Материалдар / ҚМЖ 5-сынып Су-тіршілік көзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ 5-сынып Су-тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
2072
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Сабақ :

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Су-тіршілік көзі



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар жазылым тапсырмасының алдында эссе мазмұнындағы қолдануға мүмкін болатын сөздермен танысу арқылы дескрипторлардың көмегімен эссе жұмысын жазады.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындаудакөрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың су ресурстарының ластануына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, жазалым тапсырмасына қатысты бейнебаян

Бағалау критерийлері:

Тақырыпқа қатысты оқиғаны сипаттайды.

Эссе құрылымын сақтайды.

Дескрипторлар:

эссенің кіріспе бөлімінде өзен жағасының қоқыс орнына айналғанын сипаттайды; (15 сөз)

эссенің негізгі бөлімінде достарымен өзен жағасын тазалау жұмысы туралы сипаттайды; (40 сөз)

эссенің қорытынды бөлімінде ауыл тұрғындарының ризашылығы туралы сипаттайды. (15 сөз)

эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:өзен жағасы, қоқыс, демалушылар, қоқыстан тазарту, риза болу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Сондықтан, өйткені, бірақ

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғаламшардағы су мәселесіне қатысты ақпаратқа өз көзқарасын білдірді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

6минут


Қызығушылықты ояту

«Мусорные люди» на пляже Барселоны»шағын бейнебаянын көреді.3 минут


Ой шақыру сұрақтары: 3 минут

Бейнебаянда қандай мәселе көтеріледі?

Сіздердің ауылдарыңызда өзен бар ма?

Оның айналасы ластана ма?

Оны кімдер ластайды?

Өзен жағасын қоқыстан кім тазалайды?

Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.


Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.


https://www.youtube.com/watch?v=qOUzw51fRTA



Сабақ ортасы

34 минут





Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады.2 минут


Жазылымалды тапсырмасы

Сөздікпен жұмыс. 7 минут

Мұғалім оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестерін таратып, мағынасын суреттер арқылы тақтадан көрсетеді. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, ауызша сөйлемдер құрайды.

Сөз

Сөз тіркесімділік

Сурет

Өзен

Өзен жағасы

Демалушылар

Демалушылар демалады

Демалу, тынығу

Өзен жағасында демалады

Қоқыс

Қоқыстарды тастайды

Тазалау, тазарту

Қоқыстан тазалау

Қоқыстан тазарту

Қап

Қапқа салу

Риза болу, разы болу

Тұрғындар риза болды

Тақтайша

Арнайы тақтайша


Жазылым тапсырмасы 22 минут.

Жағдаят. Сіз тұратын ауылда өзен бар. Жаз бойы оған демалушылар келеді. Өзенге демалуға барған сіз оның айналасындағы шашылып жатқан қоқыстарға тап болдыңыз. Көргеніңізді достарыңызға айтып, өзен жағасын қоқыстардан тазартуды шештіңіз. Достарыңызбен бірлесіп атқарған істеріңізді сипаттап жазыңыз. Сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.(60-70 сөз)


Кері байланыс. 3 минут

Эссе жазуда қандай қиындық туды?

Барлық дескрипторларды орындай алдыңыз ба?

Сөздікпен жұмыстың қандай пайдасы болды?







Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар


































Қалыптастырушы бағалау парағы









Сабақ соңы

5минут


Рефлексия3-2-1

Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді. Бірнеше оқушылардың пікірлері тыңдалады.


1.Сабақта маған пайдалы болды.

1. ................... 2. .............................. 3. .........................

2. Маған қиын болды.

1. ................... 2. ..............................

3. Маған көмек қажет.

1. ...................

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау.

Таратпа парақшалар










Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)







Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!