіземін, кейіпкерлер іс- әрекетін талдатамын. |
Оқушылар әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме береді. І топ- қарт жылқышы Саяқбайға мінездеме беру. ІІ топ- Қырғыздық дос Төреқұлға мінездеме беру. |
"Кейіпкерлер келбеті" (әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру)
Қ Саяқбай
Көпті көрген Парасатты
д Төреқұл
қонақжай уәдеге берік |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Талдау |
Оқушыларға әңгімені композициялық құрылысына талдауға және "Ақырғы бәйге" әңгімесімен салыстыруға тапсырма беремін. |
І топ- Әңгімені комп.құрылысына талдау ІІ топ- "Салыстыру күнделігі" |
"Талдау - табыс кілті" (комп.құрылысына талдау) Оқиғаның басталуы- Ағыбайдың қырғыз ауылына сапары Оқиғаның байланысы- Ескі достар арасындағы әңгіме Оқиғаның дамуы- Ержанның іштей қызығушылығы Шиеленісуі- Төреқұл әңгімесі. Саяқбайдың болжамы Шарықтау шегі- Қозыкүреңнің туған еліне сағынышпен оралуы Шешімі- Төреқұлдың баға жетпес сыйы. "Салыстыру күнделігі" ("Ақырғы бәйге" мен "Қозыкүрең" әңгімесін салыстырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Сергіту сәті |
.
«Кім
көп біледі» ойыны. 8. Жаман жолдастан таяғым артық, жаман аттан
аяғым артық. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жинақтау |
Семантикалық карта
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау |
Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін. |
1-топ- Ойтолғау "Түбі бір туыспыз" 2- топ- "Жылқы-жеті қазынаның бірі" |
"Шығармашылық шыңы"
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, туған жерден, туған елден ыстық, артық еш нәрсе жоқ. Адам баласынан бастап жануар, құс атаулыға дейін туып-өскен жерінен қымбат жер жоқ. Отанымызға әрқашан адал, жанашыр болайық. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылар ды бағалау |
Оқушылардың бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын.
|
Топтан бір оқушы өзінің жұлдызын ауызша ұсынып, тілегін айтады. |
"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс |
Сабақ соңында кері байланыс жүргізу |
Оқушылар сабақ бойынша ұсыныстары мен пікірлерін стикерге жазып, арнайы жәщікке салады.
|
"Почта жәшігі"
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
Үйге
тапсырма:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген