Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ ҚМҰҚ " Анама көмектесемін, Фигуралар тізбегі", мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасыту.

Қысқа мерзімді жоспар


23 ҰОҚ. Тақырыбы: Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі.

Мектеп/МҰ: Тасөткел орта мектебі


Күні:

Педагогтің аты-жөні: Қосанова М.Т


Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың

саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.


Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды.


Көптеген тəрбиеленушілер:

-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды жəне оны жалғастырады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

-фигуралардың, заттардың бірізділігін өз бетінше құрастырады.


Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-бірізділік жасалған белгілерді құрастыра алады, заңдылықтың бұзылғанын түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-реттілік, бірізділік, алдымен, кейін.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

–Мына заттардың қасиеттерін ата.

–Заттардың қатарын қалай жалғастыру керек екенін түсіндір.

–Қалай ойлайсың, бірізділік дұрыс құрылған ба?

–Заңдылықты жалғастыру үшін қандай заттарды (фигураларды) пайдалану керек?

Жазу:фигураларды жалғастырып салу, бояу.


Алдыңғы білім

Фигуралар мен заттардың түсі, пішіні, көлемі, мақсаты, бірізділігі.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Басталуы 0–5 минут

Ынталандыру.

Педагогтің сұрауы бойынша балалар өздерінің аналарына қалай көмектесетінін əңгімелейді.

Өзектендіру.

Анасы печенье пісірмекші болып, пішіндер дайындап қойды.

– Печеньенің пішіні мен көлемі қандай болады?

Ортасы 6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Анасы печенье пісірді, бізге оны тəрелкелерге бөліп салу керек.

– Печеньені қандай белгілері бойынша бөліп саламыз?

(Балалар белгілерді атайды).

Өздік жұмыс

(Ж) Əрі қарай 1-тапсырманы жұптасып орындайды.

Балалар бір белгіні таңдап, тəрелкелерді толтырады.

(Ө) 2-тапсырма – заңдылықты жалғастырып тексеру


арқылы өз бетінше орындалады.

16–25

Өткен материалмен жұмыс.

(Т) 3- тапсырма. Балалар «артық» заттың белгісін таңдап, оны түсіндіреді. Егер топта келіспеушіліктер туындаса, балалардың əрқайсысы өзінің шешімін қорғайды, педагог затты алып тастау үшін белгі əртүрлі болуы мүмкін деген қорытынды жасауға көмектеседі.

(Ұ) Педагог электрондық жиынтық полотномен немесе қималы материалмен жұмыс ұйымдастырады. Балалар топтарда өздерінің реттілігін құрып, бір-біріне оларды түсіндіреді, қателіктерді тауып, оларды түзетеді.

Рефлексия

26–30


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12