Х.Өзбеккалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі
Қоғамдық пәндерден оқытушының психологиялық,педогогикалық талаптар бойынша жұмыс жасауы
Тарих пәні оқытушысы:Жайлы А.Х
Зерттеу өзектілігі.
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.
Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Сондықтан кәсіптік мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі оқушыны болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту,кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру,оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет.
Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық.
Олар: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми – теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы
Зерттеудің мақсаты –көпсалалы колледж оқушыларына кәсіби бағыты тұрғыда теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.
Зерттеу міндеті - әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Тест тапсырмаларына жауап алу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу, нәтижелерін қортындылап өңдеу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
-
көпсалалы колледждерде оқытудың кәсіби бағыты негізінде теориялық, психологиялық-педагогикалық негіздері анықталады;
-
оқытудың әдістемелік ерекшеліктері және оқыту мазмұнын құрастыру тәсілдері анықталады;
-
көпсалалы орта кәсіптік оқу орындарында оқылатын пәні бойынша кәсіби бағыттағы тапсырмалар жүйесі құрастырылып, оларды оқыту үрдісінде пайдалану әдістемесі жасалады.
Зерттеу тұжырымдамалары:
кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытудың арнайы құрылған технологиясы;
-
кәсіби бағыттағы тапсырмалар жүйесі мен оларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі;
-
ұсынылған технологияның тиімділігінің дәлелденуі.
Сапалы білім беру үшін пәнді оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оны практика жүзінде іске асыру қажет. Оқу үрдісінің барысында, оқытудың әдістемелік жүйесін құрайтын, өзара логикалық байланыста болатын төмендегі бес компонентті көрсетуге болады:
-
Бастапқы жағдайды талдау және оқыту мақсатын анықтау;
-
Жұмысты жоспарлау, немесе мақсатқа жетудің құралы мен мазмұнын талдау; оқытудың психологиялық, педагогикалық аспектілері, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру жағдайлары талданған.
-
Оқу үрдісі – оқытушы мен оқушының арасындағы білім алу
-
Оқытушы және оқу әрекеттерінің орындалуы, оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Жұмысты тексеру;
Оқытудың нәтижесінде талдау және бағалау.
Дидактикалық көзқарастан алғанда, оқу үрдісі, жалпы алғанда, оқушылардың білімді меңгеру міндетіне, ал жеке алып қарағанда психологиялық дайындығына байланысты.
Сондықтан дидактар мен психологтар білімді меңгеру үрдісін: қабылдау, түсіну, ойлау, қорыту, бекіту, қолдану үрдістері деп бөледі.Сабақ барысында психологиялық бұл әрекеттер бірге орындалады және оларды бір-бірінен ажырату қиынға түседі, бірақ мұғалім бұл үрдістердің жеңіл және тиімді өтуін сабақты жоспарлағанда әрқашан есте ұстауы керек.
Жоғарыда келтірілген оқу үрдісінің құрамдас бөліктеріне қарай әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оладың мақсаты да, мазмұны да, жұмысты ұйымдастыруы да, тексеруі де, түзетуі де, оқыту нәтижесін талдауы да, бағалауы да әр түрлі болып келеді
Оқу үрдісін жандандырудың педагогикалық жағына оқушылардың оқу материалын эмоционалды қабылдауына мүмкіндік туғызатын, яғни оқушының ақыл-ойын, есін, санасын баурап алатын белгілі бір тәсілдер, формалар мен әдіс тәсілдер жүйесі арқылы іс-жүзіне асыратын үрдістер жатады.
Қорытынды
Орта кәсіптік оқу орындарында оқытудың кәсіби бағыттын жүзеге асыру жағдайына теориялық және әдістемелік талдау жасау, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу нәтижелері төмендегідей
Қорыта келгенде, курстың мазмұны, пәндер бойынша оқушылардың теориялық дайындығын күшейту және білікті, сапалы маман дайындау арасында көптеген қарама-қайшылық барлығы анықталды.
Оған технологиялық карталар жиынтығы, жаттығулардың ақпараттық тобы, сынақ және емтихан сұрақтары, сабақтың ақпараттық карталарын, курстың әрбір оқу тақырыбына арналған әдістемелік ұсыныстар, оқушылардың кәсіби бағытын қалыптастырудың теориялық үлгісі жатады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз