Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қожа-әдепті бала" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық патритотизм және азаматтық жауапкершілік ( оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу. Жеке тұлғаның пікірін ескеруге, бір-бірін құрметтеуге үйрету)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №13 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Қожа – әдепті бала

Күні

Мұғалімнің есімі: Махаметова Лола

Сынып: 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.2.5.1- берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.4.2.1 - эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

5.5.1.2 - лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тақырып бойынша сұрақтарды дұрыс түсінеді, диалогке қатысады. Белгілі бір кейіпкерді сипаттай алады, сын есімдерді ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша сұрақтар құрастыра алады, кейіпкерлерге салыстырмалы түрде талдау жасай алады және оларды сипаттап жаза алады. Сын есімдерді тапсырмаларды орындауда орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: мәтінге байланысты түрлі диалог құрастыра алады, кейіпкерлерді сипаттауда, эссе жазуда сын есімдердің қолдану ерекшеліктерін ажырата алады. Берілген сұрақтарға өз ойын, пікірін жинақтап, дәлелді жеткізе алады.

Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  1. Сұрақтарға лайықты жауап береді, диалогке қатысады.

  2. Кейіпкерлерді сипаттауда эссе құрылымын сақтай отырып жаза алады.

  3. Мәтіндерден сын есімдерді ажырата алады және оларды орынды қолданады




Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым

Терминология: туу куәлігі, ес білгелі, кейіпкер, қолайсыз

Сөз тіркестері: адамның аты, құлағым үйрену, табанда өзгерту, істің турасы, келемеждеп айту


Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патритотизм және азаматтық жауапкершілік ( оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу. Жеке тұлғаның пікірін ескеруге, бір-бірін құрметтеуге үйрету)

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, әдебиет пәндерімен байланысады, ортақ тақырыбы – адам бойындағы ізгі қасиеттерді тани білу, көркем шығармадағы кейіпкерлерді өмірмен байланыстыра суреттеу.

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук, интерактивті тақтаны көмекші құрал ретінде ұтымды қолдана алады.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылында қарастырылған адамгершілік, әдептілікке байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді біледі.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың зейінін шоғырландыру;



  1. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын:

    • Бердібек Соқпақбаев кім?

    • Ол қай жылы дүниеге келген?

    • Ол қай жерде мектеп бітірген?

    • Бердібек Соқпақбаев қайда жұмыс істеген?

    • «Менің атым Қожа» повесі алғаш рет қайда жарық көрген?

    • «Менің атым Қожа» фильмі қандай сыйлыққа ие болды?

Өтілген тақырыпқа сай қорапшаның ішінде жоғарыда келтірген үлгіге сай түрлі сұрақтар дайындалады.Оқушылар кез-келген ретте ортаға шақырылады.«Ыстық орындыққа» отыратын оқушы қораптағы сұрақтардың ішінен қалауы бойынша төрт сұрақты (екі де екі) таңдап, жауап береді. Жауап беретін оқушының жауабын сұрақ авторлары тексеріп, «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы және дұрыс жауап берген оқушыларды мақтау, марапаттау.

Дескриптор:

    • Сұрақтарға нақты жауап бере алады;

    • Өтілген тақырыпты біледі;

    • Сөйлемдердің аудармасын біледі.

  1. Оқушыларға сұрақ қою арқылы тақырыпты болжау:

  1. Сендер балаларға арналған шығармаларды оқисыңдар ма?

  2. Қандай шығармаларды білесіңдер?

  3. Ол шығармалар саған неліктен ұнайды?

  4. Қандай кейіпкерлер есіңде қалды? Не себепті?

  5. Балаларға арналған қандай фильмдерді білесіңдер?

  6. Ол фильмдердің басты кейіпкерлері кімдер?


  1. Оқушыларды топқа бөлу

«Аквариум» әдісі арқылы балықтардың түріне қарай оқушыларды 3 топқа бөлемін, яғни әр оқушы таңдаған балық суретіне сай топқа бөлінеді:

  1. «Сүйікті жазушым»

  2. «Сүйікті шығармам»

  3. «Сүйікті кейіпкерім»








Оқулық

5-сынып

Бәйшешек
































Қима қағаздар




Ортасы

20 минут

Жаңа сабақты түсіндіру:

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс: туу куәлігі, ес білгелі, кейіпкер, қолайсыз, адамның аты, құлағым үйрену, табанда өзгерту, істің турасы, келемеждеп айту

Дескриптор:

    1. Сөздерді дұрыс жазу

    2. Олардың жазылуына мән беру

    3. Сөздердің аудармасын сөздіктен табу

Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы

бағалау



2-тапсырма. Сын есім туралы түсінік қалыптастыру.


Дескриптор:

  1. Сын есімнің ережесімен танысады

  2. Олардың тұлғасына, мағынасына, құрамына қарай бөліну ерекшеліктерін біледі

  3. Мысалдар келтіреді


Қ.Б. дұрыс жауап берген оқушыларды «жұлдызшалар» арқылы бағалау, мақтау, марапаттау.


3 – тапсырма. «Ассоциация картасы» әдісі.

Тақырыпқа кіріспе ретінде суретпен жұмысты ұйымдастыру, ассоциативтік карта құрастырады.





Лексикалық минимум: сотқар, тентек, қызба, әділ,мейірімді,алғыр, ұрыншақ.



Сын есімдерді пайдаланып, мына кестені толтыру


Сөз

Менің аудармам

Сөздік бойынша аудармасы

Сөйлем

Әділ

честный

справедливый

Қожа – әділ бала.








Дескриптор:

  1. Сөздердің аудармасын дұрыс жазады

  2. Оларды қатыстырып сөйлем құрай алады

  3. Сөйлем құрауда сын есімдерді қолдана алады, ерекшеліктеріне назар аударады (Мысалы: Әділ – Қожа бала емес, Қожа – әділ (қандай?) бала)


Қ.Б. дұрыс жауап берген оқушыларды «жұлдызшалар» арқылы бағалау, мақтау, марапаттау.


4 – тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Шарты: әр топ берілген қима қағаздарда көрсетілген суреттер мен сұрақтар бойынша диалог құрастырады. Жасалатын жұмысты жұптаса орындайды.



Дескриптор:

  1. Қима қағаздарды дұрыс құрастыра алады

  2. Сұрақты дұрыс түсіне алады

  3. Жұптасып диалогке түсе алады


Қ.Б. оқушылардың жауаптарын «Жұлдызшалар» арқылы бағалау



5-тапсырма. «Хикая картасы» әдісі.

Шарты:

Берілген иллюстрациялар арқылы тобыңмен бірге ақпаратты болжап, жинақта. Сол деректерді қолдану барысында сын есімдерді қатыстырып эссе жаз. Жазылған эссені хикая картасына салып баянда.

Дескриптор:

1. көлемі 80 сөзден тұрады;

2. Эссе құрылымы сақталынады;

3. Сын есімдерді қолдана алады;



Қ.Б. топ жұмысын «Жұлдызшалар» арқылы бағалау



6– тапсырма. «Мектеп өмірі» бейнеүзінді көрсету. Бейнеүзіндіге қатысты кестені толтыру.




Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар.


+




Дескриптор:

  1. Қима қағаздарды дұрыс құрастыра алады

  2. Сұрақты дұрыс түсінеді

  3. Жұптасып диалогке түседі

Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы

бағалау



Оқулық, сөздік

















































А4 қағазы, кесте





















































Суреттер, қима қағаздар













Суреттер















Бейнетаспа, кесте, қима қағаздар

Аяқталуы

10 минут

Кері байланыс.

«Сабақтағы жетістіктер» кестесі

Тақырып

Қуаныш

Сәттілік




Бағалау.

«Топтық кері байланыс»

\Оқушылар топтардың жұмысына

стикерге кері байланыс жазып береді.\

Үй жұмысы.Сұрақ құрастыру. «Қожа – менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында эссе жазу.

Дескриптор.

  1. Тақырыптың негізгі мәні

  2. Тақырыпқа сәйкес дәлелдер

  3. Сын есімдерді қолданып салыстыру және қорытындылау




Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Барлық тапсырмаларды оқу мақсатына сай таңдау жасап, қарапайымнан күрделіге қарай негіздеп алдым. Қабілеті жоғары оқушылар эссе жазуда да, тапсырмаларды орындау барысында да ойларын ұтымды, дәлелді сөйлеп жеткізе алды.

Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Ыстық орындық»,«Ассоциация картасы», . «Суреттер сөйлейді», «Хикая картасы», «Аквариум» әдістері арқылы түрлі тапсырмалар бере отырып, оқушылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік алдым.






Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

- Оқу мақсаты шынайы

- Оқушылар тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп, оларды орынды қолдануға үйренді. Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары дамыды.

- Сыныптағы ахуал жағымды болды, оқушылар берілген барша тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты.

- Тапсырмаларға дескриптор қою арқылы оқушылардың білім деңгейін саралауға мүмкіндік алдым. Олар тиімді жүзеге асты.

- Бүкіл уақыт ішінде толық үлгердім, сабақ жоспарым нақты жоспарланған.

- Жоспарыма ешқандай түзетулер енгізген жоқпын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Хикая картасы» әдісі өте тиімді болды, оқушылар топтасып жұмыс жасап, тапсырманы тез орындады.

2. Кері байланыс ретінде «Сабақтағы жетістіктер» кестесін толтырту арқылы, оқушылардың сабақтан нені үйренгендеріне, нені меңгергендіктеріне көз жеткізе алдым.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақ тақырыбына белсенді әдіс-тәсілдердің, көрнекіліктердің көп болуы;

2. Ұялы телефон, планшет, интерактивті тақтаны сабақ тақырыбын ашуда қосымша көмек ретінде пайдалану;


Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім?

Оқушылардың топпен жұмыс жасауда ынтамақтастықта әрекет ете білуі, диалогке түсе білуі – олардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Кейбір оқушылар сын есімді анықталатын сөздің алдында келетінін ескермеуі, яғни сын есімді орынды қолдана алмауы.


Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Оқу мақсатын тақырыпқа сай таңдап, дұрыс жоспарлаудың – сабақ тиімділігін арттыратынына көзім жетті. Белсенді әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануға көңіл бөлемін.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
864
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12