4-сынып
|
№ р/с |
Айлар |
Тақырыптың атауы |
Сағат саны |
|
1. |
қыркүйек |
Жол жүру ережелерін білеміз бе? |
1 |
|
2. |
қазан |
Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері. |
1 |
|
3. |
желтоқсан |
Жол жағдайларын макетте (пішімде) талдау. Арнайы авто алаңда өткізілетін тәжірибелік сабақтар. |
1 |
|
4. |
наурыз |
Темір жол өтпелері. |
1 |
|
5. |
сәуір |
Жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету біліктілігін арттыру. |
1 |
|
6. |
мамыр |
Қорытынды сабақ. |
1 |
|
|
Барлығы: |
6 |
|
-
Тақырыбы: Жол жүру ережелерін білеміз бе?
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары
Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.Бағалау критерийі
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Сабақ барысы
-
Жоспарланған уақыт
Сабақ барысы
Ресурстар
Басталуы 3минут
Ұйымдастыру кезеңі:
1)Оқушылармен сәлемдесу.
2)Оқушыларды түгелдеу.
3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу
Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.
Топқа парта бойынша бөлу:
І топ «Бағдаршам»
ІІ топ «Жүргізуші»
ІІІ топ «Аялдама»
Суреттер, слайд
Бағалау

Ортасы 20 минут
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.1-тапсырма. Сұрақ жауап айдары
- Жол деген не?
«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.
2-тапсырма. Суретпен жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Аяқталуы 10 минут
Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
Оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік
пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы
2 мин
Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:
- Мен бүгін ........білдім
- Маған .... қызықты болды
- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
-
Тақырыбы: Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары
Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру. Жолда абайлап жүруге баулу. Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Бағалау критерийі

Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Суреттер, слайд
Бағалау

Ортасы 20 минут
1-тапсырма. Бағдаршам ойыны.
Қызыл көтерген де-тұр, сары –күт, жасыл-жүр.
Бағдаршамның сұрақтарына жауап беріп көрелік.
1.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
2.Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек?
3.Көше тәртібін не басқарады?
4.Жолдың қай жағымен жүру керек?
5.Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды?
2-тапсырма. Жұмбақ
1. Сом дене, табаны бар сонша тісті,
Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор)
2. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында жаны жоқ,
Май жейді,
Су ішеді. (Машина)
3. Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, кім біледі? (Троллейбус)
4. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)
5.Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
3-тапсырма. Жанатын бағдаршам
Келесі ойнайтын ойынымыз «Жанатын бағдаршам»
Бағдаршам қызыл көзін көрсеткенде орындарыңнан қозғалмай тұрасыңдар. Сары көзін көрсеткенде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Жасыл көзі жанғанда орындарыңда тұрып жүресіңдер.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Аяқталуы 10 минут
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Қорытынды:Мұғалім: Ал балалар ,біз бүгін не үйрендік,немен таныстық?
-Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен таныстық.
-Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
-Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

Тақырыбы: Теміржол қиылысынан өту. Қала сыртыңдағы жолдарда жүру ережелері
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары
-
Теміржол көлігі объектілерінде заңсыз әрекеттердің алдын алу;
-
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың өмірін сақтау мақсатында жол белгілерін тану.

Темір жол өткелі – темір жолдар мен тас жолдың немесе велосипед немесе жаяу жүргіншілер жолы қиылысатын жер. Өткелдердегі қауіпсіздік
Ешқашан ұмытпа:
• Өткелде қауіпсіздік ережелерін сақтамау сіздің өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін!
• Жабық немесе жабылатын шлагбаумы және/немесе белсенді дыбыстық сигналы мен бағдаршамы бар өткелден өтуге тыйым салу барлық жол қозғалысына қатысушыларға, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге де қатысты!
• Өткелде шлагбаумнан 5 метрден жақын емес, ал шлагбаум болмаған жағдайда - ең жақын рельстен 10 метр қашықтықта тұру керек!
Суреттер, слайд
Бағалау

Ортасы 20 минут
1-тапсырма. Теміржол белгілерін суретке қарап айту

Шлагбаумы бар темір жол өткелі

Кедергісіз темір жол өткелі
Темір жол өткелдерінде бағдаршамдар, шлагбаумдар, палубалар орнатылады.
Тосқауыл – жылжымалы арқалық. Түсірсе жол жабылады, көтерілсе ашық.
Темір жолды кесіп өту кезінде рельстерді басып кетпес үшін, рельстермен бірдей деңгейде ағаш қаңылтыр төселеді.
2-тапсырма. Теміржолдан өту ережесін айту
1. Темір жолға барыңыз, зейініңізді жинаңыз және өзіңізге ойша айтыңыз: «Абайлаңыз».
2. Жан-жағына қарап, жақындап келе жатқан пойыздың дыбысын ести аласыз ба, соны тыңдаңыз, вагондар бар-жоғын білу үшін артыңызға қараңыз, содан кейін қайтадан солға және оңға, содан кейін ғана темір жолдарды кесіп өтіңіз.
Темір жол ойын алаңы емес, қауіпті аймақ! Өзіңіздің және балаларыңыздың өміріне қамқор болыңыз!
Темір жол көлігі объектілеріндегі заңсыз әрекеттердің алдын алу
Назарсыздық

Алкоголь

Наушникта болу

Темір жол көлігінің жұмысына заңсыз араласу
Рельстерге бөгде заттарды қою, пойыздарға тас лақтыру және басқа да заңсыз әрекеттер адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.
Оған қатаң тыйым салынады:
• темір жол көлігінің инфрақұрылымын зақымдау;
• темір жол жылжымалы құрамының зақымдануы;
• темір жолдарға бөгде заттарды қоюға;
• жылжымалы құрамға заттарды лақтыру;
• темір жол көлігі нысандарында террористік шабуылдар болуы мүмкін туралы жалған хабарламалар қалдыру.
Темір жол көлігінің қызметіне кез келген бөгде араласу заңсыз болып табылады, ол заңмен қудаланады және қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Тақырыбы: Жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету біліктілігін арттыру.
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
Күні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары
Оқушыларға алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру.

І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Суреттер, слайд
Бағалау

Ортасы 20 минут
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Алғашқы көмек көрсету түрлері
Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).
Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.
Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қмж техника қауіпсіздігі

шағым қалдыра аласыз