Материалдар / Қ.Жұмағалиев

Қ.Жұмағалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыс Қазақстан облысының ақыны, сазгер Қ.Жұмағалиевтің өмірі өлеңдерімен танысу. Анашым әнінің сөзін жазған сазгер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2018
856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Зеленов аудандық білім беру бөлімі Махамбет жалпы орта білім беретін «мектеп-балабақша» кешені КММБекітемін:__________ Келісемін: ____________Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Утебалиев А.Фоменко

Сыныптан тыс шараТақырыбы: «Әуезі бөлек, жыры ерекше» (Жерлес ақын Қ.Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)







Ұйымдастырып-өткізуші:1 санатты мектеп кітапханашысы К.Е.Сапарғалиева

Қатысушылар: Мектеп оқушыларыУақыты: қараша 2017 жыл











2017-2018 оқу жылыСыныптан тыс іс-шара тақырыбы: «Әуезі бөлек, жыры ерекше» (Жерлес ақын Қ.Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Мақсаты: Егемендігіміздің, бейбітшілік пен жасампаздығымыздың арқасында, аға ұрпақ, орта буын өкілдері білгенімен, мектеп бағдарламасына еңгізілмеген, сондықтан кейінгі жастар жағы біле бермейтін жерлес ақын Қайрат Жұмағалиевтің өмірі, қызметі, өлеңдері, әндері  туралы мағлұмат беру.Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, «Ақын жырлары — жан-дүние дидары» атты кітап көрмесі, нақыл сөздер.      ЖоспарІ. «Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу» (слайд арқылы көрсету)ІІ. «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)  ІІІ. «Құлақтан кіріп бойды алар» (ақынның әндерін орындау)ІV. « Өзіндік ой» ( пән мұғалімдерінің ақын шығармашылығы туралы пікірлері)V. «Ақын жырлары — жан-дүние дидары» атты кітап көрмесіШараның барысы: Жүргізуші: Қадірлі әдебиет жанашырлары, сіздердің назарларыңызға төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты жазушы, аяулы азамат Қайрат Жұмағалиев шығармашылығына арналған «Әуезі бөлек, жыры ерекше» атты кешті ұсынамыз.Толқытар ойлар мың қилы,Армансыз әсте күн бар ма?!Жүрегі оның бұлқынды,Анадан алғаш туғанда.Оқушы жұртшылықтың назарынан тыс қалмай, қайта көңілінде ұялап, жанындай жақсы көріп кететін ақын–жазушылардың бірі. Мұндай жандардың әрбір жинағымен жүздескен сайын ең бір жақын досыңмен сырласқандай әсер қалдыраcың. Сондай авторлардың қатарынан Қайрат Жұмағалиевтің өлендерін оқушылар  мәнерлеп оқып, әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқап айтып та жүр.І «Ақынның өмірі » (слайд арқылы көрсету)Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) — ақын, аудармашы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ  бітірген (1959). 1959 — 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 — 92 жылы Қазақтелерадио комитеттінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 — 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған.МарапаттарыБелорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.1959 — 1984 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып істеген.1985—1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында аға редактор, бас редактор.1993 — 1996 жылдары Қазақстан республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші және «Сарыарқа» журналында редактор болған. Қазіргі кезде Орал қаласында тұрады, «Жайық Пресс» газетінің кеңесшісі. Ақынмен сырластары: жергілікті ақын А.Нәріков, филология ғылымының кандидаты С.Шарабасов, Ж.Шаекенов.Шығармашылығы«Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын, монғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалағанАқын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы. Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» Алматыда «Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД өздерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне аударылған.           ІІ «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)  «Туған өлкем» Амантай.Р. 10-сынып«Қазақстаным» Ахатова.Г.10-сынып«Таулар» Жасұланова.М. 9-сынып«Мұхит» Мурзагалиев.А. 10-сынып«Сен жеткіздің» Журумбаева.А. 10-сынып«Құлагер» Өтемісов.Е. 6-сынып«Өлеңге Ода» Құлжанова.Д. 6-сынып«Таңдану» Нұрланқызы.Д. 6-сынып«Пирамида туралы жыр» Наумова.А. 5-сынып

ІІІ. «Құлақтан кіріп бойды алар»

«Мейірбан ұстаздар» (орындайтын: Айталиева.А.)«Анашым» әні (ақынның әнін бейнетаспадан тыңдап, қосыла орындау)

ІV. « Өзіндік ой» ( пән мұғалімдерінің ақын шығармашылығы туралы пікірлері)М.М.Абдулова (қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі)С.У.Халенов («Асыл сөз» қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі)А.А.Фоменко (директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

V. «Ақын жырлары — жан-дүние дидары» атты кітап көрмесімен таныстыру. (Мектеп кітапханашысы К.Е.Сапарғалиева)Қорытынды сөз:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ