400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамтану пәнінен «Әлеуметтік желінің қоғамдағы пайдасы мен зияны...» тақырыбы бойынша пікір-сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әлеуметтік желі туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі





«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Колледждің әдістемелік кабинет Директордың оқу-әдістемелік

меңгерушісі жұмыстары жөніндегі орынбасары

______________ Мырзанова Н.Б. ____________Бештенбекова С.У.

Хаттама№___ «_____» ____________2018 ж.

«_____» _______________2018 ж.





АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Пәні: Қоғамтану

Тақырыбы: «Әлеуметтік желінің қоғамдағы пайдасы мен зияны...»

Топтар: 1226033-«Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және ұйымдастыру» мамандығы, ТиОПППП-101, ТиОПППП-102 топтары

Оқытушының аты-жөні: Усманов Көбей Қамбарұлы

Оқу жылы: 2018-2019 жж.


















14 қараша 2018 жыл

Астана қаласы


Қоғамтану пәнінен пікір-сайыс

Тақырыбы«Әлеуметтік желінің қоғамдағы пайдасы мен зияны...» 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әлеуметтік желі туралы білімдерін кеңейту.

Білімділік: Әлеуметтік желі – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, қорытындылау;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты айта білуге, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауға ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге баулу;
Дамытушылық: Оқушыларды өз көзқарасын білдіруге, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі:  слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру.
Жүргізушілер: Қалқа Мөлдір, Құмарбек Алтынбек

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер!Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.

Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол.Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Қазіргі “ ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады ” - деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауда. Соның ішінде интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр .Әлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие болды және сол өмірде ұзағынан қалуды ұйғарған секілді. Адамдар арасында бөгетті бұзған әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде. Дегенмен, әлеуметтік желілер феноменінің басқа жағы да бар. "Жақсы" мен "жаманды" айырғанымыз емес, бар болғаны фактілерді ұсынбақпыз.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
Бұл жарыстан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл дебатқа,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға
 - дей келе колледжіміздің ТиОПППП-101 ТиОПППП-102 топтары студенттері арасындағы «Әлеуметтік желінің қоғамдағы пайдасы мен зияны..»  атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Бүгінгі дебаттың элементтерін пайдалана отырып пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырып өтейік:

1.Әр топ өздерін таныстырады (1 минут)
2.Пікір-таласу (3 минут)
3.Екі топ өзара сұрақ алмасады (2 минут)
4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары. Жауап беру (2 минут).
5. Сарапшыларды тыңдаймыз (3 минут)

Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпбаева Раушан Сергейқызы

2.Әдістемелік кабинет меңгерушісі Мырзанова Нәзира Бейсенбайқызы

Дебатқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар: ТиОПППП-102 топтың студенттерінен құралған даттаушы «Ақиқат» тобы:

1 спикер: Егемтаева Айсұлу

2 спикер: Қантбек Аида

3 спикер: Исанова Аида

Топтың ұраны: «Заман ағымынан қалыс қалмайық»

ТиОПППП-101топтың студенттерінен құралған жақтаушы «Парасат» тобы

1 спикер: Құлжанова Аида

2 спикер: Советказина Аида

3 спикер: Айтимова Мадина

Топтың ұраны: «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені»

Жарайды, танысып болсақ пікір – таласымызды бастаймыз.

Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) –

Салеметсіздер ме құрметті көрермендер!

Бүгінде қоғамымыздағы ақпараттық технологиялар, оның ішінде әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.Біздің ұстанып отырған ұстанымымыз бойынша әлеуметтік желі керек және өмірімізде маңызды орынға ие. Алдымен, әлеуметтік желі арқылы сіз таныстарыңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді тауып, олармен байланыста бола аласыз. Сондай-ақ желідегі әр түрлі топтарға тіркеліп, өз қызығушылықтарыңызбен, ойларыңызбен, көзқарасыңызбен бөлісе аласыз.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Даттаушы жақтың спикері: (Ақиқат тобы)-     

   Сәлем бердік қауымға! Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе? Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деп келген қазақ қазірде экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады.
Әлеуметтік желі әрбір үшінші жұптың ажырасуына себепкер екен. Ғалымдардың пайымынша, жас отбасылар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған кикілжіңнің салдарынан ажырасып жататын көрінеді. 
Тыңдағандарыңызға рахмет.

Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) –

Сәлем бердім карсыластарыма. Сонымен қатар қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін дөңгелетіп отырғандар баршылық. Өйткені, бұл - ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Өндірушілер өз тауарларын жариялап жатса, жұлдыздар суреттерін, ақын-жазушылар шығармаларын жариялап әлек. Тіпті қазір осы желі арқылы кімнің қайда, кіммен отырғанына дейін білеміз. Қайда барса да, телефонына телміріп отырғаны. Сондай-ақ компаниялар өздеріне жұмыскер іздеуде осы әлеуметтік желінің көмегіне жүгініп жүр. Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе әлеуметтік желілер арқылы келетін болғандықтан әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған. Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал телеөндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті. Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді.

Даттаушы жақтың спикері: (Ақиқат тобы) –

Сәлем бердік көрерменге! Көптеген жастар сыңарын табу мақсатымен бейтаныс адамдармен танысып, бармақ тістеп қалатын кездер де аз емес. Ал әлемде жыл сайын шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен. Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар.Әлеуметтік желіге тіркелгендер көп жағдайда өзі туралы мәліметті ашық жаза береді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдаланып кетуі ғажап емес. «Ертең мен ауылға кетемін, дүйсенбіде кездескенше, достар!» деп парақшасына жазып кеткен бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кетіпті. Дүние кетсе мейлі, өмірімен қоштасып жатқандар да жоқ емес. Әлеуметтік желі арқылы өзіне ұқсайтын жалғызбасты әйелді тапқан қылмыскер онымен достасып алған. Кейін әбден сеніміне кіріп алған соң үйіне барып өлтіреді, аты-жөнін, дүние-мүлкін иемденеді. Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен.
Иә, интернет – қауіпті. Жеке азаматтарға төніп тұрған қауіп өз алдына, бір ғана адам бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете алады. Мысалы, Мысырдағы бас көтерулерге қатысы бар деген айыппен Google компаниясының топ-менеджері Ваэль Гоним тұтқындалған. Әлеуметтік желіде бас көтеруге шақыратын парақша ашып, толқуларға ықпал еткенін оның өзі де мойындаған. Бұл айыптының анықталғаны. Ал оның анықталмағаны қанша?
Назарларыңызға рахмет.

Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) –

Осыдан 15-20 жылдай уақыт бұрын негізгі қарым-қатынас құралы тек үй телефоны ғана болатын. Содан кейін мобильді құрылғылар келіп, одан соң пайда болған скайп бағдарламасы ғаламдық байланыс туралы көзқарасты түп-тамырымен өзгертіп жіберді. Енді қарым-қатынасқа түсу үшін артық ақша төлеудің қажеті жоқ. Әлеуметтік желілер адамның ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

Енді достарыңызға немесе туыстарыңызға хат жолдау үшін сізге конверт пен марка сатып алудың қажеті жоқ. Енді олармен байланысқа түсу үшін электронды жәшік қызметтерін пайдаланасыз. Бұлар хатыңызды бірнеше секунд ішінде жеткізеді.Адамдар әлемнің әр нүктесінде жүрсе де, бір-бірімен әруақыт байланыста болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желілердің артықшылығы осы. Әрине, жылдам дамып келе жатқан бұл қоғамда ғаламтор адам баласына аз уақытта мол ақпарат алуға көмектеседі. Мысалы, қолайлы демалыс орындарын таңдау, ұшаққа билет брондау немесе қонақ үйден бір бөлмеге тапсырыс берусекілді әрекеттер жылдам әрі сапалы орындалады. Мәселен, белгілі бір мекендегі қонақ үйге тапсырыс бергіңіз келсе, сол қонақ үйдің ресми сайтына тіркеліп, тапсырыс бере аласыз. Бұл бар болғаны сіздің бес минут уақытыңызды алады. Ал жүктелген суреттер сізге дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Даттаушы жақтың спикері: (Ақиқат тобы )-

Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.
Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты.
Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Сөздің, достың қадірі жоғалып барады. Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай.
Әлеуметтік желі деген де аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады. Соның салдарынан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады. Уақтылы тамақтануға, жеке гигиенаға көңіл бөлуге де уақыт жетпейді. Интернетке бір күн қосылмай қалса, әлемнің үлкен жаңалығынан құр қалғандай мазасыздана бастайды, тіпті қолы немесе аяғы жоқ жарымжан адамдай күйге түседі. Әрине, көпшілігі компьютер немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары өте сирек. Керісінше, интернетке тәуелділік артып барады. Өкінішке қарай, интернетке қосылудың түрлі тәсілі пайда болған бүгінгі күнде арандатушылық бағытта парақша ашқандарды қолға түсіру немесе оларға шектеу қою оңай шаруа емес. Арам ойын асырғысы келгендер кез келген нүктеден қосылып, ойына келген сөзді әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберуі мүмкін. Ізін жасыру үшін бөтен адамның атымен тіркелу, біреудің құпиясөзін бұзып кіру, бақылау орнатылмаған интернет орталықтарынан қосылу секілді тәсілдерге жүгінеді.
Мына бір дерекке қараңыз: Сирияда әскери шиеленістерге қатысқан сарбаздардың 2 мыңнан астамын олар әлеуметтік желі арқылы түрлі елдерден жинап алған екен. Өкініштісі сол, оның ішінде қандастарымыз да бар көрінеді. 2013 жылдың қазан айында «YouTube» сайтында Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар жайында бейнеролик жарық көрді. «Шам жеріне жиһадқа келдік» дейді олар. Олар расымен Қазақстан азаматтары ма? Сирияға бүкіл отбасыларымен қалай өтіп кетіп жүр? Бұл сұрақтар жауапсыз қалды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияда түсіріліп алынған және интернет желілерінде таратылған бейнематериалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар екенін растаған жоқ, теріске де шығармады.
Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды.
Әйтсе де, «таяқтың екі ұшы бар» демекші, оның пайдасы да, зияны да бар. Жаманына жоламай, жақсы тұсын тиімді пайдаланғанға не жетсін.Тыңдағандарыңызға рахмет!

Жүргізуші сөзі: 3- бөлімге кезек берсек дейміз. Бұл бөлімде жақтаушы жақ және даттаушы жақ сұрақ-жауаптармен алмасады. Уақыттарыңыз – 2 мин. «Даттаушы» жақ тобының спикері: сіздің Парасат тобының спикерлеріне қоятын сұрағыңыз.

Жүргізуші сөзі: «Жақтаушы» жақ тобының спикері:  сіздің Ақиқат тобының спикерлеріне қоятын сұрағыңыз. Уақыттарыңыз – 2 мин.

Жүргізуші: Екі фракция спикерлері  өз ойларын толық жеткізе білді деп  ойлаймын. Енді   ұсыныстарыңыз бар ма? Даттаушы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -2 минут.

Даттаушы   жақ спикерлерінің ұсыныстары айтылады.

   

Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Жақтаушы жақ уақытыңыз — 2минут. Жақтаушы жақ спикерлердің ұсыныстары айтылады.   

Жақтаушы жақ спикері:Қазіргі таңда елімізде интернет пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Азаматтарымыз әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап отырған барлық әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы ақпараттарды алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі арқылы адамдар өзінің ішкі сұранысына қажетті барлық ақпараттарды алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп, өз қуанышымен бөлісе алады.«Әлеуметтік желі» қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын – жазушылар ғасыры бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы, қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы алғанда әлеуметтік желі дегеніміз адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым – қатынас жасайтын құралы болып табылады.

Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтарын тоқталсақ:

Әлеуметтік желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. таныса

аласыз. Әлеуметтік желілерден ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін қолданылады.

Даттаушы жақ спикері: Қазіргі кезде әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып, оны пайдалаушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін туғызатыны белгілі.

Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым – қатынас жасауды жөн көреді. Ең басында ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп, соңында көптеген қиыншылықтарға тап болады.

Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі, интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілерде сөйлеседі. Тиынның екі жағы бар демекші, әлеуметтік желі де адам арасындағы қарым – қатынасқа оң және кері әсерін тигізеді. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен қарым – қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым – қатынас жасаған адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға түседі, жолында пайда болған проблемаларды шешуге қабілеті аз болады. Сондықтан да әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп.

Әлеуметтік желілердің зиянды жақтарына тоқталып өтсек:

Компьютердің, ұялы телфондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: * Көздің көру қабілетін төмендетеді; * Омыртқалардың қисаюына әкеледі; * Жүйкеге салмақ түсіреді;

* Шаршағыштық, әлсіздік басады.

* Сөйлеу қабілеті төмендейді

Әлеуметтік желілерге сурет қою сәнге айналған. Кез келген смартфон, i-phone немесе android жүйесіндегі телефонмен түсірілеген сурет жайлы толық ақпарат алуға болады. Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін. Картадан анық көрсетіп те береді. Бұл – мемлекет үшін, әрбір адам үшін үлкен қауіп. Ақпараттық соғыстың ең өтімді қаруы өзіміз берген мәлімет емес пе? Осы қаруды «біреудің қолына ұстатып бермеу үшін» тез арада шаралар қолдану керек.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып “байланады”. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім “жабық әлем” қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…

ИНТЕРНЕТ ПЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ:

Телефон ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонымен өткізеді.

Cонымен қатар интернетті және әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім сапасының төмендеуіне де әсері бар екен. Сондықтан Интернеттің тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық!


Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Қөрермендердің «Парасат» тобы мен «Ақиқат» тобына сұрақтары қойылады.


Жүргізуші: Сөз кезегі сарапшыларымызға беріледі. Әдістемелік бірлестік басшысы Мырзанова Нәзира Бейсенбайқызы, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпбаева Раушан Сергейқызының қорытынды сөзі.

Жүргізуші:«таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернеттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпағымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың   «Мен  жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде  бейнелеген.

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім дер

Алтын арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма сұңқарға

Талу бар ма тұлпарға

Иман  күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды  ұраны,

Қасиетті  құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін – дегендей,ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар –дейміз.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі