ҚМЖ.3D-панорама және виртуалды тур

Тақырып бойынша 22 материал табылды

ҚМЖ.3D-панорама және виртуалды тур

Материал туралы қысқаша түсінік
11.4.1.2 Виртуалды және кеңейтілген шындықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

3D - жобалау

Педагогтің аты-жөні

Г.Бейсеева

Күні:

 

Сынып:11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

3D-панорама және виртуалды тур

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.4.1.2 Виртуалды және кеңейтілген шындықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту;


Сабақтың мақсаты

  • Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Құндылықтарға баулу:

Виртуалды және кеңейтілген шындықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы түсіндіру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

2) "Қуаныш шеңбері" әдісі арқылы сыныпта қолайлы психологиялық атмосфера қалыптасады. Оқушылар бір-бірімен жақсы тілектер алмасып, бүкіл сыныптың көңіл-күйін көтереді.

3) Үй тапсырмасын тексеру

  1. Виртуалды шындық технологиясы қалай жұмыс істейді?

  2. Виртуалды шындық адам миына қалай әсер етеді?

  3. Виртуалды шындықты қолданудың қандай негізгі мақсаттары бар?

  4. Виртуалды шындық ойындары шын өмірмен қандай айырмашылықтар мен ұқсастықтарға ие?

  5. Виртуалды шындықтағы адам қатынасы физикалық әлеммен қалай байланысады?

  6. Виртуалды шындықтың денсаулыққа әсері қандай?

Білімді өзектендіру

Бұл суреттерді не біріктіреді?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыз?

- Панорама нені білдіреді?

Сабақтың тақырыбын тұжырымдау және сабақтың мақсаттарын анықтау.

Балалар сабаққа дайындалады





Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады

Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Компьютер




Сабақтың ортасы

35 мин


Жұппен жұмыс жасау

Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, "3D-панорама" тақырыбы бойынша өздерінің тірек конспектін жасайды. Оқушылар жұптасып, тірек конспектілерімен алмасады және тақырыпты бірлесе отырып талдайды

Сергіту сәті

Білімді бекіту.

1-тапсырма. Жеке жұмыс

3 D-панорама -_______

____________________

____________________

____________________

Виртуалды тур-______

_______________________________________

_______________________________________

2-тапсырма. 3D-панораманың негізгі түрлерін сәйкес анықтамалармен байланыстыр:

1)Жазық панорама


а) Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді сурктті береді.

2)Сфералық панорама

б) Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады.

3)Цилиндрлік панорама

с) Бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.

4)Текшелі панорама

д) Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.


3-тапсырма. Панорама жасау кезеңдерін дұрыс ретпен орналастыр:

  1. 3D панораманы біріктіру

  2. Графикалық файлдарды 3D панорамаға түрлендіру

  3. Фотосуреттерді өңдеу

  4. Фототүсірілім жасау

4-тапсырма. «3D панорамалар мен виртуалды турлардың артықшылықтар мен кесшіліктері» атты шағын зерттеу жүргіз, нәтижесін презентация түрінде рәсімде.

Тақырып бойынша өздерінің тірек конспектін құрастырады


Көз жаттығуларын орындайды





Дескриптор:

- 3D-панорама, Виртуалды тур анықтаиаларын жазады






Дескриптор:

- сәйкестікті белгілейді















Дескриптор:

-3D турларды қолдану салаларын жазады




Дескриптор:

- презентация құрады



«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі












2 балл










4 балл

















2 балл







2 балл







Презентация,

оқулық












Жұмыс парағы, оқулық








Сабақтың соңы

5 мин



Үй тапсырмасы:

Адам қызметінің кез-келген саласын таңдап, 3D панорамасы мен виртуалды турдың мүмкіндіктерін талдап жаз

Үй тапсырмасын жазады.



Өз жұмыстарын бағалайды

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады

Білім класс


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.11.2024
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі