Баяндама
Тақырып:
«Қолөнер мен қозғалыс –
қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесінің тірегі»
Жакипова Жулдыз
Давлетбоевна
Көркем еңбек пәні мұғалімі
№4 орта мектеп
Алматы облысы, Іле ауданы
«Қолөнер мен қозғалыс –
қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесінің тірегі»
Мақсаты:
Қазақ халқының дәстүрлі
тәрбиесіндегі қолөнер мен қозғалыс түрлерінің маңызын
зерттеп,олардың тәрбиелік мәнін қазіргі ұрпаққа
жеткізу.
Міндеттері:
Қолөнер мен қозғалыстың түрлерімен
танысу;
Олардың тәрбиелік,ұлттық құндылық маңызын
анықтау;
Қазіргі қоғамда дәстүрді сақтаудың жолдарын
ұсыну.
Кіріспе:
Қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан өмір салты мен мәдениетінде тәрбие – ұлттың ең қастерлі
мұрасы.Сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті,салт-дәстүрі – ұлт
тәрбиесінің алтын қазығы.Қолөнер мен қозғалыс- ата-бабамыздың өмір
сүру салты мен ұрпақ тәрбиесінің негізгі бөлігі.Қазақ тәрбиесі –
тіршілікпен біте қайнасып жатқан,өмірмен бірге жүретін үлкен
мектеп.Сол мектептің қос тірегі – қолөнер мен қозғалыс.Қолөнер жай
ғана бұйым жасау емес.Ол – ұрпаққа еңбекпен жеткен
тәжірибенің,шеберліктің талғам мен төзімнің көрінісі.Әжелеріміз
киіз басып,сырмақ сырып отырғанда қыздарға тек қана іс тігуді емес
өмірдің мәнінде үйреткен.Әр өрнекте – тарих,әр түсте – тағылым,әр
сызықта – ұлттың жан сыры бар.Қолөен арқылы бала қолымен ғана
емес,жүрекпен үйренеді.Ұқыптылыққа,шыдамды болуға,сұлулықты көруге
бейімделеді.
Қолөнер – ұлттың рухани байлығы
Қолөнер – шеберлік пен сабырдың,тәртіп пен
әсемдіктің мектебі.
Мысалдар:
Киіз басу – ұжыммен жұмыс істеуге,еңбекқорлыққа
баулиды;
Кесте тігу,өрмек тоқу –
нәзіктік,ұқыптылық,шыдамдылықты қалыптастырады;
Ағаш және темір өңдеу – ер баланы
шеберлікке,батылдыққа тәрбиелейді.
Қозғалыс – тән саулығы мен рух серігі.
Қазақ халқында ұлттық қозғалыстар денсаулық пен
батылдықты арттырудың құралы болған.
Бұл – тек дене тәрбиесі емес,өмірге бейімділік
мектебі.
Көкпар тартқан,аударспақ
ойнаған,кұрескен баланың бойында күш пен қайрат қана
емес,батылдық,намыс,жеңіске ұмтылыс тәрбиеленеді.Асық
ату,тоғызқұмалақ ойындар – зейінді,ойлау қаілетін дамытатын ерекше
құрал.
Би мен ұлттық ойындар – сұлулықты,ырғақты
сезінуге баулиды.
Қозғалыссыз қазақты елестету мүмкін емес,себебі
көшпелі өмірдің өзі – ұдайы қозғалыс,үздіксіз еңбек.
Тәрбиелік мәні:
Ұрпақты еңбекке баулу;
Отбасы мен қоғам арасындағы
байланысты күшейту;
Халықтық педагогиканы ұрпақ санасына
сіңіру;
Рухани жаңғырудың негізі ретінде қызмет
ету.
Бүгінгі міндет – кешегіні жаңғырту
Біз ұлт болмысын сақтайтын дәстүрлі тәрбиені
қайта тірілтуіміз керек.
Қолөнер үйіпмелері,ұлттық ойындар,спорт
секциялары – бұл жай ғана хобби емес,ұлттың болашағына салынған
іргетас болып қалануы тиіс.
Мектеп те,отбасы да осы бағытта бірлесе әрекет
етсе – тәрбиенің тамыры тереңге кетер еді.
Мектеп бағдарламасына ұлттық қолөнер мен
ойындарды енгізу;
Шеберлік сабақтары мен ұлттық спорт үйірмелерін
ашу;
Қорытынды:
Қолөнер мен қозғалыс – қазақ
халқыныың ұрпағын тәрбиелеудің мызғымас негізі.Бұл элементтер ұлт
рухын,еңбекқорлықты,парасаттылықты,денсаулықты қалыптастыруда
маңызды орын алады.Бұл екеуі – тек тіршілік құралы емес,нағыз
рухани тәрбие құралы.Сол тәрбиені жаңғыртып,келер ұрпаққа аманат
жеткізу – біздің ең басты борышымыз.Осы құндылықтарды
сақтап,қазіргі заманмен үйлестіру – әрбір қазақтың
парызы.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.
Қазақ салт-дәстүрлері
Ә.Тауұлы... – Алматы:Балауса
баспасы,2017
2.
Ел іші – өнер кеніші – Алматы:
«Мерей» баспасы,2019.
3. Сужикова А.,Хинаят Б.Қазақ
халқының ұлттық киімдері.- Алматы:Алматы
кітап,2011
4. Шоқпарұлы,Дәркембай... – Алматы: Өнер,2005.
5. Шкляева С.,Муратаев К. История искусств Казахстана.В 3-х т.Т.1.-
Алматы: Өнер,2011
6. Бөпежанова Ә. Өнер – жеке тәжірибе:
Сыни-мәдениеттанушылық кітап.І.- Алматы: «Жібек жолы» баспа
үйі,2007.
7. Бейсембек Тілеуғазы «Өнер
саңлақтары»-Қарағанды,2007