400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Талап Сұлтанбеков "Көшпелі алтын" Сабақ жоспары 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
472-бұйрық негізінде жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: .02.24ж

Сынып: 10

Бөлім. Парасат пайымы

Сабақтың тақырыбы

«Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің кейіпкерлер бейнесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;


Сабақтыңмақсаты

-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды.

- әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды.



Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабаққа зейінін аударту

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту.

Жазушының өмірі туралы не білдік?

Шығарманың композициялық құрылымы қандай?

  • Бөлімнің басы; Сәменнің отты көруі

  • Дамуы; Сәмен мен Қажытайдың алтын сапарына аттануы

  • Шиеленісуі; Екеуінің үңгірден жарқылдаған оттарды көруі

  • Шарықтау шегі; Үңгірдегі сыр

  • Шешімі. Балалардың терең мағлұмат алып қайтуы

Шығарманың тақырыбы не?

Әңгімелерімнің негізгі тақырыбы – табиғаттың құпия сырын ашу,

«Көшпелі алтын » әңгімесінің идеясы қандай?


 оны адам санасына бағындырып, адам баласының игілігі үшін қызмет еттіру»,



Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды.




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?

10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы






















Мағынаны тану.

  • Жанр дегеніміз не?

  • Әңгіме жанрының ерекшелігі қандай?

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.

Қосымша дерек:

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Фантастика-әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры.

«Менің фантастик жазушы болуыма Абыралы тауы мен тасы себепкер болды.Тау биігі қиялымды шарықтатып, ұшар қанатымды қомдаған-ды» дейді жазушы.

Абыралы тауы- Семейде оқыған жерінде


Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. «Шығармадағы кейіпкерлер қандай?» деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға кейіпкерді сипаттап жіпті лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы басқа кейіпкердің қасиетін сипаттап, жіп бумасын тағы келесі балаға лақтырады. Осы ойын арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.

  • Балалар, «Көшпелі алтын» әңгімесінің кейіпкерлері қандай образ түрлеріне жатады?

Тапсырма. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп,шығарма идеясын талқылайды:

  • Шығарманың идеясы не?

  • «Көшпелі алтын» атты әңгіменің басты кейіпкері кім?

  • Өздерің физикадан білетін шар найзағай мен автордың берген

  • анықтамасы сәйкес келе ме?

  • Неліктен қазіргі таңда фантастикалық фильмдер мен шығармалар кең

етек алды деп ойлайсың?

  • Не себепті балалар көшпелі алтынды таппайды?

Дескриптор:

  • 1.Сұрақтарға жауап береді

  • 2.Шығарманың идеясын ашады

  • 3. Өз пікірлерін ортаға салады

  • 4.Дәлелдер келтіреді.

ҚБ

2-тапсырма: Концептуалдық кестені толтыр:

Кестені толтырып, кейіпкерлердің шығарманың идеясын ашудағы орнын белгілеңдер.

Кейіпкер

Кейіпкерге мінездеме

Кейіпкердің іс-әрекеті

Идеяны ашудағы Кейіпкерге өзіндік баға

Сәмен

саяхаттауды сүйетін, ізденімпаз,




Қажытай

ақылды, қиялшыл, сенімді дос




Сералы Әйтиев




Дескриптор:

  • Кейіпкерге мінездеме береді;

  • Кейіпкерлер іс-әрекетін ажырата алады;

  • Кейіпкерге өзіндік баға береді

  • Маңыздылығын айқындайды.

Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты»

3-тапсырма: «Салыстырма кестесі» әдісі:

Кейіпкер

Мінездеме



Бойларында

сен ұнатқан

қасиеттер

Бұл қасиеттер бүгінгі жастарда бар ма?





Дескриптор:

  • Кейіпкерге тән мінездемені іріктеп жазады;

  • Нақты мысалдар арқылы дәлелдейді;

  • Бүгінгі жастардың әрекетімен салыстыра көрсетеді.

Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.



Сәменнің көрген алтыны шындыққа жанаса ма?

Бұл алтынның иондану процесі екен.Яғни жарқыраудан шыққан от.

  • Ойын нақты әрі қысқа жеткізеді

  • Өз көқарасын білдіреді

  • Бүгінгі өмірмен байланыстырады.

ҚБ


Оқушылар әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы білімді еске түсіреді.






«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп,шығарма идеясын талқылайды.










Кестені толтырып, кейіпкерлердің шығарманың идеясын ашудағы орнын белгілеп, көрсетеді.












Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме береді.








«Кейіпкермен сырласу» әдісімен хат жазады.










Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?








Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?





Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.




Әдебиет хрестоматиясы



«Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі







Сабақтың соңы


Кері байланыс.

Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...


Үй тапсырмасы: Жанрлық ерекшелігіне сатылай талдау жасап келу















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
59 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі