ҚМЖ Қарахан мемлекеті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ Қарахан мемлекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Қарахан мемлекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Керімбеков атындағы орта мектеп» КММ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Бөлім:

X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні:

Асқар Серік Ишанқұлұлы

Күні:

15.11.2024

Сынып: 6 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қарахан мемлекеті.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау

6.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау

Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру


Сабақтың кезеңі/

/уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

5 минут




Оқушылармен сәлемдесіп, «Сократтық диалог» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, үй тапсырмасын тексеремін. Оқушылар шеңбер жасап тұрады сұраққа жауап берген оқушы өз орнына отырады.

  1. Орта ғасырлар қандай кезеңдерге бөлінеді?

  2. Қазақстан тереториясында өмір сүрген дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер?

«Сократтық диалог» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. 1 балл

Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жүреді.

«Сократтық диалог» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. 1 балл


Оқулық

Көрнекілік-тер

Карта

Фотосурет-тер

Жаңа сабақ

10 минут

Ортағасырлық мешіттердің, кесенелердің, моншалардың суреттерін көрсетіп, тақырыпқа болжау жасатамын.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерилері таныстырылады. Қосымша дереккөздер: видеоматериал көрсету.

Жаңа терминдер:

Иқта - өз пайдасына салық жинау құқығы бар жер үлесі.

Иқтадар-иқтаның иесі, феодал.

Вақф - мұсылман дінбасыларының жері.

Мүлік – (мильк) орта ғасырладағы дінбасыларының жекеменшік жерлері.

Оқушылар кері байланыс беріп отырады. Жаңа тақырыппен танысады, видеоматериалды көріп, өз ойларын ортаға салады. Термин сөздермен танысады.

Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жүреді.

Дескриптор

1- Мемлекеттердің саяси дамуындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды-1 балл

2- Мемлекеттердің жер иелену ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табады-1 балл

3-Мемлекеттердің мәдениетіндегі ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды-1 балл

4-Мемлекеттердің шаруашылығындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды-1 балл

Оқулық

Көрнекілік-тер

Карта

Фотосурет-тер


Қарахан мемлекеті. Бейнематериал

Bilimland.kz Білім беру платформа-сы



10 минут












10 минут









5 минут

1-тапсырма. Қарахан мемлекетін ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерден ерекшеліктерін анықтаңыз:

1- Саяси дамуы

2- Жер иелену ерекшеліктері

3-Мәдениеті

4-Шаруашылығы

өз жұмыстарының нәтижелерін «Постер құрастыру» әдісі арқылы орындап, қорғайды.

2-тапсырма: «Жоғалған сөзді тап және жауабыңды толықтыр!»
Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстіктік шегара ____________ және _____________ көлдерінің бойымен өтті.

942 жылы Сатұқ Боғра хан ____________ қаласын басып алды.

Ихта және ихталақ жүйе _________________ қатынастардың дамуына ықпал етті.

3-тапсырма «Мәліметтер қосу» әдісі

Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялау тақырыбына байланысты. Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Түпнұсқа мәлімдеме

Кеңейтілген мәлімдеме





Оқушылар берілген мәліметтерге сүйене отырып, өз жұмыстарының нәтижелерін «Постер құрастыру» әдісі арқылы орындап, қорғайды.



Мәтіндегі сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырады.

Керекті сөздер: феодалдық, Баласағұн, Алакөл, Балхаш.


Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялау тақырыбына байланысты сұраққа жауап беріп, ислам дінінің Қарахандық ерекшеліктерін айтады

Дескриптор

1-Қарахан мемлекетінде болған 1оқиғаны анықтайды; 1балл

2-Қарахан мемлекетінде болған 2-ші оқиғаны анықтайды; 1балл

3-Қарахан мемлекетінде болған 3-ші оқиғаны анықтайды. 1 балл

Дескриптор

1-Қарахан мемлекеті неліктен Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялағанын біледі; 1 балл

2-Ислам мәдениеті мен сәулет өнерінің Қарахандық ерекшеліктерін айта алады; 1 балл


Орта ғасырларда-ғы Қазақстан тарихы «Мектеп» баспасы 2018

Авторлары: Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қартаева Т., Ноғайбаева М.



Сабақты бекіту


5 минут

Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Мемлекеттің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

Мұғалім мен оқушы арасында үнемі кері байланыс жүреді.


оқулық

дәптер

презентация

Кері байланыс

«Бағдаршам»

1.Бүгінгі сабақта білдім,үйрендім?(жасыл стикер)

2.Қиындықтар кездесті,бірақ жеңе білдім. (сары стикер)

3.Түсінбедім,үйренбедім (қызыл стикер)

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Көрнекілік-тер





Бекітемін

Мектеп директоры

________Г. Абылгазиева







«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «С.Керімбеков атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы:

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?



6 «Ә» сыныбы





Орындаған: С.И.Асқар





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі