Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 3 тоқсан 130 бұйрықпен жасалған. Физикадан 7 сынып Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 3 тоқсан 130 бұйрықпен жасалған. Физикадан 7 сынып Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Қысым. Жұмыс және қуат

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну


Сабақтың мақсаты:

  • ЕБҚ: Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

  • Атмосфералық қысымның биіктікке байланысын түсіндіру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


1. Сәлемдесу, оқушыларға жоқтама жасау, сынып тазалығына мән беру

«Сиқырлы барабан» әдісі арқылы топқа біріктіру

Үй тапсырмасын «Додокаэдр» әдісі арқылы сұрау

  1. Гидравликалық цилиндрдің пайдасы қандай?

  2. Гидравликалық престің атқаратын қызметі

  3. Гидравликалық машиналар қандай қондырғылар?

  4. Гидраликалық престің құрылысы қандай?

Сәлемдеседі


Топка бірігеді

Мұғалімнің кері байланысы


Таратпа материалдар


15 минут





Жаңа тақырыпты бейнеролик арқылы түсіндіру

Ой қозғау арқылы жаңа сабақты ашу

Тапсырма№1

«Сұрақ меннен, жауап сеннен» әдісі арқылы жеке жұмыс орындайды

БК: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысын түсіндіру


Бейнеролик көріп,жаңа сабақ мазмұнымен танысады








Оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап береді.












Дескриптор:

  1. Барометрдің қызметін түсіндіреді.

  2. Қысымның әртүрлі өлшем бірліктерін салыстырады.

  3. Әртүрлі биіктіктегі атмосфералық қысымның өзгерісін түсінеді.



ҚБ: «Бағдаршам»



https://youtu.be/IYr7t81UpI8?si=5AVmqy3hgaNdRmd1

Оқулық

Таратпа материал










Қосымша №1

Сабақтың

ортасы

20 минут
















Тапсырма№2

Жұптық жұмыс

ЕБҚ тапсырмасы есептер шығарады.

БК: Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну





Тапсырма№3


«Зерттеушілік» әдісі арқылы құрылымдалған тапсырманы орындайды


Оқушылар топта бірлесіп есептер шығарады.










Оқушылар жұптасып құрылымдалған тапсырманы шешеді

Дескриптор:

Атмосфералық қысымның өлшем бірліктерін түрлендіреді.Табиғатын түсіндіреді.


ҚБ: Мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау жүргізіледі.



Дескриптор:


  1. Тянь-Шань тауының қандай бөліктері Қазақстанға тиесілі?

  2. Неліктен Тау шыңына көтерілген сайын қысым азаяды?

  3. Қысымдардың айырмашылығын айтады.

  4. Тянь-Шань тауының ең биік шыңындағы барометрдің көрсететін сынап бағаны.

  5. Адамның таудың қандай биіктігіне дейін көтерілгендігін табады


ҚБ: Өзара бағалау




Қосымша №2










Қосымша №3


Сабақтың соңы:

5 мин


Кері байланыс

«Плюс-Минус-Қызықты» арқылы

Үй тапсырмасы Гидравликалық прес

Ауызша кері байланыс береді



Оқулық





Ресурстар

Қосымша №1

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Шприцпен сұйықтықты тартып алғанда қандай құбылыс байқалады?

  2. Барометр не үшін қолданылады?

  3. Атмосфералық қысым не үшін керек?

  4. Адамның тыныс алуы қандай физикалық құбылыс арқылы жүзеге асады?

  5. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне не алынады?

  6. Атмосфералық қысым таулы жерлерде жазықтағыдан гөрі неге төмен болады?

  7. Неліктен реактивті ұшақтар атмосфераның жоғарғы қабаттарында үлкен жылдамдықпен ұша алады?

  8. Парашютшілер өте биікте ұшып бара жатқан ұшақтан секіргенде неге оттекті масканы пайдаланады?


Қосымша №2

Тапсырма №2

  1. Барометр 780 мм сын. бағанын көрсетіп тұр. Бөлменің атмосфералық қысымы қанша Па?

  2. Массасы 60 кг, бойының ұзындығы 1,6 м адамның дене бетінің ауданы жуықтап алғанда 1,6 м2. Адамға әсер ететін қысым күші.

  3. Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын. бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 сын. бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?

  4. Бөлменің атмосфералық қысымы 105 Па болса, барометр қандай сынап бағанын көрсетеді?


Қосымша №3

Тапсырма №3

Тәңір тауы, кейде Тянь-Шань – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі. Тәңір тауының орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км Тәңір тауы солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырымен түйіседі. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тәңір тауы ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады. Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тәңір тауы Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тәңір тауы жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Оңтүстік Тәңір тауы Алай жотасы, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тәңір тауы ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тәңір тауы етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Турфан ойысы орналасқан.



a.Тянь-Шань тауының қандай бөліктері Қазақстанға тиесілі?

b.Неліктен Тау шыңына көтерілген сайын қысым азаяды?

c.Тәңір тауының етегіндегі және шыңындағы қысымдардың айырмашылығы қандай?

d.Тянь-Шань тауының ең биік шыңындағы барометрдің көрсететін сынап бағаны.

e.Күнгей Алатауының етегінде барометр 765 мм сын. бағанына, ал белгілі бір биіктікке көтерілгенде 710 мм сын. бағанына тең екенін көрсетті. Адам таудың қандай биіктігіне көтерілді?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2024
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12