Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қоғамдағы педагог мәртебесі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Қоғамдағы педагог мәртебесі"
2019 жылғы 27 желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы № 293-VІ ҚРЗ.қабылданды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдемесінде елімізде жылдар бойы қордаланған әлеуметтік мәселерге, жастарға сапалы білім беру, ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін көтеру маңыздылығын атап өтті. Оқушыларға оқу-тәрбие, ұлттық тәрбие, Отанды сүю, еліміздің Тәуелсіздігін қорғау, патриоттық тәрбие беру іргетасы мектептен қалануы жолында мұғалімнің ролі маңызды роль атқарады.Оқушыларға жастайынан дұрыс оң бағыт бағдар беріп, Отанды қорғау, мейірімділікке баулу, өз еңбегімен адал нанын тауып жеуге үйрету, ешкімге бидайдың түйіріндей де жамандық жасамау, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білуді үздіксіз оқу үрдісінде дәнін еге беру –қоғамда педагогтың үлкен көмегін тигізеді.Ол үшін мұғалім үнемі сабақ кезінде осы игіліктерді оқушыға үнемі үздіксіз үйрете беру керек деп ойлаймын.Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек. В. Маяковский.
Мұғалімнің басты миссиясы:
- елдің жарқын, озық ұстаздарының көшбасшысы, "үні" болу;- балалардың құқықтары мен сапалы білім алу үшін күресу;- мұғалімдердің мүдделері мен құқықтарын қорғауда белсенді азаматтық позицияны ұстану;- билік пен баспасөзді қоса алғанда, кең аудиторияға өз ұстанымыңызды дәлелді түрде білдіру;- әріптестеріңізді үнемі дамуға, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық белсенділікке шабыттандыру;- өз тәжірибемен белсенді түрде бөлісу;
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол – кемел ұстаз.К.Д.Ушинский
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да
мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді
таза, берік һәм өз жанымызға қазақ жанына үйлесетін негізде құра
білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.Ұстаз болу –
өз уақытын аямау, өзгенің бақытын
аялау.
Ж.Ж.Руссо
Қоғамдық жұмыстарға, сенбілікке қатысамын. Елбасына күн туғанда Атырау қаласына су тасу қаупін алдын алу мақсатында жаға бекіту жұмыстарына да шығып жүрдім. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.Л.Н.Толстой
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін
мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын
болады.
Д.И.Менделеев.
Менің мұғалімдік
қызметім-отбасыма, маған және менің балаларыма деген көзқарасыма оң
әсер етті. Үйде балаларыма «Сендер, мұғалімнің баласысыңдар,
қоғамда, ортада саналы, тәрбиелі, тәртіпті болуларың керек деп
үнемі айтып отырамын. Жолдасыма да, әйелің мұғалім екені-саған
қарағанда-ақ, сөзіңнен, жүріс-тұрысыннан білініп тұру керек.
Мәдениетті болыңдар, әркез өздеріңді дұрыс ұстап, ұқыпты жүріңдер
деп үйде де мұғалім боп кететін кездерім болады. Өзіме мұғалімдік
оң әсер етті деп айта аламын. Ортада, көпшілік алдында сөйлеу,
өзіңді сабырлы ұстауға ойыңды жеткізу т.б. мұғалімдік әркез жаңа
технологияны игеруді, өмір трендінен қалмауды үйретеді. Заман
ағымынан қалмай, сол толқынға қарсы жүріп жаңадан шыққан
программаларды да үнемі үйреніп, сайттан қарап ізденіп отырамын.
Себебі, мұғалім жаңалық жаршысы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы қажет
деп ойлаймын.Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның
мұғалімдігі де
жойылады.К.Д.Ушинский
Асыл және жомарт адамды тәрбиелеу үшін алдымен мұғалімнің өзінің тәрбиесі зор болу керек. Оқушыларға үнемі бір-біріне мейірімді болуды, бір сыныптың бір үйдің баласындай болуды айтып отырамын.Баланың үлгерімінің төмендігіне мұғалім кінәлі деп ойлаймын, себебі бала сабақты меңгере алмаса, сабақ түсінбесе, оны бала жүрегіне жеткізе алмаған мұғалім кінәлі деп ойлаймын. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады. Шәкірт жүрегіне жол таба білу керек. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі /Ы.Алтынсарин /
Мұғалім - бүкіл Үлгілі оқытушы
рөлін алуға дайын болуы керек. Олар болашақтың адамдарын тәрбиелеу
мен білікті қалыптастыруда еңбек етеді. Білім шыңдау мақсатында
қажырлы еңбек- оқушылардың психологиялық, интеллектуалды және
этикалық дамуын қалыптасуға да септігін тигізеді. "Үлгілі мұғалімі"
болу қажеттілігінің біреуі оқыту жүйесінде білікті қолдану,
адамдардың кез келген салаларынан білікті түрде жетілдірудің
маңызды болуы. Мұғалімдер адамдарды оқуға қатысып, оларды жақсы
біліктендірген, өзге жағдайларға дайындап, басқа білім мен
дағдылармен жақсы таныстыруға мән
береді.Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол
мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең
әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар,
жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет
Байтұрсынов
Қоғамдық ортада мұғалім өзінің білім нәрін егетін жан екенін қашанда көрініп тұруы тиіс деп ойлаймын. Автобуста, қоғамдық орындарда келеңсіз жағдайлардың алдын алуда да мұғалім реті келсе өз көмегін аямауы қажет деп ойлаймын. Мұғалімдер адамдарды оқуға қатысып, оларды жақсы біліктендірген, өзге жағдайларға дайындап, басқа білім мен дағдылармен жақсы таныстыруға мән береді.Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп,не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.Ян Амос Коменский
Біздің заманда, информатика пәнінен мұғалім болу үшін кейбір мақсаттарды ұсынылуы керек: Мұғалім үнемі шығармашылықпен айналысып, ізденісін тоқтаптпауы керек деп білемін. Өзін дамытпайтын мұғалім,жақсы мұғалім емес деп білемін. Абай Құнанбайұлы
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. Мен үнемі өз білімімді игі істерге бала оқытуға жұмсаймын. Үлгілі мұғалімі болу үшін сайттарға өз білгенімді, жаңадан шығармашылық шабытыммен дайындаған тапсырмалар, курстарымды интернет сайттарына салып отырамын. Үлгілінің қай жерінде жүрсе де кез келген адам интернеттен мен салған тапсырмаларды, мен берген білімнен нәр алса, еңбегімнің жемісі деп білемін.
Жеке өз пікірімді айтар болсам, 2022 жылдың 5 қаңтарында елімізде болған қиын жағдай, айтуға аузым бармайды, сол соңғы 30 жылда еліміздің тәуелсіздігінде қоғамның әсіресе бәріне топырақ шашпаймын бірақ кей жастардың (морадер) іс-әрекеттерін жаңалықтардан көргенде- бұл біздің әттеген-ай тәрбиеден кеткен қоғамның бір дерті ау деп көзіме жас алдым. Барлық мұғалімдер оқушыларға сапалы оқытуда қажетті ресурстарды жаңа технологиямен пайдаланса сол үшін аянбай еңбек етсе, мәртебесі көтерілмек.Мұғалім мәртебесі шәкірт деңгейімен өлшенеді, шәкірті нәтиже көрсетсе, мұғалім мәртебесі биіктейді;Мұғалім өз мәртебесін көтеретін амалдарды өзі қарастыру, оқытуда, тіпті көшеде, қоғамдық орындарда жүрсе де өзіңің мұғалім екенін ұмытпай тәрбие дәнін егіп жүрсе..Қазір мұғалімдердің мәртебесіне жан-жақты жағдай жасалған десем артық емес. Бір 45 минутта сабағым өтсе болды деп қана емес, пәнімен қатар, оқушыларға тәрбие, Отансүйгіштікке баулыса ертеңгі болашағымыз жарқын болмақ. Сауатты, білікті, тәрбиелі, Отанын қастерлейтін мықты оқушыны тәрбиелеп шығарса мұғалімнің қоғамға қосқан үлесі сол болмақ. Қазір мұғалімдер мәртебесіне арнайы заң шығарылып, заңды қорғалған. Балабақша, үйге кезек кезектен тыс беріледі екен. Мұғалім өзін үздіксіз шығармашылықпен дамытып, оқушыларын әртүрлі сайыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып, біліктілік санатын- тесттен өту, жетістік портфилиосын жинақтап жоғарылатуға болады. Мұғалімдік – қоғамға ең қажет мамандық, оның қоғамдағы мәртебесі әрқашан жоғары болуы тиіс.Мұғалімнің беделі мен мәртебесі ғылыми шығармашылығына (ғылыми жұмыстарға қатысуына), кәсіби шеберлігіне байланысты көтеріліп, дәрежесі жоғарылайды.Қоғамда мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, мұғалім екенін әсте шығармауы қажет.Мәртебе көтеру – мұғалімнің өз қолында:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы жырлағандай оқушыларға сапалы да саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыздың мәртебесі әрқашан биік болсын! Қазір мұғалімге көп талап қойылуда. Мұғалім мәртебесі заңдылығына сәйкес мұғалім қай жерде жүрсе де өзінің мұғалім екенін ұмытпауы тиіс. Жүріс-тұрысына, киім кию стиліне, сөйлеу мәнеріне көп мән беруі қажет. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім болу үшін бала жүрегіне жол таба білу қажет. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады» Ұстаз бен шәкірт - егіз ұғым. Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі. Бұл мамандықтың қоғам алдындағы жауапкершілігі өте үлкен. Мұғалім-ел ертеңі – оқушылардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдық пен қайырымдылықты, мейірімділікті, асыл жомарт адамды, рухани байлық пен ұлттық байлықты сіңдіретін, оқушылардың тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда зор үлесін қосады. Оқушылар мектептен білім нәрімен сусындап, алған білімдері өмірде пайдаға асып жатса еңбегіміздің жемісі деп білемін. Кейде кей жағдайларға байланысты сабақ онлайн болған кезде, оқушыларымды қатты сағынамын. Бір сабақ болса да, оқушыларымның көз алдында отырып, бетпе-бет сабақта отырғанына еш нәрсе жетпейді.Оқушылар- менің жүрегімнің мектебі болса, білім, мейірімділік- оқушы жүрегіне жол табар кілтіміз болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Эссе авторы: Кожантаева Айгул Гильмановна 28 мамыр 2024 жыл.Начало формы