400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қожа Ахмет Ясауи 8 сынып "Даналық кітабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЫНЫП: 8



Сабақтың тақырыбы

Қожа Ахмет Ясауи «Даналық кітабы»

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Әдеби шығарманың композициясы.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Заманауилығы мен жаңашылдығы.Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Негізгі мақсаты

Қожа Ахмет Ясауи туралы түсінік бере отырып, «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

«Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы Ахмет Ясауиді тарихи тұлға , ақын ретінде таниды.

Оқушылардың басым бөлігі:

«Даналық кітабындағы» хикметтерінің мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихатын ұғынады.

Кейбір оқушылар:

Ясауидің өмірлік мақсат-мұратын танып, имандылық туралы ойларын қазіргі заманғы тәрбиемен ұштастыра біледі. Діни ұғымдардың мағынасын ұғынады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Композиция, образдар (кейіпкерлер) жүйесі, тақырып, идея, теңеу, эпитет, метафора, сұлулық нышаны, қатал заман құрбаны, жасампаз жыр, махаббат, сүйіспеншілік





Алдыңғы оқу

«Күлтегін» , «Оғызнама»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Басталуы

Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуал:

1.Амандасу 2.Оқушыларды түгендеу

«Жақсы сөз, жарым ырыс»

Сыныпта жағымды ахуал орнатып,көңіл-күйлерін сұрап, «Бір тілек» тренинг арқылы балалар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріпіне сәйкес тілек білдіреді.

«Мазайка» әдісі қима қағаздағы сөздерді құрастыру арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу

1-топ .Айқындаушылар

2-топ. Байланыстырушылар

3-топ. Қорытындылаушылар

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу

2.А.Яссауи өмірдің мәні неде дейді?

3. «Диуани хикмет» кітабы қай тілде жазылған? Қай ғасырдың жәдігеріне жатады?

4. Кітаптың «Диуани хикмет» деп аталу себебі неде? 5.«Диуан», «хикмет», «қылует» сөздері қандай ұғым береді?

6. Қожа Ахмет Яссауидің хикмет саны неше?






Ортасы

Мағынаны тану


« Қожа Ахмет Яссауи әлеміне саяхатты интерактивті тақтадан көрсету.

Балалар экраннан кім және не жайлы көріп отырсыңдар?

Қожа Ахмет Яссауиді және кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы: Ахмет Яссауи кесенесі,тайқазан

Олай болса, бүгін біз Қожа Ахмет Яссауи және оның хикметтерін тереңірек білетін боламыз.

Сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің мына сөзімен бастағым келіп отыр. «Біз тегіміз түрік,дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз тиіс»

Бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақы-ны,есімі Ислам әлеміне танымал болған ойшыл қайраткер Қожа Ахмет Яссауидің хикметтеріне арналады.

2-топ: талдау «Талдау-табыс кілті»

Хикметтердің тақырыбы мен негізгі ойын талдау

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен, Пәрмен болса өлгенше жырласам мен, деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге,Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни, бізге бағыштаған аманатындай.

Яссауи шығармасындағы сақтандырған 5 нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау, кестені толтыру «Хикметтер» Яссауи «Ғылым таппай мақтанба» Абай

Ахмет Иассауи ////Абай Құнанбайұлы

1.Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтан Өсек

2.Менмен тәкәппар болма . Өтірік

3.Дүние- мүлік үшін арыңды сатпа . Мақтаншақ

4.Арамдықтан аулақ бол . Еріншек

5.Еріншек болма . Бекер мал шашпақ

Оқушылар осылай кесте толтырып, олардан Абай мен Ахмет ілімінің бір-бірімен үндестігінің барын,бізді қандай жақсы қасиеттерге тәрбиелейтінін анықтайды.

Шығармашылық жұмыс. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен үзінділерге оқушылар өз топтарында талдау жасайды

1.Айқындаушылар – топтағы пікірлерді тыңдай отырып, хик-меттердің идеясын, басты құндылықтарды анықтап жазады. Әдеби шығарманың композициялық құрылысына талдау жасайды

Шығарманы композициялық құрылысына талдау жасау.

1.Оқиғаның басталуы

2.Оқиғаның дамуы

3. Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі

2.Байланыстырушылар – топтағы пікірлерді тыңдай отырып, хикметтерде көтерілген құндылықтарды өмірмен, бүгінгі заманмен байланыстырып жазады.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

«Диуани хикмет»

1.Өмір үшін күрес

2.Адамдық ізгілік жолында

3.Замана зары

4.Алланы мойындау

5.Өмір мен өлім

6.Достарға өсиет

3.Қорытындылаушылар – топтағы пікірлерді тыңдай отырып, көркем түрде қорытынды шығарып жазады. РАФТ Рөл – ақын

Аудитория – халық

Форма – ақынға хат жазу

Тақырыбы – «Даналық кітап»

Дискрепторлар:

1.Хикметтерді құндылықтар аясында талдай алады

2.Хикметте автор сөз еткен құндылықтарды айқындайды

3.Үзінділерді айқындайды

4.Өмірмен байланыстыра отырып, бүгінгі заманмен салыстыра алады.Құндылықтардың бүгінгі замандағы көрінісі туралы пікір білдіреді.

5.Өмірден мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді

6.Өзіндік қорытынды шығарады

Бекіту сұрақтары:

«Даналық кітабынан» келтірілген үзінділерден өз өмірлеріңе пайдалы нәрселерді таптыңдар ма?

1.Ахмет Яссауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?

2.Ахмет Яссауи нені жырлады?

3.Ахмет Яссауидің имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келеме?






Аяқталуы

Қорытындылау

Сергіту сәті: «Көзімнің қарасы» Абайдың 175 жылдығы

Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстыру Мұғалімнің қорытынды сөзі: Демек, Иманды адам күн секілді.Күн бойынан жарық пен жылу бөліп,жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса,өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістер мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын, Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған.

Рефлексия:

2. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Стикерлер таратылып, сабақтағы жеткен екі жетістікті және бір ұсынысты жазу тапсырылады.

Үйге тапсырма: 1.«Қожа Ахмет Яссауи –ислам дәуірі әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғұлама» тақырыбында шығарма жазу .

2.Қожа Ахмет хикметтерін түсініп оқу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі