Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қожа Ахмет Ясауи туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ясауидің ғылыми көзқарастары туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ТУҒАНЫОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ТУҒАНЫНА 930 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ҒАСЫР ДАНАСЫ- ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ







Picture 1 Picture 3







БАЯНДАМА: «ДИУАНИ ХИКМЕТ» - РУХАНИ ЕСКЕРТКІШ



Дайындаған: Сейилханова Нуршат Саришановна



Жұмыс орны: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы

бойынша білім бөлімінің «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы

білім беретін мектеп» КММ


Пәні: Тарих,құқық


Санаты: Сарапшы




Аңдатпа





Зерттеудің нысаны: Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында

таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік

тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Ясауидің даналық

хикметтеріне талдау жасау.





Зерттеудің мақсаты: «Диуани хикмет» атты еңбегі – діни сопылық әдебиет

ескерткіші ғана емес, олар көне түркі тілдес

ескерткіштердің бірі болып табылатынын. «Диуани

Хикмет» — түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы,

ұрпақтан ұрпаққа таралғанын, халықты имандылыққа,

адалдыққа, адамгершілікке , әділдікке, мейірімділікке

және шыдамдылыққа шақырғанын. Хикметтері ислам

дінін насихаттағанын және халық арасында

мұсылмандықтың, еліміздің бірлігінің нығаюына

ықпал еткенін. Құранды Қожа Ахмет Ясауи

«Хикметтері» арқылы қабылдағанын келешек

ұрпаққа кеңінен насихаттау.


Зерттеудің өзектілігі: Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі –

адам деп айтып өткен. Адам белгілі бір мақсатқа

жетуі үшін қажетті деңгейдегі білімді игеруі керек.

Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам

жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсетеді.

Ал, нәпсі құмарлық, менмендік, өркөкіректік –

адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа

Ахмет Ясауи– халқына жақсы мен жаманның, ақиқат

пен жалғанның арасын айыруға тура,ақиқаттың ақ

жолын сілтейтіні туралы айтқанын әрі қарай

тұжырымдап,жинақтау.






Аннотация




Объект исследования: изучение ислама на территории Средней Азии и

Казахстана - я не знаю, - сказал я. одна из личностей

Ходжа Ахмеда Ясави мудрость анализ хикметов




Цель исследования: Произведение «Дивани Хикмет» – религиозная

суфийская литература. не только памятник, они на

древнетюркском языке что это один из памятников.

"Дивани Мудрость» – общее наследие

тюркоязычных народов. Распространяться из

поколения в поколение, от людей к вере,

к честности, человечности, справедливости, доброте

и призвал к терпению. Исламская мудрость

что он пропагандировал свою религию и среди людей

к укреплению ислама и единству страны

что это повлияло. Ходжа Ахмет Ясави прочитал

Коран Будущее, которое он получил благодаря

«Хикметари». Широко распространился среди

следующего поколения.




Актуальность исследования: Сущность мудрости Ясави, ядро ​​его

философии - говорят, что человек. Человек

для определенной цели достичь

необходимого уровня знаний.

Источником этого знания является мудрость.

Человек в мудрости творение – показывает

величие Господа. И похоть, гордость,

высокомерие - качества, дегуманизирующие

человека. Хозяин Ахмет Ясави – правда для

своего народа, хорошая и плохая.

Необходимо отличать ложь от истины

далее то, что он сказал об указании пути

сформулировать и собрать.



Аnnotation




Object of study: the study of Islam in Central Asia and

I don’t know Kazakhstan,” I said. one of the

рersonalities Khoja Ahmed Yasawi wisdom analysis of

hikmets




Purpose of the study: The work “Divani Hikmet” is religious

Sufi literature. not only a monument, they are on

in the ancient Turkic language that this is one of the

monuments.

"Diwani Wisdom" - a common heritage

Turkic-speaking peoples. Spread from

generation to generation, from people to faith,

to honesty, humanity, justice, kindness

and called for patience. Islamic wisdom

that he propagated his religion among people

to strengthen Islam and the unity of the country

that it had an impact. Khoja Akhmet Yasawi read

Koran The future he received thanks to

"Hikmetari". Spread widely among

next generation.




Relevance of the study: The essence of Yasawi’s wisdom, its core

philosophy - they say that man. Human

to achieve a specific goal

required level of knowledge.

The source of this knowledge is wisdom.

Man is a creation in wisdom - shows

the greatness of the Lord. And lust, pride,

arrogance - qualities that dehumanize

person. Host Ahmet Yasawi – the truth for

of his people, good and bad.

It is necessary to distinguish lies from truth

further what he said about showing the way

formulate and collect.



«ДИУАНИ ХИКМЕТ» - РУХАНИ ЕСКЕРТКІШ



Отандық әдебиеттануда ғылымы Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен шығармашылығы жайлы зерттеулер аз емес десек қателеспейтініміз анық. Дейтұрғанмен Ясауи хикметтерінің құрылымына, жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне қатысты бірқатар мәселелер қозғалмастан күйінде қалып отыр. Біз бұл жазбамызда зерттелуі аздау бір тақырыпқа – шығарманың «Диуани хикмет» деп аталу себебіне назар салып өтсек.

Шығарманың бітім-болмысын саралаудың сыртқы мұқаба элементтерін нақтылауда басталатыны, мұндайда бірінші кезекте туынды атауына мән берілетіні баршаға аян.


Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

Қожа Ахмет Яссауи – орта ғасыр ойшылы, түбі бір түркі жұртын татулыққа, ізгілікке, имандылыққа рухани тазалыққа үндеген тарихи тұлға,қоғам қайраткері десек артық болмасы анық. «Диуани хикмет» еңбегі әлемдік философияда өзіндік орны бар құнды мұра. «Ақыл кітабы» немесе «Даналық кітабы» деп аталған «Диуани хикмет» ХІІ-ші ғасырдың әдеби құнды жәдігерлерінің бірі. Көлемді шығарма қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Бүгінге еңбектің түпнұсқасы бізге әлі жетпеген. Тарихи деректерге қарағанда, шығарма түпнұсқасы ХІІ-ші ғасырда жазылып, ғасырлар бойы әртүрлі көркем жазушылардың көшіруімен таралып отырған. Көшірме нұсқалар бүгінде Алматы, Стамбул, Ташкент, Мәскеу секілді қалаларда сақтаулы. «Диуани хикмет» қазақ әдебиетінің де ортағасырлық нұсқасы.


Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларының негізі түп нұсқасы жоқ. Қолда бар түпнұсқалар болса, XVII ғасырлардан кейінгі кезеңдерге тиісті екендігі дәлелденген. Тек стилді формасы мен мазмұны жағынан Қожа Ахметке тиісті деген болжам жасалынады. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет», «Фақырнама» (Пақырнама), «Миратул клуб» атты еңбектері бар.

Диуани Хикмет көшірмелерінің мазмұны жағынан да, тіл жағынан да біршама өзгешеліктерінің болуы, оларды әр түрлі тілдік салалардағы адамдар ұйымдастырғандығын көрсетуге болады. Сонымен қатар, Ясауи жақындарының даналығы уақыт өте келе «Диуан-и Хикмет» жинағымен араласып отырды, сондықтан кітап тек Ахмед Ясауидің шығармашылығы емес, даналық дәстүрін бейнелейтін өлеңдер жинағы болды деп те айтуға толық негіз бар.



Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Яғни Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» еңбегін біз Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Сайф Сараидің «Түрікше Гүлстаны», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Жүйнекидің «Ақиқат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы» т.б. түркі заманы дәуіріндегі аса танымал туындылар қатарына жатқызатынымыз белгілі.

Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар. Біз олардың бәріне тоқталып жатпастан, аталған еңбектің қазақ тіліне аударылу жағдайы, олардың ерекшеліктері жайында тоқталатын боламыз.

Түркілер әлемінде жазбаша да, ауызша да қатар тараған Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі сопылық ілімнің, дәлірек айтқанда, хал ілімінің мәнін ұғындыруға өлшеусіз қызмет етті. Әрине, бұл орта сопылық іліммен бұған дейін де біршама таныс болатын. Оған Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігі» мен Ахмет Югінекидің «Ақиқат сыйы» шығармалары куә. Алайда «Диуани хикметтің» бұл ілімді таратудағы орнының өзгеше болатынының ең басты себебі – оның мазмұнының тереңдігімен бірге, өлшемдік тұрғыда халық поэзиясына барынша жақындығы еді. М.Ф.Көпірілі: «Қ.А.Ясауи шығармасында әуелде айтылып өткендей, басты әрі негізгі екі нәрсе көзде түседі: исламдық, яғни діни-сопылық ерекшелік пен ұлттық, яғни халық әдебиетінен алынған элемент. Исламдық ерекшелігі негізінен шығарманың тақырыбынан, мазмұнынан, мағынасынан орын алса, ұлттық ерекшелік, керісінше, өлеңнің пішінінен, түрінен, өлшемінен орын алады. Исламды жаңадан қабылдаған және бұл діннің негіздерін түсінуге ұмтылған түркілер пішіні, пошымы жағынан өздеріне ешқандай жат емес бұл шығармаға үлкен баға берген еді. Негізінен тақырыбы мен мазмұны да оларды қызықтырғаны үшін, «Диуани хикмет» халық арасында қасиетті шығармаға айналды» дейді.

«Диуани хикметке» дейінгі ежелгі түркі әдебиетінің бізге мәлім поэзиялық туындыларында «хикмет» ұғымы кездеспейді әрі ешқандай автор өз шығармасына қатысты «хикмет» атауын қолданбаған. Мұның өзі сол тұста түркілерге хикмет ілімі жақсы таныс болғанымен, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, талғампаз поэзия талабына сәйкестендіріп, дербес жанр дәрежесіне көтеретін, ислами ұғымдар тұрақтанбаған түркі тілінде шеберлікпен жырлап жеткізуге қабілетті тұлғаның тарих сахнасына шыға қоймағанын аңғартады.

Өз кезегінде бұл тарихи міндет сопылық ілімі кемел, ақындық дарыны қуатты, дәуір талабын, қоғам сұранысын терең сезінген, заман мен адам алдындағы жауапкершілік жүгін алғашқы болып арқалаған отаншыл, ойшыл ақын Қожа Ахмет Ясауидің еншісіне бұйырды.

Ахмет Ясауидің «Ақыл кітабындағы» он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде ақын «Диуани Хикметтің» басты идеясын  айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы «Даналық кітабының» философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет Ясауи өз өмірі туралы айта келіп, «не себептен алпыс үште кірдім жерге?» деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына  бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады.

Ясауи хикметтері сопылық ілімнің жалаң уағызшысы емес. Автордың болмысты сопы ретінде түйсінуі қаншалықты терең болса, ақын ретінде сезінуі де соншалықты шынайы. Хикметтерде баяндалатын оқиға, суреттелетін жағдай, насихатталған ілім ең алдымен сыршыл сезім түйсігінен өткізіліп, тұнық поэзия табиғатына тән бейнелілікпен, көркемдікпен, шеберлікпен жеткізілгенін аңғаруға болады.

«Диуан-и Хикметтің» қолжазбалары мен баспаларында кездесетін даналық мөлшері кейбір айырмашылықтарды көрсетеді. Ясауидің осы уақытқа дейін жинауға болатын даналығы 250-ге жеткен деседі. Сол себепті даналықтардың бірінде «Мен төрт мың төрт жүз даналық айттым» деген сөз шындыққа жанасады,яғни бос қияли әңгіме емес. Яғни, хикмет – Алладан берілген ілім, адамның өзін тану арқылы Алланы тану ілімі. Рухты кемелдендіру арқылы болмыстың бірлігін түйсіну, жаратылыс сырларын ұғыну, Жаратушының хикметін сезіну ілімі. Сопылық танымның негізін хикмет ілімі құрайды. Оған барар ауыр жолдың алғышарты – дін исламның шариғат жолы. Шариғат шарттарын толық түсініп, берік ұстанып, өмірінің өзегіне айналдырған адам ғана хикмет ілімін биік еткен жаңа жолға қадам баса алады. «Шариғатсыз тариқатқа кіре алмадым», «Шариғатсыз тариқатқа кіргендердің Шайтан келіп иманын алады екен» деген Ясауи хикметтерінен аңғаруға болады. 

Қорыта айтқанда жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жеткізе білді. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдей білген ғұламалардың бірі десек қателеспейміз. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола білді. Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әмбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи ілімдерінің жалғасын байқауға болады. ХІІ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқанына барлығымыз куә екеніміз күннен күнге дәлелденіп жатыр.

































Пайдаланылған әдебиеттер:



Қожа Ахмет Ясауи «Хикмет жинақ». «Жалын» баспасы

«Аңыз адам» журналы

Интернат сайттар

«Тарихи тұлғалар» кітабы. «Алматыкітап» баспасы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12