Материалдар / Қолданбалы курс "Математикалық сауаттылық" 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолданбалы курс "Математикалық сауаттылық" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындыққа арналған қолданбалы курс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2020
6872
111 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика» Келісемін Бекітемін

әдістемелік бірлестік директордың әдістемелік Мектеп директоры

отырысында қаралды ісі жөніндегі орынбасары ________ С.Жошыбаева

Хаттама №1. 28.08.18ж ___________ Г. Джанпейсова

Бірлестік жетекшісі

_______А.Сейтбенбет




«Бөлек батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018 – 2019 оқу жылына арналған








Күнтізбелік жоспар

(қолданбалы курс)


«Математикалық сауаттылық»

11 «А» сынып (ҚГБ)





Пән мұғалімі: А. Сейтбенбет












Түсінік хат

Мектепте математикалық білім берудің маңызды проблемаларының бірі – оқушыны есепті шешудің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру және есептің шешімін өздігінен іздеп, таба білуге үйрету.Ұсынылып отырған курс жоғарғы сынып оқушыларының дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағаттқа есептеліп, 11 сынып оқушыларына арналған. Бұл курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын, сұранысын есептерді шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Математика курсының ең негізгі тақырыптарының бірі «Теңдеулер және теңсіздіктер тақырыбы» бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, оны айналамызды қоршаған өмірдегі күнделікті кездесетін жағдаяттарды шеше білуге қолдану әдістерін іздестіруге үйрету. Білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдауға, оның қолданысын білуге баулу. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы курстың енгізілу мақсаты – мектеп оқушысына жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру мен бірге практикалық сабақтар арқылы болашақта білімге деген қөзқарасы тұрғысынан өзіне баға бере білуіне көмектеседі. Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой - өрістерін мазмұнын дамытады, қоғамдық – математикалық бағытына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп , нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Берілген курста «Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп қарастырылды.

Курстың мақсаттары: «Математикалық сауаттылық» тақырыбы арқылы әлем құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының дамуы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.

Курс міндеттері:

  • «Мәселе есептерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.

  • Әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып , оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.

  • Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.

  • Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.

Күтілетін нәтиже:

Дүниетанудағы математиканың ролі , математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады.

Есеп шығарудың әртүрлі әдіс – тәсілдері , негізгі алгоритмдері туралы білім алады.

Білу керек:

  • Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға;

  • Қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды;

  • Пікірталасқа қатысу, өз қызметінің нәтижесін көре білуге;

  • Параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге;

  • Есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды;

Курс мазмұны

11 сынып Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.

І бөлім. Сандар бөлімі. (14 сағат)

Сандардың түрлері. Натурал санның бөліңгіштік белгілері. ЕКОЕ және ЕҮОБ. Координаталық түзудегі сандар. Дәреже ұғымы. Арифметикалық түбір. Қысқаша көбейту формулаларын қолданып шығарылатын есептер. Кітап беті. Газет – журнал бетінің нөмірленуіне берілген логикалық есептер. Санның модулі. Арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы, медиана. Сағат, күн, апта, айларға арналған есептер. Өлшем бірліктер. Масштаб. Санды ребустар. Эйлер-Венн диаграммасы. «Спираль» формуласы.

ІІ бөлім. Айнымала бөлімі. (9 сағат)

Айнымалылары бар өрнектер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Есеп шарты бойынша теңдеу құру. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу. Квадрат теңдеулер. Бөлшек – рационал теңдеулер. Квадрат теңдеулер жүйесі.

ІІІ бөлім. Мәселе есептер бөлімі. (10 сағат)

Сандарға байланысты мәселе есептер. Адам жасына байланысты мәселе есептер. Пайызға байланысты мәселе есептер. Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер. Жұмысқа байланысты мәселе есептер. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер. Қозғалысқа байланысты мәселе есептер.




Тақырыптық жоспарлау үлгісі

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (11 сынып)


Тақырыптар

сағат саны

Мерзімі

І бөлім: Сандар бөлімі – 14 сағат

1.1. Сандардың түрлері. Натурал санның бөліңгіштік белгілері

1


1.2. ЕКОЕ және ЕҮОБ

1


1.3. Координаталық түзудегі сандар

1


1.4. Дәреже ұғымы

1


1.5. Арифметикалық түбір

1


1.6. Қысқаша көбейту формулаларын қолданып шығарылатын есептер

1


1.7. Кітап беті. Газет – журнал бетінің нөмірленуіне берілген логикалық есептер

1


1.8. Санның модулі

1


1.9. Арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы, медиана

1


1.10. Сағат, күн, апта, айларға арналған есептер

1


1.11. Өлшем бірліктер. Масштаб

1


1.12. Санды ребустар

1


1.13. Эйлер-Венн диаграммасы

1


1.14. «Спираль» формуласы

1


ІІ бөлім. Айнымала бөлімі. 9 сағат

2.1. Айнымалылары бар өрнектер

1


2.2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

1


2.3. Есеп шарты бойынша теңдеу құру

1


2.4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі

1


2.5. Есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құру

1


2.6. Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу

1


2.7. Квадрат теңдеулер

1


2.8.Бөлшек – рационал теңдеулер

1


2.9. Квадрат теңдеулер жүйесі

1


ІІІ бөлім. Мәселе есептер бөлімі. 10 сағат

3.1. Сандарға байланысты мәселе есептер

1


3.2. Адам жасына байланысты мәселе есептер

1


3.3. Пайызға байланысты мәселе есептер

1


3.4. Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер

1


3.5. Жұмысқа байланысты мәселе есептер

1


3.6. Жұмысқа байланысты мәселе есептер

1


3.7. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

1


3.8. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

1


3.9. Қозғалысқа байланысты мәселе есептер

1


3.10. Қозғалысқа байланысты мәселе есептер

1


Курсты қорытындылау. Қайталау есептері

1
















Әдебиеттер тізімі:

1. «Математика және физика журналы»

2. «Репититор»журналы

3. Дидактикалық материалдар

4. Анықтамалықтар

5. Тесттер жинағы

6. И.П.Рустюмова,С.Т.Рустюмова Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике.

7. «Математикадан таңдамалы есептер»-І,ІІ-Қаниев

8. Нестандартные методы «решения уравнения и неравенств»-С.Н.Олехник

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!