Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ҚМЖ Бұлт. Жаңбыр 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ауа райы мен климаттық өзгерістер

Мектеп:Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 7.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Сындарова Бибигул Абдурашидовна.

Сынып: 7 «Д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұлт. Жаңбыр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.5.1. Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыру.

7.4.2.1. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

Сабақ

Мақсаттары

Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыру.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша проблеманы анықтайды.

Проблемалық сұрақтарды құрастырады.

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Құндылықтар-ды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі.

Жалпы құндылықтар: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

География, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, смайликтер

Бастапқы білім

Георгафия пәнінен қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

























Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі

25 мин














































































Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа дайындығын қадағалау.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал орнату.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Топқа бөлу. «Бұлт.Жаңбыр» деген сөздерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау.

Желдің пайдасы мен зияны туралы ғаламтордан тауып келген қосымша мәліметтерін оқытамын.

ҚБ Мадақтау арқылы

Қызығушылықты ояту. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы бұлт мен жаңбыр жайлы не білетінін, ұқсастығы мен айырмашылығын сұрап жаздырамын.


Бұлт Жаңбыр

Shape1 Shape2





Жаңа тақырыпты ашып, мақсатын, бағалау критерийін хабарлаймын.

1 – тапсырма. Топтық жұмыс.

Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселе бойынша проблемалық сұрақ құрастырыңыз.

Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен
болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және
машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл
процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның
көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді
топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен
теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін
тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық
проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!


Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем

Проблемалық сұрақтар

/ықтимал жауаптар/

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен
болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.

Қалай ойлайсың, бүгінгі күнде экологияның нашарлауына не себеп?

Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен
теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін
тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Ауа температурасының артуынан және жаңбырдың көп жаууынан әлемді топан су қаптауы мүмкін бе?

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою.

Сенің ойыңша, табиғат байлықтарын қалай тұтынуға болады?


Дискриптор. – мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды.

  • проблемалық сұрақтар құрастырады.

ҚБ «Бас бармақ»

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»

2-тапсырма. «Кім көп біледі?» әдісі бойынша оқулықтан топтарға мақал-мәтел бөлініп беріледі.

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
* * *
Жер тағдыры — ел тағдыры.
* * *
Асқар таудың ауасы — аурудың дауасы.
* * *
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның.
Бір жаманның кесапатынан аққан дария
құриды.
* * *
Кішкентай сіріңке үлкен орманды өртейді.
* * *
Бау-бақшаның қараусыз қалғаны,
Көк ағаштың отын болғаны.
* * *
Бір тал кессең, он тал ек.

Дискриптор. – интонациямен оқиды.

  • кідіріс түріне ажыратып жазады.

  • екпінді айқын қолданады.

ҚБ Смайликтер арқылы бағалау.



Кері байланыс.

Маған не қызық болды?

Мен не үйрендім?

Маған не оңай болды?

Маған не қиын болды?

Үйге тапсырма: Бұлт пен жаңбыр жайлы ертегі құрастырып келу.



Суреттер


























Ноутбук





























Сызба









Түрлі-түсті қағаздар




































Кері байланыс парақшасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?











Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы

Партада отыру қауіпсіздігін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?














Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
5172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12