400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен 5 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Қазақ әдебиетінен жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаттарына сай жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі.

Мектеп: М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ

Күні: 25.09.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Махмудова Гулимжан Жумартовна

Сыныбы: 5 «в»

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабаққа негізделген оқу

мақсаттары:

5.2.1.1 – Қобыланды мен басқа батырлардың бейнелерін салыстыра суреттеу. Кейіпкерлердің бейнелеріндегі қарама-қарсы суреттеулерді табу.

5.2.2.1 – Жырдан автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

кейіпкерлерді салыстыра отырып, мінездеме бере алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

жырдан батырлардың бейнесін суреттейтін тұстарын тауып талдай алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: жырдың идеясын өз сөзімен айтып, бүгінгі күнмен байланыстырып, ойын жеткізе алады.

Жетістік критерийлері

1-тапсырма бойынша

1-топ: сұрақтарға жауап береді

2-топ: эпизод бойынша қажет сөздерді дұрыс қояды.

3-топ: мәтін бойынша батырларға сипаттама береді.

2-тапсырма бойынша

1-топ:

  1. Кейіпкерлер іс-әрекетін мәтіннен тауып, өз ойларын айтады.

  2. Нақты мысалдар келтіреді

2-топ:

  1. Кейіпкердің сөздері арқылы эпизодтардынақты табады.

  2. Сөздері арқылы кейіпкерге мінездеме, сипаттама береді.

3-топ:

  1. Салыстыру бар.

  2. Эстетикалық талғамға сай безендірілген.

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады:

Жырдан батырлар бейнесін тауып, талдайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ақ алмас, жебе, қозыжауырын жебе.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Сіздердің ойларыңша, Қобыланды мен Құртқа қандай кейіпкерлер?

  2. Қазақ тарихында болған қандай батырларды білеміз?


Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар: бір-бірлерін тыңдауға үйренеді. Жеке, топтық тапсырмалар арқасында жырдан көріктеу құралдарын тауып жазады.


Алдыңғы оқу:


«Қобыланды батыр» жыры. Оқылым тапсырмалары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар /төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз/

Ресурстар

Басталуы – 3 минут

1.Жырда кездесетін батырлардың қаруларын атап, сол бойынша топқа бөлемін.

Қозыжауырын жебе (1-топ) – жебенің бір түрі; садақтың оғын жебе дейді. Қозыжауырын аталу себебі: жебе қозының жауырынынан жасалған.

Ақ алмас (2-топ) – қылышты бейнелі түрде атау. Алмас ең қатты және өткір зат.

Семсер (3-топ) – қылыштың бір түрі.

Қазақ әдебиеті – А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева (5-сынып)





Қарулар бейнеленген суреттер

Ортасы – 34 минут

Топтық жұмыс.

1) Жырда қандай жер-су атаулары кездеседі? Үш топқа тапсырма беріледі. Әр топ өз тапсырмалары мен критерийлерін алады.

Қалыптастырушы бағалау – «Бағдаршам»

2) «Семсер» тобы. Кейіпкерлердің мінезін, портретін білдіретін жыр үзінділерін тауып, постерге өз ойларын жазып қорғайды.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық,

Алақанды соғамыз ,

Орнымызға қонамыз.

«Жебе» тобы. Жырдан көріктеу құралдарын тауып, жырдың мазмұны, идеясымен байланыстырып айтады. Басқа топтарға 6 сұрақ дайындайды.

«Ақ алмас» тобы. Қобыландының дүниеге келуінен бастап оның ерліктері туралы дәлелдер тауып, постер дайындайды. Қобыланды батырдың ерлік істерін бүгінгі күн батырларымен салыстырады. Батырлық, ерлік сөздерінің мәнін ашады.

Қалыптастырушы бағалау - «Үш шапалақ» әдісі.

Жетістік критерийлері

Критерийлер:

1-топ: сұрақтарға жауап береді

2-топ: эпизод бойынша қажет сөздерді дұрыс қояды.

3-топ: Мәтін бойынша батырдың бейнесіне сипаттама береді.

Дескрипторлар

1-топ: сұрақтарға жауап бере алады.

2-топ: эпизод бойынша қажет сөздерді дұрыс қояды.

3-топ: Мәтін бойынша батыр образына сипаттама бере алады.

Үйге тапсырма. Тайбурылдың шабысын жатқа айту.



Оқулық, маркерлер, А4 форматы



Бағдаршам


Оқулық, постер, интербелсенді тақта.
















Оқулық, хрестоматиялық материал








Аяқталуы – 3 минут


Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі

Кері байланыс – «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесін – бұрыннан білемін, бүгінгі сабақта білдім, тағы да білгім келеді. Оқушылар кестені дәптерлеріне жазады.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
4129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі