400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. 7-сынып.М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің композициялық құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ. 7-сынып.М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің композициялық құрылымы
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-БӨЛІМ: Балалар мен үлкендер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің композициялық құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша эпизодтар мен бейнелерді біледі

Оқушылардың көбісі: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау жасайды;

Оқушылардың кейбірі: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдап, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І. Қызығушылықты ояту

  • Тақырыбы бойынша видеоматериал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)

  • Тірек – сызба бойынша сөйлеу.

Shape1



  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Тақырыбы: Қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері

Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тақырып бойынша видеоматериал көру , алған әсерлерімен бөлісу.

Тірек – сызба бойынша сөйлеу.




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау




ҚБ








7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы








Сабақтың ортасы











































ІІ. Мағынаны тану

  • Балалар, композиция дегеніміз не?

  • Шығарманың сюжеті деп нені айтамыз?(балалар жауабы тыңдалады)

  • Олай болса, біз бүгін «Көксерек» әңгімесінің композициялық құрылымын талдаймыз.

Тапсырма. Шығарманың композициялық жоспарын құру.

  1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.

  2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.

  3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

  4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

  5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.

  6. Дескрипторлар:

  • Шығарма мазмұнын еске түсіреді;

  • Шығарманың композициялық құрылымын құрады.

ҚБ

ІІ кезең. Жалғау.

  • Видеоматериал «Көксерек» 1 минут

Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызықты деректер:

Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Топтық тапсырма.

1-топ. Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.

1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

6. Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Дескрипторлар:

  • Шығарма мазмұнын бойынша проблемаларды салыстырады;

  • Зерттейді;

  • Мазмұнды талдайды;

  • Суреттейді;

  • Дәлелдейді

  • Дәлелдер келтіре отырып, ой қорытындысын шығарады.

ҚБ

2-топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синквэйн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр

2. ------------------------------Жыртқыш,қомағай.

3. ------------------------------Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. ------------------------------Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

5. ------------------------------Бөрі,көкжал.

1. Аңшы

2. ------------------------------Қырағы,сақ

3. ------------------------------Атады,көздейді, аулайды,

4. ------------------------------Аңшы қансонарда аңға шығады.

5. ------------------------------Мерген.

Дескрипторлар:

  • Зат есімді сипаттайтын екі сын есім анықтайды;

  • Үш етістік табады;

  • Кейіпкер іс-әрекетін анықтайтын етістік жазады;

  • Сойлем жазады;

  • Зат есімге синоним анықтайды.

ҚБ

3-топ. Венн диаграммасы.

Shape2

Дескрипторлар:

  • Ауыл өмірінің ерекшелігін жазады;

  • Тағылық өмірдің ерекшелігін анықтайды;

  • Ұқсас қасиеттерін жазады.

ҚБ

Бекіту. Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.

Тақырыптар:

    1. Жазушымен сырласу,

    2. Табиғатқа тіл қату,

    3. Адамдарға үн қату.

Дескрипторлар:

  • Сұрақтар бойынша ой қорытады.

  • Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады

ҚБ

Оқушылар әдебиет теориясы бойынша білімдерін еске түсіреді.








Шығарма мазмұнын еске түсіреді;

Шығарманың композициялық құрылымын құрады.


Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм туралы мәлімет алады.



Топтық тапсырма орыныдайды.

Кубизм әдісі бойынша кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіріп, қай қырының сұрағы түссе, соған жауап береді.







Синквэйн әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазады.












Венн диаграммасы арқылы салыстырады.










Тақырыпты қорытындылайды.






ҚБ






























ҚБ

















ҚБ







ҚБ





ҚБ




7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы









М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі









Әдебиет хрестоматиясы


















































Сабақтың соңы


Кері байланыс.

Үйге тапсырма: кейіпкерге хат.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі