Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 1-сынып. "Х" еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұнды 1-сынып мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар. Бір сабақтың жоспары нақты және толық жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 1

Пәні: сауат ашу

Мұғалім: Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы


Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріптерді таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқыту мақсаты

Х дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар орындай алады:

«Х» дыбысы мен әрпімен танысады;

Көпшілік оқушылар орындай алады.

«Х» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келетіндігін үйренеді; Хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасайды.

Тілдік мақсаттар

Хат, хайуан, хайуанат, хабар, халат, шахмат, ұстахана, шеберхана.

Бағалау критерийлері

-Әріпті таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді.

-сөз құрамындағы әріптің орнын анықтайды.

-әріпті қатыстырып сөз құрайды.

Дескрипторлары

-әріпті таниды;

-әріпті ажыратады;

-әріпті дыбыспен сәйкестендіреді;

-сөз құрамындағы әріптің орнын анықтайды;

-сөйлем құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотыңдалым,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

















Психологиялық ахуал:

Қоңырау соғылады.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Топқа бөлу: «Мозайка»

Нәтижесінде «Асхана», «Хоккей», «Шахмат» топтары анықталады.Топ атауларын буынға бөлу, сөз құрамында «Х» дыбысының қай жерде келетінін анықтау, сөздерге дыбыстық талдау жасау ұсынылады.


Саралау тапсырмасы:

А) Х дыбысының орнын айтады;

В) Сөздерді буынға бөледі;

С) Дыбыстық талдау жасайды.












ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторлары:

-сөздерді буынға бөледі;

-сөз құрамындағы «Х» дыбысының орнын анықтайды;

-дыбыстық талдау жасайды.














Мозайкалар, топ атаулары жазылған парақшалар.

Shape1



«Үш шапалақ»

Оқулық

Һttps://www.

Google.kz

Суреттер топтамасы





Сабақ ортасы

18 мин

Топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла»

1-топ: «Артығын тап»


Хат, хабар, халат, шахмат, хайуан, хайуанат


ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторы:

-артық суретті табады;

-артық сөзді табады.


2-топ: «Кім жылдам?» Сурет бойынша сөйлем құрайды


ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторы:

-«Х» дыбысы бар сөзді табады;

-сөйлем құрайды.


3-топ: «Кім тапқыр?»

«Хана» буынына сызба бойынша сөз құра.

Рисунок 3


ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторы:

-«Хана» буынына сөз құрайды;

-құраған сөзіне дыбыстық талдау жасайды.



Суреттер топтамасы, сөздер топтамасы, оқулық.






































Сергіту сәті

2 мин




8 мин






















Сабақтың аяғы

10 мин












Ха\ха\ха\ха\

Хо\хо\хо\хо\

Хи\хи\хи\хи\

Халәләкуләйләй.


Көркем жазу

-әр топ жіптен «Х» әрпін бейнелейді.

-дәптерге жазады.

Х дегенім халуа,

Хош иісі жоқ жаңылма.

Халуаны таны да,

Хамиттің қой алдына,- өлеңін оқимын. Оқушыларға х дыбысы бар сөздерді тауып жазу тапсырылады.

Халуа, хош, халуа, Хамит


ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторы:

-«Х» әрпін бейнелейді;

-дәптерге жазады;

-өлеңнен х дыбысы бар сөздерді анықтайды;

-хдыбысы бар сөздерді дәптерге жазады.



«Тілші» әдісі. Ортаға бір тілші шығып сурет бойынша балаларға сұрақ қояды.


  • Сен кітапханаға бардың ба ?

  • Кітапханада нелер көп?

  • Асханадан қандай тағамдар алып жедің?

  • Дәріханада нелер көп болады?

  • Ауруханада кімдер жұмыс жасайды?

  • Ұстаханада кім жұмыс жасайды?


ҚБ «Білім ағашы»

(Оқушылар сабақ бойынша алған әсерін үш түсті алманы таңдап, білім ағашына жапсырады)







дәптер, қалам, жіп














суреттер, микрофон










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Топқа бөлу кезінде

саралау тапсырмасы:

А) Х дыбысының орнын айтады;

В) Сөздерді буынға бөледі;

С) Дыбыстық талдау жасайды.


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


  • Сөздерді дұрыс оқып, дұрыс буынға бөле білген жағдайда;

  • Әріпті өз бетімен дұрыс жаза білген жағдайда;

  • Оқушылар өз бетімен сұрақты қоя біліп, сұраққа дұрыс жауап білген жағдайда бағаланады.




Денсаулық және қауіпсіздік ережесінің сақталуы. АКТ-мен байланыс


Суреттермен жұмыс жасай отырып, хайуанаттар бағына барған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі.

Әріптің дұрыс жазылуын интербелсенді тақтада көрсетіледі.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2018
6169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12