жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ Сандар мен цифрлар.Тақырыбы: Сандар ұғымы 1 саны
|
Пән: Математика Мектеп: 278 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Сандар мен цифрлар Күні : 22.06.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Абытова Н СЫНЫП: 1 Қатысқандар саны: 25 Облысы: Қызылорда Қатыспағандар саны: 0 |
|||
|
Сабақ тақырыбы: Сан ұғымы. 1 саны |
|||
|
1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б) көрсету және сан сәулесінде көрсету; 1.5.2.3. сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
10 көлемінде тура және кері санайды; 1санын атайды, оны цифрмен сәйкестендіреді, 1 цифрын жазады, 1 цифрының натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды, көрші сандармен салыстырады, бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен көрсетеді, 1 цифрын саннан ажыратады, сандық сәуле арқылы 1 санының қатарын, аралықтарын көрсетеді. |
||
Санға 1 санын қосу арқылы келесі санның шығатынын, азайту арқылы алдыңғы санның шығатынын түсіндіреді. |
|||
Сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолданады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
-10 көлемінде тура және кері бағытта санайды санының натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды -1 санын әртүрлі тәсілдермен жазып көрсетеді |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік оқу мақсаттары Сандарды оқу, жазу және салыстыру барысында «сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «<» белгілерін, өз ойын және ұсынылатын амал әдістерін айту Пән лексикасы және терминология Цифр, бір Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
|
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Топтық жұмыс барысында қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау құндылықтары жүзеге асады |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Музыка (сергіту сәті), дүниетану (ширату), көркем еңбек (үрленген шардың суретін салу), музыка (сергіту сәті) |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||
|
Бастапқы білім |
1-ден 10-ға дейін санай алады, 1 саны мен цифры туралы даярлық тобы немесе балабақшада алған білімдері бар. |
||
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 4 минут |
Топқа бөлу Жасырынған 1-4 дейінгі сандар берілген. Сол сандарды әрбір оқушы алу арқылы 4 топқа бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Көрші» ойыны Оң жақтағы көршіңді бір құшақта, Сол жақтағы көршіңді бір құшақта, Оң жақтағы көршіңе бір жыми, Сол жақтағы көршіңе бір жыми. Ширату
-Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Бас, мұрын, ауыз адамда нешеу болады екен? Жауапты табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады. (Жауабы: 1) |
1-4 дейінгі сандар Сурет |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 32 минут |
(Ұ) «Тізбектеп санау» ойыны. Оқушылар ретімен 1 санынан бастап тізбектеп санайды және кері санайды. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап отыруы тиіс. -Заттарды санау қай саннан басталады? (Заттарды санау бір санынан басталады, яғни балалар санға 1 санын қосу арқылы келесі сан шығатынын, азайту арқылы алдыңғы сан шығатынын біледі) Б: Қолмен белгі беру (Т) Мектеп сөмкесіне салынатын заттардың санын анықта
Б. Гүлдер арқылы топ бір-бірін бағалайды -Ал, сендер білесіңдер ме, 1 саны қалай жазылады? -Мына суретте 1 санының қайсысы баспа, қайсысы жазба түрі, ажыратып көрейікші? (Цифр-бұл сандарды жазуға арналған белгі) (Ө) Дәптермен жұмыс. 1санын ауада, содан кейін дәптерге жаздыру. Б. Жұлдызша арқылы (Ұ) Енді, сандық сәулеге назар аударайық: -Бірінші қай сан тұр? -Егер ретімен санасақ, келесі қай сан болады?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Б: Қолмен белгі беру (Ө) Жемістерді салыстырайық
Б: Алмалар арқылы балалар жұпта өзара бағалайды. (Т) Суреттен саны 1-ге тең болатын заттарды тап
Б. «Бағдаршам» арқылы топ біір-бірін бағалайды Сергіту сәті «Санау» әні
(Ж.ж) «Кім тапқыр?» ойыны Қорапта барлығы 5 кәмпит бар. Арман мен Айнұр қораптан кезек-кезек кәмпит алды. Бірінші кәмпитті Арман, екіншісін Айнұр алып тауысады. Соңғы кәмпитті кім алады? Кәмпиттің көбі кімге тиеді? (Ж: Арман соңғы кәмпитті алады. Оған үш кәмпит, ал Айнұрға — екі кәмпит тиеді) Б. Балалар қолмен белгі беру арқылы жұпта бағалайды. Ө) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы 1-тапсырма Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстыр. 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жаз:
Дескриптор -гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады; -10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады. 2-тапсырма Суреттегі көгөністерді сана. Олардың санын әр түрлі тәсілмен жазып көрсет.
Дескриптор -суреттегі әр заттың санын анықтайды; -заттардың санын сәйкес белгілермен жазып көрсетеді. (Интербелсенді тақтадан дұрыс жауабы көрсетіледі) Б: Балалар дәптерлеріне күн, бұлт жапсыру арқылы өзін-өзі -бағалайды |
Оқулық 7
зат тапса- 5-6 зат
тапса- 4, одан
кем- 1 санының баспа және жазба түрі жазылған суреті Дәптер К Каллиграфиялық талаптарды
сақтамаса-
Сурет Тапсырманың 3-і дұрыс
орындалса- Тапсырманың 1 не 2-і дұрыс
орындалса- 4 зат тапса-жасыл түс, 3 зат тапса-сары түс, 1-2 зат тапса-қызыл
түс Видеожазба Оқулық
Таратпа материал
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақты көңіл-күй бейнеленген смайликтер арқылы қорытындылау Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер (Егер тақырып түсінікті болса, «түсіндім» смайлигін, түсініксіз болса, «сұрағым бар» смайлигін көтересіңдер) |
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
-Диалог және қолдау көрсету тәсілін топтық, жеке, жұптық тапсырмалар орындау барысында қолдауды қажет ететін оқушылар және қабілеті жоғары оқушылар үшін; -Бағалау тәсілін әр тапсырмадан кейін балалар бағаланып отыратындықтан; -Қарқын тәсілін «Кім тапқыр» ойынындағы тапсырмаларды орындау барысында; -Нәтиже тәсілін «Жемістерді салыстырайық» өзіндік жұмысын орындау барысында қолдануды жоспарлап отырмын. |
-Жалпы бағалаудың смайлик, қолмен белгі беру, гүлдер, күн мен бұлт, алмалар, бағдаршам бағалау түрлері; -Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау; -Топтық, жұптық, жеке бағалаулар; -Кері байланыс беріп отырамын; -Рефлексия жасауды; -Бағалауда бағалау критерийлерін пайдалануды; - Дескрипторды негізге ала отырып бағалауды жоспарлап отырмын. |
Жұмыс жасау барысында басы үшкір заттарды (қалам, қарындаш) дұрыс пайдалану ережесін сақтайды. «Көңілді күн» сергіту сәті ұйымдастырылады.
|
шағым қалдыра аласыз











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген