Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМТҚ Заттың мөлшерін санмен сәйкестендіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: Қарапайым математика

ТАҚЫРЫБЫ

БАЛАБАҚША ортаңғы топ


Заттың мөлшерін санмен сәйкестендіру.

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Бадисолтанова С.Н.

ОҚУ МАҚСАТЫ

-сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу;

-заттарды санау қабілетін күшейту (5 саны көлемінде);

-заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды жалғастырамыз, осы сөздерді сөйлеу барысында қолданамыз;

-заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) тауып, оларды сол белгілеріне қарай топтастыруды үйретеміз;

-геометриялық фигура – шаршы туралы түсінікті нығайту.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар білуге тиісті: 5-ке дейін санауды (үш тілде), геометриялық пішіндерді, сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табуды.

Балалардың көпшілігі білуге тиіс: Тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді атауды.

Кейбір балалар білуге тиіс: Берілген тарсырмаларды орындай алады, сан мен затты сәйкестендіре алады, заттарды ұқсас белгілеріне қарай топтастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Үлкен, кіші, кішкентай, шаршы.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Қызығушылығын ояту.

Сабақтың басы

3 мин

Шаттық шеңбері:

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!


«Тыңда, сана, көрсет» ойын -жаттығуы.

-Балалар, үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен қол шапалақтаймын, ал сендер мұқият тыңдап соған сәйкес цифрді көрсетіндер.



Шаттық шеңберіне тұрады.







Балалар алдында 1-ден 5-ке дейін сандар болады


Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың ортасы

15 мин

Тосын сәт:

Түлкі кіріп келеді. Балалармен амандасады.
Апай, аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы. Кімде кім менің берген тапсырмаларымды орындай алса,
мектепке қабылдаймын депті. Бірақ мен мына тапсырмаларды орындай алмай сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын.
- Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?
- Ия, көмектесеміз.
- Қане, қандай тапсырмалар бар?

Балалар, бірінші әркім өз орнын табу керек. Мен геометриялық пішіндер таратамын, ал сендер алған пішіндеріңе байланысты таңбасы бар үстелге отырасыңдар.

(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектер таратылады)


«Математикалық жұмбақтар» ойыны. (Барлық балаларға)

1-тапсырма:

1 - ден 5 - ке дейін тура ж/е кері санау.

2-тапсырма:

Логикалық есептеу:
Табақта 5 алма
Алды біреуін Алима
Алды біреуін Салима
Табақта қалды неше алма?[3]
-Екі қоянның неше құлағы бар?[4]
-Неше құйрығы бар?[2]

-Екі балада неше құлақ бар?

-Есектің мұрыны нешеу?

-Бес сиырдың басы нешеу?


Түлкі:

-Рахмет, балалар, сендер тапсырманы орындадыңдар.

Енді әрбір топ өз тапсырмаларын орындайды.

1-топқа:

Picture 1

Суреттің санына сәйкес келетін цифрды боя.


2-топқа:

Ішінде моншағы бар кішкентай дорбашалар таратып, моншақтың санын цифрмен көрсет.


3-топқа:

- Суретте не артық?

- Неше ойыншық бейнеленген?

- Неше кітап бар?

Мысалы: кітап, дәптер, өшіргіш, машина.


Сергіту сәті:

Музыка әуенімен «Қарлығаш» жаттығуы орындалады.


Топтардың жауабын бағалау (қол шапалақтау арқылы).


- Балалар, тапсырманы дұрыс орындап түлкіге көмек бердіңдер. Сендермен қоштасар алдында түлкінің тағы бір өтініші бар екен, орындаймыз ба?

- Ия.

- Мында жұмсақ ойыншықтар тұр. Ол қандай ойыншықтар?

-Аю, қонжық.

- Олардың көлемі бірдей ме?

-Біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі мүлдем кішкентай.

Үлкен, кіші, кішкентай – сөздерін тағы қайталату.

Барлық тапсырманы дұрыс орындағандарыңа ризалығын білдіріп, түлкі сендерге мынадай сыйлық тастады. Ол енді мектепке қабылданатын болды.

- Мына сыйлықтың пішіні қандай?

- Шаршы.

Шаршы туралы қысқаша айта кету. Шаршы конверттің ішінен смайликтер тарату.













Геометриялық пішіндер





























Тапсырмасы бар қима қағаздар таратылады.











Дорбашалар беріледі.




Түрлі-түсті суреттер таратылады.




Теледидар қолданылады.










Көлемі үш түрлі ойыншық аюлар.










Шаршы.

Рефлексия

Сабақтың соңы

2 мин

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Өз жұмыстары ұнаса қызыл түсті қолды көтереді, ұнамаса көк түсті көтереді.

Балалар өз жұмысын көрсетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12