Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ "Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ 8- сыныпқа арналған. Қысқа мерзімді жоспарда мақсаты айқын, сабақта жаңа технологиялар, графикалық органайзерлер қолданылған. Көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: 1

Мектеп «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқазы Жадыра Мүбаракқызы

Сынып:8

Қатысқандар: 7

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі бастауыштың атқаратын қызметін білу, сұрақтарын тану және құрылысына қарай бөлінісі мен бастауыш болатын сөз таптарын анықтау, мысал келтіру, тапсырма барысында қолдану, соның негізінде саралай білу, негізгі идеяларды ойлап табу, өзгелерге түсіндіру және өткен тақырыптар бойынша терминдерді атап өту, жаңа тақырыппен байланыстыру, баға беру.

Табыс өлшемдері:

Барлық оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі бастауыштың атқаратын қызметін біледі, сұрақтарын таниды, және құрылысына қарай бөлінісі мен бастауыш болатын сөз таптарын анықтай алады, мысал келтіреді және өткен тақырыптар бойынша терминдерді біледі, оны атап өтеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі бастауыштың атқаратын қызметін біледі, сұрақтарын таниды және құрылысына қарай бөлінісі мен бастауыш болатын сөз таптарын анықтай алады және оны өткен материалмен байланыстырады, тапсырма барысында қолданып, енгізеді, тақырыпқа баға береді.

Кейбір оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі бастауыштың атқаратын қызметін біледі, сұрақтарын таниды және құрылысына қарай бөлінісі мен бастауыш болатын сөз таптарын анықтай алады және ұсынылған тапсырмаларды саралай біледі, негізгі идеяларды ойлап табады, сонымен қатар өзгелерге түсіндіреді, сабаққа баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: бастауыштың сөйлемдегі атқаратын қызметін біліп, сұрақ қою арқылы сөйлем ішінен таба алады. Бастауыштың сөйлем ішінде қай сөз табынан болып тұрғанын анықтай алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: бастауыш, дара бастауыш, күрделі бастауыш, үйірлі бастауыш


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

* Талқылауға арналған тармақтар: өткен тақырып бойынша ашық және жабық сұрақтар, жаңа тақырыпты игерудегі диалог.

*Жазылым бойынша ұсыныстар: өлең шығару, мәтін құрастыру, сөйлем құрастыру.

Алдыңғы оқу

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлері, атқаратын қызметіне қарай жіктелуі. Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркесі

Ресурстар

С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г. Қосымова. Қазақ тілі. Алматы, 2012 Электронды оқулық, слайдтар

Сабақтың барысы:

45 минут

Кезеңдері

Модуль

Блум таксономиясы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Білу

5 минут

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау. Шаттық шеңбері. Оқушыларға сәттілік тілеу. Үйге берілген 35-жаттығуда мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді тұлғасына қарай талдау. (күрделі сөз бе, тұрақты тіркес пе, сөз тіркесі ме?) Осы бойынша қарамен ерекшеленген 8 сөзді көк, сары, түстегі қағаз қиындыларына тең бөлу, осы түстердегі кейбір қиындыға өткен сабақ бойынша ашық, жабық сұрақтар жазу. Сұрақтар:

1. Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркесі туралы не айтар едіңіз?

2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтіріңіз.

3.Синтаксис саласын тіл білімінің өзге қандай саламен байланыстырар едіңіз?

Ұсынылған көк, сары түстер бойынша топқа бөлінеді.

Оқушылар өздері жасаған топ ережесін нақтылау.

Топ ережесі:

* Сабаққа белсенді қатысу

* Мұғалімді мұқият тыңдау

* Тапсырманы тиянақты орындау

* Бір-бірін тыңдау, сыйлау

* Бір-біріне көмектесе білу

* Уақытты тиімді пайдалану

Жаңа тақырыпқа шығу. Топтарға «Әріптік қатар» ойыны беріледі.

25-27-23-16-1-26-16-37

Т- ұ- р - л- а -у- л- ы

17-28-34-8-16-8-23

м- ү - ш-е- л- е- р

Мұғалім амандасады.


Шеңбер бойына тұрады.


Шеңбер бойында тұрып, әркім өзі қалаған түстің біреуін алады. Кейбір оқушылар қиындыларда жазылған тапсырмаларға жауап береді.












Топтарға бөлінеді.


Топ ережесін назарда ұстауға келіседі.




Әріптерді әліпби қатарынан тауып тақырыпты ашады



Түсіну

5минут

Электронды оқулықтан бастауыш туралы мәлімет беру.

«Тақырыптық диалог» әдісі.

І топ: «Бастауыштың құрылысына қарай бөлінісі» кесте

ІІ топ: «Бастауыш болатын сөз таптары» кесте

Мұқият тыңдайды.

Тақырыпты топта талқылап, екі оқушы диалог жүргізеді.Қалған оқушылар түсінгендерін «Сэндвич» мадақтау арқылы бағалайды.

Негізгі бөлім

Қолдану

10 минут

«Бес минуттық үнсіздік» әдісі

Өлең шығару, мәтін мен сөйлем құрастыру.

Бағалау критерийлері:

1. Туынды оқу, білім туралы болу керек.

2. Туындыға дара, күрделі, үйірлі бастауыш қатысу керек.

3. Дара бастауыштың қай сөз табынан екенін нақты айту.

4. Туынды төрт сөйлемнен (тармақтан) тұруы керек немесе 4 сөйлем құрастыру.

Әр оқушы берілген туындылардың біреуін таңдап, өз бетімен жұмыс жүргізеді. 5 минуттан соң туындының түрлері брйынша топтасып, жұмыстарын талқылайды. Әр топ үздік деп таныған бір туындыны ғана жариялайды. Туындыны ұсынылған критерий бойынша топ бір-бірін бағалайды

Сергіту сәті


3 минут

«Қол қою» ойыны. Шарты: қай топ бірінші болып қол қояды. Тақырыпты үш тілде айту. Тапсырма: І топ: тіл туралы өлең оқу (1 шумақ), ІІ топ: отан туралы өлең оқу. (1 шумақ)

Оқушылар қол қояды, А4 формат артындағы тапсырмаларды орындайды.


Талдау

8 минут

«Үшіншісі артық» әдісі.

І топ:

1. Жастық көкке,

Кәрілік жерге қаратады.

2. Мал баққанға бітеді.

3. Есек мінген ат сұрамайды,

Балық жеген ет сұрамайды.

ІІ топ:

1. Тірліктің күші бірлікте.

2.Бақыт кілті еңбекте.

3.Жігіт жолдасымен белгілі.

Берілген мақал-мәтелдерден бастауыштарды тауып, сол бастауыш болған сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен артық бөлігін табады. Таңдаған бөліктеріне дәлел келтіреді және тұлғасын анықтайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау


Жинақ-тау

8 минут

І топ: «Синквеин» әдісі бойынша «Бастауыш»сөзіне бес жолды өлең (бестармақ) құрастыру.

ІІ топ: Венн диаграммасы бойынша күрделі бастауыш пен үйірлі бастауышты салыстыру. (кей балаларға сабаққа араласпай отырған) постер қорғауға мүмкіндік беру.

Бағалау критерийлері:

1. Безендірілуі

2. Шығармашылығы

3. Баяндау шеберлігі

Әр топ тапсырманы флипчартқа орындайды. Кейбір оқушылар

(сабаққа араласпай отырған) постерді қорғайды.


Топтар бір-бірін бағалайды.

Қорытынды

Бағалау

3 минут

«Төрт сөйлем» әдісі

1. Пікір

2. Дәлел

3. Мысал

4. Қорытынды

Әр топ тақырыпқа пікір, оған дәлел мен мысал, сондай-ақ қорытындылай отырып, баға береді



















Үйге тапсырма:

Кері байла-

ныс


2 минут
















1 минут


бәрі түсінікті, өзіммен көп

көп нәрсе әкетемін

Ә
ліде ой өзегінен өткізетін жерлері бар



Түк керегі жоқ.


37-жаттығу. Ереже жаттау

О
қушылар тілек, ұсыныстарын жазады.











Берілген тапсырманы жазып алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
2097
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12