Қожа Ахмет Ясауи 8 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қожа Ахмет Ясауи 8 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
1111
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8-сынып 2-сабақ.


Бөлім:

1-бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Орфография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Шуйнишкалиева А

Күні:

05.09.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көне түркі жазба ескерткіштері – түркі халқына ортақ мұра

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады; мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан алынған жинақы мәтіндегі тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Құндылықтарға баулу

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Бірлік және Ынтымақ

Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

4 минут






5 минут










Сабақтың ортасы


7 минут












































10 минут




















8 минут

























6 минут







Сабақтың аяқталуы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал

«Жақсылық тамшысы»

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Қызығушылықты ояту

«Допты лақтыру» әдісі

Доп лақтыру арқылы мен өткен тақырыпқа сұрақ қоямын. Допты қағып алған оқушылар сұраққа жауап бересіңдер.

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Ұрпақтан ұрпаққа мұра болған жазба ескерткіштер (VIII ғ.) – қазақ және өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі жазбалары атақты Египет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазулары мен дәуірлес болып келеді.

Қазақстан мен Орталық Азия және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың орта шенінде «Түрік қағанаты» деген атпен өз алдына мемлекет құрғаны тарихтан бел гілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан-жырлардың кейіпкерлеріне, сом тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени әрі әдеби өмірінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні бүкіл түркі халқына ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.

(Ерболат Саурықов)


Кестені толтырыңыз

Мәтіннің жанры қандай?

Мәтін қалай ресімдел

ген?

Басқа қандай жанрлық ерекше

ліктер байқала

ды?






2-тапсырма

(а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз.

(ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. Жалқы есімдерді қолданыңыз.

Аннотацияға қажетті сөз тіркестері:


  • «Бұл мақалада … мәселесі қарастырылған.»

  • «Бұл жарияланымда … тақырыбы қозғалған.»

  • «Мақала … зерттеуге арналған.»

  • «Мақалада … жан-жақты талдауы жасалынған.»


4-тапсырма.

«А,В,С» әдісі

А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.




Берілген мәліметтер бойынша көне түркі жазба ескерткіштерін
тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде рөлге бөлініп, күрделі-құрама атауларды
байланыстырып, сұхбат құрыңдар.

Дания елінің ғалымы В. Томсен.
Түрколог В.В. Радлов.
Түрколог С.Е. Малов.
Швед офицері Ф.И. Страленберг.
Орыс ғалымы Н.М. Ядринцев.
Түрколог, әдебиеттанушы М. Жолдасбеков, түрколог Қ. Сартқожаұлы.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің табылған жерлері.
Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармалар.
Көне түркі әдебиеті.
Орхон жырларының негізгі ойы.
Құлпытастағы жазулар.
Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы.
6-тапсырма.

Берілген пікір негізінде өз ойыңды жалғастырып жаз.
Шын мәнінде, ешбір халықта жазу мәдениеті қалыптаспаған кездің
өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен.
(Олжас Сүлейменов)


Рефлексия «Сатылым»




Психологиялық ахуал

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.


Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.




Мәтінді мұқият оқиды.

Мәтіннің жанрын, рәсімделуін, ерекшеліктерін анықтайды.

Мәтіннің жанры:

Ғылыми мақала жанры

Рәсімделуі:

Сөз саны -180

Абзац саны - 3

Мәтінде жер-су атаулары, түркі дәуіріндегі батырлардың есімдері аталады. Нақты деректер берілген.




















Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алады.

(Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазады. Жалқы есімдерді қолданады.














«А,В,С» әдісі


Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

















Рефлексия жасайды Оқушылар бүгін не үйренгендерін стикерге жазып, оны сөмкеге салады, ал егер, келесі сабақта не үйренгісі келетіні жайлы ойлары болса, оны дүкенге қояды.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!







Бағалау

«Дарабоз» әдісі

1) сабаққа қатысуы;

2) оған даярлығы;

3) тапсырманы орындауы;

4) өзіндік жұмысы;

5) ынтасы;

6) сабақтағы жауабы.















Дескриптор

Білім алушы

-мәтіннің жанрын анықтайды,

-рәсімделуін айқындайды,

Жанрлық ерекшеліктерін талдайды.






Дескриптор

Білім алушы

-мәтіннің әр бөлігінен маңызды

ақпараттарды іріктейді;

-мәтін мазмұнын сақтайды;

-аннотация жазады;

-жалқы есімдерді қолданады




Дескриптор

Білім алушы

-рөлге бөлініп, сұхбат құрады-2 балл,

-көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде өз танымдарын көрсете алады-2 балл

-бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды байланыстыра

ды-1 балл

- тақырыпқа қатысты өз пікірлерін 4-5 сөйлеммен жеткізеді-5 балл


Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл









Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып






ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚҚЫЗЫ














Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі