ҚМЖ Ашық сабақ Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Ашық сабақ Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

«Тарих тағылымы»

Педагогтің аты-жөні

педагог-зерттеуші (Lesson Study зерттеуі бойынша ашық сабақ)

Күні:


Сынып: 10а

Қатысушылар саны: 27

Қатыспағандар саны: 2

Сабақтың тақырыбы

Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

Сабақтың мақсаты

Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтап, шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды,


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Үй тапсырмасын тексеру

1Shape1 05 бет 3-тапсырма. Поэмадағы символдардың мәнін ашыңдар. "Көкбөрі", "қыран" ненің символы?



Picture 1 Picture 2

Ой қозғау. Психологиялық ахуал.


Shape2


Поэмадағы символдар мәнін ашады. «Көбөрі» мен «Қыран» ненің символы екендігін ашып көрсетеді.









Тақырыпты ашу барысында өз ойларын ортаға салып, пікір алысады






Бірін-бірі бағалау

Мадақтау






Қосымша дереккөздер






Сабақтың ортасы

1-тапсырма.

Топтық жұмыс


1-топ. «Атрибут дөңгелегі». Сұрақтарға жауап бере отырып, үзіндіге талдау жасау


Жалғыз арқар.

Жалғыз оқ.

Жалғыз құздың басында –

Селт етпейді боранға,

Селк етпейді жасынға.

Мұңлы қоңыр жанары бір жанады, бір өшіп,

Ажалына сүйеніп, қатып қалған сіресіп.

Қос өкпесі деміксе - жусан исі бұрқырап,

Таңғажайып тағдырға тау тағысы тұр шыдап.

Жапанда жалғыз бәйтерек, айнала дауыл боратқан.

Жапырағын желге ол тонатқан.

Өз діңіне сүйеніп,

Шайқалса да жарықтық құламайды құрдымға –

Тамыры шынжыр болаттан.


Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше –

Қияметтей жол жүрдім.

Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз, тоңға ұрдым.

Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым.

Өмір сүрдім дегенім - тырағай тірлік, тірі егес.

Тек өлген соң боламын құбылмалы құр елес.

Алабөтен тағдырым

Такламакан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз.

Қабірімнің басына сексеуіл өсер, гүл емес ...

Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын.

Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң.

Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін,

Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.


Дескриптор

  • кім? не? сұрағына жауап береді-1

  • қашан? сұрағына жауап береді-1

  • қалай? сұрағына жауап береді-1

  • неге? сұрағына жауап береді-1


2-топ. «FILA кестесін» толтыру арқылы поэмада көтерілген мәселені талдау.



Бұл жалғанда кім жалғыз?!

Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз.

Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздығын сезінер,

Таң алдында көз ілер...

Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда.

Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да.

Аспанды бұлт торлайды, жауынсыз жер сорлайды.

Абылай хан жалғыз болғансын, Бұхар екеу болмайды.

Махамбет жалғыз құбылыс, Исатай оқыс бұрылыс.

Ақжайық көздің жасындай, Қарой топырақ бір уыс...

Қиял - қыран, ақыл - шың. Майдансыз қайтпас жау беті.

Сен де, жалғыз батырсың. Ер Баукең Момыш әулеті.

Көңілде бар көп түйткіл, айтыла бермес көбінде.

Өмір жалғыз болғасын, екеу емес өлім де.

Өз көзіммен көргем жоқ, себебі әлі өлгем жоқ.

Тозақ та жалғыз деседі, жұмақ та жалғыз деседі.

Бір қынаптың ішіне екі қылыш түнемес.

Айтарым бірақ, бұл емес.


Дескриптор

  • деректер келтіреді-1

  • идеясын анықтайды-1

  • сұрақтар қояды-1

  • әрекетті жопарлайды-1




3-топ. «Балық қаңқасы».

Үзіндіде аталған географиялық атаулардың жалғыздық себебін анықтап, дәлел келтіру, қорытынды жасау.


- Кім жалғыз бұл жалғанда?!

- Қара жер жалғыз қашанда.


Алатау, сен де жалғызсың.

Көгілдір нілге шыланған, Күнікей қыздай сыланған –

Көкшетау, сен де жалғызсың.

Қазынасы қат-қабат, арулары ақ тамақ –

Қаратау, сен де жалғызсың.

Алтынын бұлттай көшірген, бұғысын ұлдай өсірген –

Алтай, сен де, жалғызсың.

Шекарасы темірден, байлығы мұнай, көмірден,

Ақыны бұлттай егілген Жайыртау, сен де жалғызсың.

Патшаның алтын тағындай, адамзаттың бағындай,

Хан-Тәңірі, сен де жалғызсың!

Таңғажайып ертектей, еңіреп туған еркектей –

Тарбағатай, сен де жалғызсың.

Кешір, мені, тауларым, жалғыз-жалғыз болғасын,

Қосылмайды бастарың. Араласпайды тастарың ...


Дескриптор

  • мәселені белгілейді-1

  • себебін анықтайды-1

  • деректер келтіреді -1

  • қорытынды жасайды -1



4-топ. «Эмоция графигі».

Поэма үзінділерінен автор бейнесін, көңіл-күйін анықтау.

(4 шумақ – 4 эмоция)


1.Сұңқар басын тасқа ұрды, Өз үкімін паш қылды.

Жалғыздықтан қорықпаймын, топқа, жікке бөлінген,

құм төбедей өрілген тобырлардан қорқамын.

Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын.


2.Тырналар үшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып.

Ал, құстардың тектісі — қырандар жалғыз самғайды.

Жер мен Көкті шарлайды.

Тексіз шиебөрілер

оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып,

Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады.


3.Күн баласы Арыстан, түн перісі Сілеусін,

тау серісі Барысың жалғыз-жалғыз жортады.

Күйбеңдемей күй кешіп,

өзіне-өзі сенеді тәкаппарлық, паңдықпен.


4.Ығысады олардан былайғы топшыл аң біткен.

Сыбыры көп болғанмен, сылдыры көп болғанмен –

Жолбарыс үрікпес қамыстан.

Ажалдан емес, Сұңқарша өлермін түбі намыстан.


Дескриптор

  • автор бейнесін, көңіл-күйін анықтайды

1-шумақ -1

2-шумақ-1

3-шумақ-1

4-шумақ-1



2-тапсырма.

Жұптық жұмыс

«Тарсия әдісі»

Берілген мысалға қатысты көркемдегіш құралдың түрін тауып, қызметін анықтау.


Метафора

Ақындары Алаштың, шеттерінен қызыл шоқ,

жел үрсе маздап жанады. -


Эпитет

Қарға бойлы Есенбай, Дүйсенбайдың тумасы –


Теңеу

Айналаңа қарашы?! Тұғырындай бүркіттің,

Сен де мендей бір түпсің

Жалғыз, жалғыз, жалғыздарым-ай,

рухани балмұздағым-ай!


Анафора

Суретке түсер көп халық ...

Суретке түсер Алты Алаш


Эпифора

Домбырам, сен де жалғызсың.

Қобызым, сен де жалғызсың.


Риторикалық сұраулы сөйлем

- Кім жалғыз бұл жалғанда?!


Эллипсис

Қатыгез қатал ғасырдың тепкісіне шыдаймын.

Ашынған даусым жетсе екен құлағына Құдайдың ...


Антитеза

Күн баласы Арыстан, түн перісі Сілеусін,


Кейіптеу

Алтынын бұлттай көшірген, бұғысын ұлдай өсірген –

Алтай, сен де, жалғызсың.


Дескриптор

  • көркемдегіш құралдың түрін анықтайды-1

  • қызметіне талдау жасайды -2




3-тапсырма.

Жеке жұмыс

«Екі жақты күнделік»


Өзіңізге ұнаған немесе ұнамаған үзіндіні таңдаңыз

Үзіндіге қатысты көзқарас пен әсеріңізбен бөлісіңіз






Дескриптор

  • әсер еткен үзіндіні таңдайды-1

  • көзқарасы мен әсерімен бөліседі -2


4-тапсырма.

Сілтеме немесе QR код арқылы берілген learningapps платформасындағы тапсырманы орындау.


Дескриптор

  • көп нүктенің орнына тиісті тұлғаның есімдерін жазады-2





Сұрақтарға жауап бере отырып, талдау жасайды



































Поэмада көтерілген мәселені талдай отырып, кестені толтырады





























Сұраққа жауап бере отырып, талдау жасайды






























Поэма үзінділерінен автордың көңіл-күйін анықтайды

































Мысалға қатысты көркемдегіш құралдың түрін тауып, қызметіне талдау жасайды










































Шығармадан өзіне әсер еткен үзіндіні анықтап, әсерін жазады












Сілтеме немесе QR код арқылы берілген learningapps платформасындағы тапсырманы орындайды




Бағалау парағы. Топ басшылары бағалайды




















































































































































































Бірін-бірі бағалау

Жұптық бағалау

Мадақтау











Мұғалімнің бағалауы

Мадақтау

















«Атрибут дөңгелегі»
































«FILA кестесі»


F (деректер)

I

(идея)

L (туындаған сұрақтар, мәселе)

A (жоспарлы әрекет)































«Балық қаңқасы»



























«Эмоция графигі»
































«Тарсия әдісі»





































«Екі жақты күнделік»

















https://learningapps.org/display?v=pxio0tbck23

Сабақтың соңы


Рефлексия

Сабақты қорытындылап, кері байланыс алады.


-Автор поэманың прологі мен эпилогінде қандай жануар туралы айтады?

- Арқар ненің символы?

-Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай отырып, сабақтың соңында қандай жетістікке жеткендеріңізді көрсетіп, кері байланыс жасаңыздар.


Үй тапсырмасы.

«Айға қарап ұлыған, мен бір жалғыз көкбөрі» дейді. Көкбөрі сөзінің қазақ таным-түсінігіндегі орнына баға бере отырып, әдеби эссе жазу.

Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың кезеңдеріне тоқталып, кері байланыс жасайды




«Жетістік шыңы»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі