жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ Саяхат .Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі.1 сынып
Сабақ жоспары
|
Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім.Саяхат |
Қызылорда облысы Мектеп№278 |
|
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Абытова Назерке |
|
|||
|
Сынып:1 |
|
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі. |
|
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 – әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.3.8.1 - жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
|
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар : Б дыбысын таниды, сәйкестендіреді. дауыссыз екенін біледі. Б әрпінің бас әрпін, кіші әріпін, жазба, баспа түрін ажыратады. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айта алады. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздерді тұтас оқиды Жазу каллиграфиясын сақтай отырып, көркем жазады. Көптеген оқушылар :. Б дыбысынан басталатын адам аттарын атайды. Б дыбысының сөздердегі орнын анықтайды. Кейбір оқушылар : Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін дәлелдейді. |
|
|||
|
Бағалау критерийлері |
*Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды *Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты/дауыссыз) ажыратады. * Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады |
|
|||
|
Құндылықтарға дарыту |
Мәтінді рөлге бөліп оқығанда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; -Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық,ынтымақтастық, қарым –қатынас жасау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; жауапкершілік құндылықтары дамиды. |
|
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану(бордың қасиетін сипаттағанда), математика (топқа бөлуде, сөздерді буынға бөлгенде) |
|
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интер белсенді тақта |
|
|||
|
Бастапқы білім |
Дыбыс пен әріпті ажырата алады. Б дыбысы және әрпі бар сөздер біледі |
|
|||
|
Сабақ барысы |
|
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 2 минут Сабақтың ортасы |
Ұйымдастыру кезеңі Тілектердегі тірек сөздер топқа бөлінеді.(Болашағың...... Бейбітшілік....Беделің.....Бақытты....) Ширату Әр топ қима қағаздағы сөздерінен басталатын тілектерді бір-біріне айтады. -Балалар біз жаңа не туралы айттық? -Тілек Тілекті бізге кімдер айтады? Тілекті кішкентайлар айтады -Ата -Ал аталарымыздың айтқан тілегін не деп айтамыз? -Бата -Ал атамыздың берген батасы және топтарымыздың атаулары қай дыбыстан басталып тұр? -Б дыбысы Балалар біз бүгін Б дыбысымен танысамыз. Ал қане Б дыбысын айтайық.
Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан
пайда болатын ұяң дауыссыз Б дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз дыбыс Дұрыс балалар,ал Б дыбысы қандай түспен беріліп тұр. Б дыбысының Бас әрпі қай кездерде жазылады? -Адамның аттарында, жер-су атауларында. Б дыбысынан келетін қандай қала немесе ауыл , көл аттарын білесіңдер? Саяхатқа Б басталатын балалармен баруымыз керек. Б-дан басталатын қандай есімдерді білесіңдер? Ал, енді осы сөздерді буынға бөлейікші. Балалар біз бүгін табиғатқа саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын қазақта үлкендерден бата алып кеткен. Аталарың сендерге қалай бата береді деп ойлайсыңдар? Әр топтан бата беретін кімдер бар? (Т) «Жұптас топтас,ой бөліс» Жұпта ойласады, топта талқылайды, бір оқушы айтады. Әр топтан бір оқушы бата береді.
|
АКТ |
|||
|
Сергіту жаттығуы |
(Ұ) «Сұрақ меннен, жауап сеннен» ойынын ойнап жіберейік .Ал, балалар Б дыбысынан келетін қандай сөздер білеміз? Бұл сөзде Б дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр? (басында, ортасында) Ендеше Б әрпін кім жазады? Алдымен ауада жазып көрейік. (Ө) «Желпуіш» әдісі арқылы жазу ҚБ Бірін-бірі бағалау Біз Б дыбысының қандай түрін жаздық? -Жазба Ал Б дыбысының баспа түрі қай жерлерде кездеседі? -оқулықта, журналда Дәптермен жұмыс: Көркем жазу дәптері. Б б әрпі
«Көңілді күн» видиодағы қимылдарды қайталау.
(Ұ)
«Дыбыстарды ажырат» деген ойын ойнайық. Бағалау мадақтау арқылы (Т) «Кім шапшаң» ойынын ойнайық. Ол үшін әр топтан оқулықтағы буындардан сөз құрап оқуы қажет. Оқулықтағы сөздерді оқу
Б
а Бағалар. Топтар бірін-бірі бағалайды. (Ж) «Сен маған, мен саған» әдісі Буындардан сөз құрау арқылы жұптасады,оқиды,талқылайды,тыңдайды. Кеспе буындар: I Ла қа ба ке бе та Лық же бақ ша ба II Ше тық бер бас бақ Біз сә бақ бо лат III жаң бо быр та қар Ба быз уыр сақ IV бо ші бо ла би та бу та Кері байланыс: -Қай жұп неше сөз жазды? -Қанша сөзбен таныстық? -Б дыбысы нешінші буында тұр? Бағалау: Жұлдызшалар арқылы бағалау 6-тапса – жұлдызша 5-3-тапса – тортбұрыш 2-1 тапса- жүрекше (Ұ) “Құпия зат”ойыны 1 оқушы тақтаға шығады, затқа сипаттама береді(түсі көбіне ақ болады,жазады,сынғыш,пайдалы қазбаға жатады) -Бор Бағалау. Смайликтермен бағалау Балалар қараңдаршы мен бір тас тауып алдым. Оны бізге қарай бота лақтырып жіберіпті. Бұл тастың түсі аппақ екен. Бұл неге ұқсайды екен? -Борға Жарайс ыңдар балалар. Сендер бордың неден жасалатынын білесіңдер ма? Оқушылардың жауабы
Сол
туралы әңгіме оқулықта тұр екен. (Т) «Ойлан,топтас,бөліс» әдісі 1-топ. Рольге бөлініп оқу. 2-топ. Сахналық қойылым қою. 3-топ. Берілген сұрақтарға жауап береді. Бор неден жасалады? Бақыт пен Болат бор Неден жасалады дегенге таласып қалды. -Бор тастан жасалады,- деді Бақыт -Жоқ.Бор топырақтан жасалады. Өйткені бор жұмсақ, тасқатты ғой,- деді Болат. Балалар, Бақыт пен Болаттың айтқандары дұрыс па? Ал сендер бор неден жасалады деп ойлайсыңдар? Бор –әктастың ішіндегі ең жұмсағы. Әктастың екі түрі бар: бор,кәдімгі әктас.Олар бір – бірінен қаттылығына қарай ажыратылады. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (Ұ) «Сұрақ менен жауап сеннен» ойыны -Мәтін не туралы? -Бор неден жасалады? -Саған кімнің сөзі ұнады? Бағалау: Түстермен бағалау (Ж) “Пилот және штурман” әдісі бірінші айтады, екіншісі жазады Дыбыстық талдау барысында, түстердің орнына әріппен сәйкестендіреді. І топ «Бақа» сөзіне дыбыстық талдау жасау.Неше дыбыс, неше буын бар. ІІ топ «Бота» сөзіне дыбыстық талдау жасау ІІІ топ «Бала» сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағалау. бағдаршам әдісі бағалайды Кері байланыс: Мадақтау сөздері арқылы
(Ө) ҚБ «Кім зерек» Суреттегі заттарды ата. Сөзде неше дыбыс бар? Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя.
Дескриптор Білім алушы - суреттегі заттарды атайды; - сөздегі дыбыс санын анықтайды; - дауысты дыбыстарды анықтайды - дауыссыз дыбыстарды анықтайды. Бағалау: Өзін-өзі бағалау Балалар біз бүгін қайда бардық? -Саяхатқа -Саяхатқа шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Сонымен қатар жолда жүру ережелерін де есімізден шығармауымыз керек екен. |
Қима қағаздар суреттер бор
Смайликпен бағалау Басбармақпен бағалау Екі жұлдыз бір ұсыныс
|
|||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
Рефлексия Біз саяхаттан келе жатып, бағдаршамға келіп тоқтадық. «Бағдаршам» әдісі Тақтаға бағдаршамның суреті ілінеді. Оқушылар стикерлер арқылы бағдаршамға жапсырады.
|
Суреттер Жасыл,қызыл, сары түсті стикерлер |
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Нәтиже бойынша саралау -Б дыбысының Бас әрпі қай кездерде жазылады? Деген сұраққа Көптеген оқушылар адам аттарын атағанымен қабілеті жоғары оқушылар жер-су аттарын атайды. |
|||||
|
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? *Бірін-бірі бағалау *Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» *Бағалау Екі тілек , бір ұсыныс *Мадақтау сөздері арқылы Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда бірін-бірі бағалау болды. Қалыптастырушы бағалаудағы дискрипторға сәйкес бағаланды. Әр жұмыстан кейін кері байланыс болып отырды. |
|||||
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сергіту жаттығуы жасалады. Партада отыру, жазу ережелері қадағаланады. Топтық жұмыс барысында қаламды ұшымен ұсынбау керектігі ескертіледі. |
|||||
|
|
|||||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген