Материалдар / ҚМЖ Алаш азаматтарының арманы

ҚМЖ Алаш азаматтарының арманы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында өткен ашық сабақ жоспары
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Терешкова атындағы № 31 жалпы орта білім беретін мектебі


11 «Ғ» сыныбы Әдебиет сабағы





АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:

Алаш азаматтарының арманы




Өткізген: Тогусбаева Г.А.





Шымкент қаласы

Пәні: қазақ әдебиеті Сынып: 11 «Ғ» Мұғалім: Тогусбаева Г.А.


Сабақтың тақырыбы:

Алаш азаматтарының арманы.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ тарихында, әдебиетінде ойып орын алатын қаламгерлерді, көрнекті қайраткерлерді, тарихи тұлғаларды кеңінен таныту арқылы туған жерін, елін, халқын сүйе білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, көркем әдеби тілде сөйлету.

Негізгі дерек көздері:

Плакаттар, ресурстар, түрлі-түсті қағаздар, көркем әдебиеттер, слайдтар, т.б.

Модульдердің кіріктірілуі:

Барлық жеті модуль

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру


3 мин

Сабақтың сәтті өтуі үшін не істеуіміз керек?


Мұқият тыңдау, тәртіп сақтау, бірін-бірімізді тыңдау, уақытты тиімді пайдалану, белсенділік таныту, т.б.





Оқулық, ресурстар, плакаттар,

тірек сызбалар, көркем әдебиеттер, т.б.

Топтастыру.

2 мин

«Үш бәйтерек», «Бес арыс», «Алаш азаматтары» сөздерін таратып беру арқылы топқа бөлу.

«Үш бәйтерек» сөзін алғандар – І топ, «Бес арыс» сөзін алғандар – ІІ топ, «Алаш азаматтары» сөзін алғандар – ІІІ топ болып жайғасады.

Үй тапсырм. сұрау


Өткенді пысықтау. Жүйрік болсаң шауып көр:

Оңай сұрақтарға ойланбай тез және нақты жауап беру керек.

Жаңа сабаққа дайындық

3 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Алаш азаматтарының арманы

Кім қандай тақырыпта, қандай шығарма жазды, сол шығармасы арқылы нені айтқысы келді? Оқушылар өз ойларын айтады.

Жаңа сабақ

10 мин

Мәтінмен жұмыс: (ресурстар беріледі) Джигсо әдісімен оқып, түсініктерін айтады.

І топ ІІ топ ІІІ топ

Пысықтау

3 мин

Сандарды сөйлетейік!

Сандар жазылған қағаздарды алып, сол жылдары не болғанын айтады.

Дамыту

2 мин

«Үндемес» ойыны. Сұрақтарға жазбаша жауап береді.

Байтұрсыновтың «Маса» жинағын шығарудағы мақсат -

Мемуарлық роман –

Бекболат, Балташ қай шығарманың кейіпкерлері -

Сұрақтар: «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы?–

«Кедей» поэмасының авторы? –

4 жасында мектепке барған кім? –

«Әдебиет танытқыш» кімнің еңбегі ?–

Талдау, талқылау.

10 мин

Жағдаяттық сұрақтар: 1). Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?

2). ХХ ғасырдың басындағы қазақ елін тарихпен байланыстырып айтып көр.

3). Сол кезде Алаш азаматтары бас көтеріп шықпағанда, өлім жазасына кесілмей, ұзақ өмір сүргенде (90-100жыл) қазір Қ. қандай жағдайда болар еді деп ойлайсыңдар?

Берілген сұрақтарды топта талқылап, сыни тұрғыда ойлана отырып жауап береді.

Блум таксономиясы

Болжау стратегиясы.

Бекіту

5 мин

Постер құру. Алаш азаматтарының арманы – біздің де арманымыз.

Өз ойларын қағазға түсіріп, топ алдында қорғайды.

Сергіту сәті

5 мин

Сергіту сәті: Әр топ өзі жасайды.


Кері байланыс

5 мин

Шаттық шеңбері: 2 тілек, 1 жұлдыз

«v», «+», «-», «?», арқылы өз ойларын білдіреді

Бағалау

3 мин

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау

Топта, жұпта, жиынтық бағалау

Үйге тапсырма беру

2 мин

Үй тапсырмасын түсіндіру

Тест жұмысына дайындалып келу.




ДОІЖО: Арынбаева Г.К.





Қосымша ресурстар:


Жағдаяттық сұрақтар:

  1. Алаш ұлдарының орнында болсаң не істер едіңдер?

  2. Егер Алаш ұлдары сол кезде бас көтеріп шықпаса, не болар еді?

  3. Алаш ұлдары ұзақ өмір сүргенде, мысалы, 80-90 ж. қазір Қазақстан қандай жағдайда болар еді?

Жақсы сөз – жарым ырыс:

Сабақтың сәтті өтуі үшін не істеуіміз керек? Тыныш отыруымыз керек, мұқият тыңдауымыз керек, тәртіп сақтауымыз керек, бірін-бірімізді тыңдауымыз керек, уақытты тиімді пайдалану керек, белсенділік танытуымыз керек, т.б.

Топтастыру:

Алаш азаматтары, «Үш бәйтерек», «Бес арыс»

Жүйрік болсаң шауып көр: Оңай сұрақтарға ойланбай тез және нақты жауап беру керек.


І-топқа:

  1. «Маса» жинағының авторы? (А.Байтұрсынов)

  2. Сосновец лагерінде қайтыс болған кім? (М.Дулатов)

  3. «Оян, қазақ!» жинағының авторы? (М.Дулатов)

  4. «Қамар сұлу» кімнің шығармасы? (С.Торайғыров)

  5. Қуғын-сүргінге ұшырағандар: «Бес арыс», «Үш бәйтерек», т.б.

  6. Зиялы қауымды қуғындау қай жылдары жүрді? (1928-1938)

  7. «Аққудың айырылуы» поэмасының идеясы? (махаббатты үлгі ету)

  8. Шілде айына өлең арнаған ақын? (С.Торайғыров)

  9. М.Жұмабаевтың алғашқы өлеңдер жинағы? («Шолпан» 1912ж.)

ІІ – топқа:

  1. А.Байтұрсынов қандай газет шығарды? («Қазақ» газеті 1913ж.)

  2. А.Байтұрсынов қандай партия құрды? (Алаш партиясын)

  3. М.Дулатовтың ең алғашқы жинағы қалай аталады? («Оян, қазақ!» 1909ж.)

  4. «Бақытсыз Жамал» қашан, қай жерде басылып шықты? (1910ж. Қазанда)

  5. Сейфуллиннің шығармасын аташы? ....

  6. Байтұрсыновтың «Маса» жинағын шығарудағы мақсаты (халқын маса болып ояту)

  7. Ж.Аймауытовтың әңгімесі? («Әнші», «Елес», «Жапырақтар», т.б.)

  8. С.Торайғыровтың өмір сүрген жылдары? (1893-1920)

  9. М.Жұмабаев дүниеге келген көлдің атауы («Сасықкөл»)


ІІІ – топқа:

  1. Тұңғыш рет өлеңмен роман жазған қаламгер? (С.Торайғыров «Кедей», «Адасқан өмір»)

  2. Б.Майлиннің өмір сүрген жылдары? (1894-1938)

  3. Сәкен Сейфуллиннің шын аты (Сәдуақас)

  4. Мырқымбай кімнің кейіпкері (Бейімбеттің)

  5. Қазақ жазуының реформаторы (А.Байтұрсынов)

  6. Шәкәрімнің поэмалары («Қалқаман-мамыр», «Қодардың өлімі», «Еңлік-Кебек», т.б.)

  7. «Жиған-терген» кімнің өлеңі (Байтұрсыновтың)

  8. Шәкәрім Абайдың қандай туысы (немере інісі)

  9. Адамдық борышың, -Халқыңа еңбек қыл. Үзіндісінің авторы (Ш.Құдайбердиев)

Мәтінмен жұмыс: Джигсо әдісімен оқып, түсініктерін айтады.

Мықты болсаң тауып көр:

«Үндемес» ойыны: Сұрақтарға ойланып отырып жауап беру.

  1. «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы – махаббат бостандығы

  2. «Кедей» поэмасының авторы – С.Торайғыров

  3. 4 жасында мектепке барған кім? - (Мағжан)

  4. «Әдебиет танытқыш» кімнің еңбегі – (А.Байтұрсыновтың)


«Сандарды сөйлетейік».

Сергіту үшін: Өлеңдерді мәнерлеп оқу


Ойлы болсаң, озып көр: Жағдаяттық сұрақтар:

Жағдаяттық сұрақтар: 1). Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?

2). ХХ ғасырдың басындағы қазақ елін тарихпен байланыстырып айтып көр.

3). Сол кезеңде Алаш азаматтары бас көтеріп шықпағанда, өлім жазасына кесілмей, ұзақ өмір сүргенде (90-100жыл) қазір Қазақстан қандай жағдайда болар еді деп ойлайсыңдар?


Құпия қазына: (Мөлтек сыр)

Постер жасау, оны топта қорғау.


І – топ: Қазақ әдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар білім, ғылым, жалпы ұлттың руханият саласында еңбек еткен. Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған. Сұлтанмахмұт өз тұсындағы қазақ қоғамының іріп-шіріп жаңару күтіп отырғандығын тіпті өткір айтты. Ресейдің Қазақстанды отарлауы, Қазақ даласындағы капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі қазақтарға қандай пайда, қандай зиян әкелгені де көркем әдебиетте айқын көрінеді. Саудаға құнығу, дүниенің бәрін сатып алуға құмарту, адам құлқының бұзылуы, патшашыл әкімдердің арызқойлықты көбейтуі – дәуір ақындарының бәрінің сынға алған жайлары. Қоғамның ұнамсыз құбылыстары әдебиет арқылы халықтың таразысына түсіп, оларға үкім шығарылды.


ІІ – топ: Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарынды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дархан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапты.


ІІІ – топ: ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиетінде ақындықтың, жазушылықтың жаңа үлгісі пайда болды. Ақын дегеніміз бұрынғыдай «жоқ, барды ертегіні термек үшін» емес, халық тағдыры мен өмірі үшін күрескер азаматқа айналды. Ол – сол халықтың өкілі бола отырып, оның жақсы, адамгершілік қасиеттерін, арман-мұңын, тілегін жырға қосты.

Жаңа жанрлар туды, ескі жанрлар жаңа мазмұнмен толықты. Абай, Шәкәрім тұсында қазақтың байырғы өлеңі қалай түлеп, өзгергенін, оның мазмұны мен түріне қандай өзгерістер кіргенін көрсек, Сұлтанмахмұт өлеңмен жазылған роман мен реалистік поэманың үлгілерін жасады. Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт поэзиясында азаматтық лирика басым келеді. Прозалық роман жазуға талап жасалды.Мұның бәрі қазақ ақын-жазушыларының ескі әдеби үлгіні місе тұтпай, заман шындығын жырлау талабымен бірге мазмұн мен түр, жанр жағынан да ізденіске түскенін көрсетеді. ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар шығармаларында сыншыл реализмнің едәуір өскендігі көрінеді.

Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңінде белсенді қызмет еткен ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, І.Жансүгіровтер де өз шығармашылық қызметін ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ демократтық, ағартушылық бағытта бастаған еді. Олар Абай дәстүрінен үйреніп, Ахмет көтерген азаттық, тәуелсіздік идеясын жырлауды жалғастырды. Сонымен бірге оны жаңа дәуірге алып өтті. Жаңа әдебиет өмірді реалистік суреттеу мен азаматтық үлгіні, гуманизм мен демократтық көзқарасты, Отан сүю мен туысқандық идеяларын классикалық әдебиет дәстүрінен алып, жаңа жағдайға лайықтап дамытты. Сондықтан бұл дәстүрлер жаңа кезеңдегі қазақ әдебиетінің қайнар көзі болып табылады.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі