Материалдар / Қожа-әдепті бала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қожа-әдепті бала

Материал туралы қысқаша түсінік
5-орыс сыныбына қазақ тілі мен әдебиетінен жас мамандарға,мұғалімдерге әдістемелік көмекші құрал.Сабақ жоспары жаңа бағдарламаға сай құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
643
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы:5

Күні:

Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні:

Избасарова К.Д

Сабақ тақырыбы:

Қожа-әдепті бала

Білімділік:

Қазақ тілінде әртүрлі тілдік тапсылмаларды орындату арқылы Б.Соқпақбаевтың шығармасындағы Қожа жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Қазақша ойын дәл жеткізуге үйрету арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация арқылы кітап оқуға бейімдеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы,қазақ тілі оқулығы

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ):қазақ тілінде Қожа жайлы ақпарат беру.

Оқушының орташа жетістігі(ООЖ):қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қожаны,оның мінез-құлқын ,шығармадағы көріністерді сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ):тақырып аясында сыныптастармен қазақша өзінің сүйікті кейіпкерлері туралы тілдесе алады,қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Кейіпкер,ықшам,жағымды,туу куәлігі,ес білгелі,қолайсыз,табанда өзгерту,істің турасы,келемеждеп айту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,слайдтар,"Менің атым-Қожа"көркем суретті фильм,тақырыпқа қатысты суреттер,желім қағаздар,карточкалар,А4 парағы,түрлі-түсті қарынданыштармен фломастерлер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру,сұрақ-жауап,сипаттау,әңгімелеу,"Жүректен-жүрекке"тренингі,кластер,семантикалық карта,постер,"Аквариум "тәсілі,"Т-кестесі" тәсілі,баспалдақ әдісі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал,сөздік,дидақтикалық материал.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезіңде ,"Жүректен-жүрекке"тренингісін өткізеді.Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз-жанды жадыратар.Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады.Сабақ соңында талданады.






Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтын тапсырмасын тексереді.Кемшіліктерді анықтайды,түзетеді,бағалайды.

Тапсырманы айтады,тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


І.Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында"Менің атым-Қожа"көркем суретті фильмінен үзінді көрсетеді. "Менің атым-Қожа" фильмін көрсетеді,сұрақтар қояды:

Балалар біз қандай фильм көрдік?Сендерге бұл фильм ұнай ма?Осы фильмнің кейіпкерлері туралы не айтасыңдар?

Көркем суретті фильмінен үзіндісін тамашалайды,сұрақтарға жауап береді.




ІІ.Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс.а)мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады.Олар оқиды,оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым.Оқылым.Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.Айтылым.Дұрыс айтылыммен ауызша жаттығу жүргізеді.


2.Мәтін алды жұмыс.а)айтылым.Дұрыс айтуға,жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тап.орындатады.

Айтылым.Сұрақтарға жауап береді.



ә)жазылым. Дұрыс сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тап.орындатады.

Жазылым."Сүйікті шығармам"тіркесіне кластер жасайды.





3.Мәтінмен жұмыс.а)Тыңдалым.Оқылым.Мәтінді мәнерлеп Дұрыс сауатты оқуға машықтандыру үшін 3-тап.орындатады

Тыңдалым.Оқылым.Мәтінді тыңдайды.Түсініп оқиды.














ІІ.Мағынаны тану

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


ә)жазылым. Дұрыс сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тап.орындатады.

Жазылым. Мәтіннен сын есімдерді теріп ,жазып,сөйлем құрайды.


б)Оқылым.Мәтінді мәнерлеп Дұрыс сауатты оқуға машықтандыру үшін 5-тап.орындатады

Оқылым.Мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын тексереді,түсіндіреді.


в)Айтылым.Дұрыс айтуға жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тап.орындатады.

Айтылым. Семантикалық картаны толтырады,түсіндіріп айтады.


4.Сергіту сәті.Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

А4 парағына шығарма кейіпкерлерінің суретін салады,постерр жасайды.


5.Мәтінсоңы жұмыс. в)Айтылым.Дұрыс айтуға жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 8-тап.орындатады

Айтылым.Суреттегі кейіпкерлер жайлы айтады.

ІІІ.Ой толғаныс.

"Аквариум "тәсілі бойынша "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында диалог құрғызады.

Тілдесім.Екеуара бірігіп,диалог құрады.

ІY.Бекіту

Мұғалім оқушыларға Т-кестесі тәсілін пайдалану арқылы Қожа мен Жантасқа сипаттама бергізеді.

Қожа

Жантас

Сабақ барысында алған білімдері,мағлұматтары,түсініктері.

Сабақ барысында алған білімдері,мағлұматтары,түсініктері


Қожа мен Жантасқа сипаттайды.

Y.Бағалау

Формативті бағалау.Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады.Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

"Баспалдақ " әдісі бойынша өзін бағалайды.

YІ.Үйге тапсырма:

Оқулықтағы 7-тапс.орындау.


YІІ.Рефлексия

Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады.

Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!