жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қожа Ахмет Яссауи және оның даналық хикметтері
01.09.2020
Қожа Ахмет Яссауи және оның даналық хикметтері
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи және оның даналық хикметтері
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру.
Оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру.
Ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндап әңгімелеу, сұрақ-жауап алу, жүйелеу, тапсырмалармен жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, карта, суреттер, слайд
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қожа Ахмет Ясауи деген кім?
Қожа Ахмет Ясауи жайлы қандай мағлұматтар білеміз?
Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен қызметі.
Қожа Ахмет Ясауидің ілімі. Даналық хикметтері.
Қожа Ахмет Ясауидің ілімінің қазіргі қоғамдағы орны мен ерекшеліктері.
Тәрбиеші сөзі: Қожа Ахмет Ясауи (1094 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өзаты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қайжерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Қожа Ахмет Ясауи (1094 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Қызметі: Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
XII ғасырдағы көнетүркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дінисламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді.
Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы
"тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол
"хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау
"мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.
Ахмет Ясауи өзінің ұзақ өмір жолын түйіндей келіп:
Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
Ақиқатты таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие 6ұл, —
-деп, Ахмет Ясауи елге ие бола біл, ақиқатты шынайы өмір сүр, дүниеқорлық кетсін, барлық дүниеге халық қана ие бола алады деп айтқан.
Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Ол адамдарды өзін-өзі тазартуға, өзін-өзі жетілдіруге шақырды. Оны мынадан байқаймыз.
Арамдықтан аулақ болуға былай дейді:
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.
Жастарға еріншек болма дейді:
Еріншек болмай оқуға, алыңдар білім кеңінен,
Жоққа, әрине, дауа жоқ, бардың жолын табыңдар.
Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа:
Дүние мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Менмен тәкаппар болма:
Менмен болсаң, тамұқ күтіп алар алда,
Тәкаппардың халі ауыр, дозақ ол да.
Алланың ақ жолын мойындаудан қашық бол:
Өз көркіңе өзің мәз бола берме,
Өзіңе-өзің сұқтанғанның сірә, жөн бе?
Алланы айтып тәуба қылғын, жөнге кел де?
Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.
Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы. Күллі түркі тілдес халықтарды әлеуметтік-саяси, даналық оймен тамсандырған Ахмет Ясауи Қазақстан діни ілімі тарихынан тиісті орнын алатыны сөзсіз. Оның мұрасын танып-білу, зерттеу, оны қоғам игілігіне пайдалану, Қазақстандық дінтанушылардың өзекті мәселесі болып отыр.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Ой толғау жалғастыру:
“Н.Ә.Назарбаев: “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр” деген сөздеріне орай өз пікірім………”
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбиеші сөзі: Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 - інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық - мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО - ның 27 - ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Тақырыбы: “Қожа Ахмет Ясауидің хикмет іліміндегі басты құндылық”. Кесте құрастырып келу. Мазмұнын ашу.
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық
мектеп – интернатында 2020 жылдың 1-ші қыркүйек күні «Қожа Ахмет Яссауи және оның даналық хикметтері» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының
ХАТТАМАСЫ
Қатысуға тиісті : 24
Қатысқаны : 20
Күн тәртібінде
1.«Қожа Ахмет Яссауи және оның даналық хикметтері» - тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының әдістемелік талдауы
Тыңдалды :
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Байарыстанова Гүлнұр сөз алып, жаңа оқу жылымен оқушыларды құттықтап, жас түлектерге алдағы уақытта толағай табыстар тілеп, білім күнінің жаңа сабағын бастады. Сабақтың негізгі мақсаты:
оқушыларға Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру.
Оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру.
Ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың мақсатымен таныстырып болып, тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып білімдерін сынады.
Қожа Ахмет Ясауи деген кім?
Қожа Ахмет Ясауи жайлы қандай мағлұматтар білеміз?
Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен қызметі.
Қожа Ахмет Ясауидің ілімі. Даналық хикметтері.
Қожа Ахмет Ясауидің ілімінің қазіргі қоғамдағы орны мен ерекшеліктері.
Қойылған сұрақтар бойынша оқушылар белсене жауап беріп өзара пікіралысты. Ашық сабақтың негізгі бөлімінде Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен қызметіне тоқталып,толық мағлұматтар берді. Ашық сабақтың келесі бөлімінде Қожа Ахмет Ясауидің ерекше "Диуани Хикмет" кітабына тоқталып өтті. "Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінетіндігі туралы айтылды..
Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
"Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы
"тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол
"хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау
"мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "Хақиқат" болуы мүмкін еместігін айтып өткен.
Ашық сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың алған білімдері сараланып,сабақ туралы пікірлері сұралды. Үйге тапсырма ретінде Тақырыбы: “Қожа Ахмет Ясауидің хикмет іліміндегі басты құндылық”. Кесте құрастырып келу тапсырылды. Сабақ барысында ерекше белсенділік танытқан Абубакир Бибіайша,Аманбай Қайнар,Назарбаева Зарина, Кадиров Рахматулла өз ойларын айтып, белсенділік танытты.
Ұсыныс:
Түрлі формада тренингтер ұйымдастыру.
Хатшы: Г.Байарыстанова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген