ҚМЖ "Жердің ауа қабаты" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ "Жердің ауа қабаты" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жердің ауа қабаты, ауаның тіршілік үшін маңызы, ауа қасиеттері, ластану себептері туралы. Бұл материалдың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта сабақ беретін ұстаздар қауымына титтей де болсын көмегі тиеді деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:

Жердің ауа қабаты

Мұғалімнің аты-жөні: Хамзина.З.М

Күні: 28.11.18

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.3.2.1 - біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;

2.3.2.2 - ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);

2.3.2.3 – ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

«Сəлемдеме жіберіңіз» әдісі

Кішентай бос банканы бірнеше қабат қағазға ораймын. Оқушылар əуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа өткен тақырыпқа байланысты бір сұрақтан жазамын , оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады. Ең соңында бүгінгі сабақ тақырыбы болжанады.

  • Жеке гигиена дегеніміз не?

  • Қолды қашан жуу керек?

  • Тамақты тістеп, үзетін алдыңғы тістер қалай аталады?

  • Үшкір тістер қалай аталады?

  • Қолды қалай жуу керек?

  • Жалпақ, дөңес тістер қалай аталады?

  • Тістегі тесіктер неден пайда болады?

  • Тісжегінің қалай алдын алуға болады?

  • Тісті күніне неше рет, қанша минуттан тазалау керек?

  • Жылына неше рет тіс дәрігеріне көріну керек?

  • Балалар, банканың ішінде не бар екен?

  • Банка бос, ішінде еш нәрсе жоқ.

  • Банканың ішінде көзге көрінбейтін бір зат бар. Онымен әркім – ақ күнделікті кездесіп отырады.

Тақырыпты болжау

Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Жан – жағымыздан ауа қоршап тұратынын түсінесіңдер;

  • Тірі ағзаларға ауа керек екенін білесіңдер.














ҚБ

Смайликпен бағалау

Жаңа білім

10 минут








Білу және түсіну

«Жүгірме диктант» әдісі

Жер –жерге ауа туралы жазылған сөйлемдер ілінеді. Әр топтың топ басшысы тұрып, сол сөйлемдерді оқып, жүгіріп келіп топқа айтып сөйлемді жазғызады. Қай топ бірінші болса, қол көтеріп сөйлемді оқып береді.

Мысалы: Ауа барлық тіршілікке қажет. Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Кез келген заттың бойында ауа бар. Үйдің ауасын тазартып тұру қажет. Ауа көзге көрінбейді. Ауа түссіз болады.

Мұғалім оқушылардың сөзін қорытып, сабақ түсіндіреді.

Мағынаны тану

Видео көрсетілім

Ауа 38 секунд

Атмосфера 26 секунд

Ауаның ластану себептері 55 секунд

Оқулықпен жұмыс

Атмосфера-жердің ауа қабаты.Ол жерді қатты суып не ысып кетуден сақтайды,сондай –ақ зиянды әсерлерден қорғайды.






ҚБ

«От шашу»


Ортасы

15 минут







Қолдану

Топтық жұмыс

Тәжірибе жасау

1 – тәжірибе

- Бөлме өсімдіктері қандай түсте? (жасыл)

- Партамыз қандай түсте? (қоңыр)

- Ауа қандай түсте?

- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның бір қасиеті. Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған

2 – тәжірибе

Сынып бөлмесіне иіссу себіледі. Оқушылардан ненің иісін сезгендері сұралады. Ал бұған дейін ауаның иісі болмағандығы айтылады.

Иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі болмайды. Ауа иіссіз.

3 - тәжірибе

Допты ал. Оны қолыңмен екі бүйірінен қыс. Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді. Бұл кезде допты ішіндегі ауа сығылады.Допты

жерге соқсақ, доп кері секіреді. Ауа сығылады және серпіледі.






Сергіту сәті

Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысы,

Қандай екен ұғайық.

- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

4 – тәжірибе

Бір стақан суға бір түйір қант сал. Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көресің. Осыдан қант түйірінде де ауа бар екенін білдік. Барлық жерде ауа болады.

5 – тәжірибе

Ішінде су құйылған ыдысқа стақанды төңкерейік. Стақанға су кірмейді. Себебі стақанның ішінде ауа бар , ол орын алып тұр. Ал стақанды сол тұрған қалпында кішкене қисайтсақ ауа көпіршіктері шыға бастайды. Шыққан ауаның орнына су кіреді. Басқа денелер сияқты ауа да орын алады.

6 – тәжірибе

Жіңішке балауыз шырағданды үшке бөлеміз де,әрқайсысын жағып үстелдің үстіне қоямыз. Біреуін стақанмен ,екіншісін үлкен шыны банкамен жабамыз. Үшіншісін ашық қалдырамыз.

Енді қай шырағдан бірінші сөнетінін байқаңдар. Әрине стақанмен

жабылғаны бірінші содан кейін шыны банкамен жабылғаны сөнеді.Ашық қалған шырағдан біткенше жанады.

Ауаның отты жануға да септігін тигізетінін білдік.

Дәптермен жұмыс

Жасырынған сөздер

Шатасқан әріптерді орнына қойып, сөздерді тап.

«Жердің ауа қабаты» тақырыбына қатысты сөздерді белгіле.

Өзің белгілеген сөздердің көмегімен ауаның қасиеттерін сипатта.

Оқулық, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған, тәжірибе жасауға арналған ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Блиц – тест Bilim – land сайты

«Сөйлемді толықтырыңыз»

«Ауаның қасиеттерін белгілеңіз»

«Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз»

«Кластер қорғау» әдісі

ҚБ

«Бас бармақ»

Бағалау


2 минут


Кері байланыс

3 минут

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды смайликпен бағалау

«Көңіл күй букеті»

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.

Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.




Ваза суреті, стикер - гүл

Үйге тапсырма: Мазмұндау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
3319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі