Қолыңнан келсе кәсіп ет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолыңнан келсе кәсіп ет

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолыңнан келсе кәсіп ет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қолыңнан келсе кәсіп ет»
Мақсат: білімділік
 - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ойын,ой қозғау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.

Әңгімелесу айдары

1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?

6.Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?

7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылыы өз ойларын айтты.



Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.


Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

Топтастыру. Мамандық таңдаудың әр түрлі жолдары бар.

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша
дәлелде .

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.

Ақша болса, мамандық қажет емес.

Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

Мамандық таңдау-күнкөріс көзі.

Мамандық таңдау ережелері:

Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз»

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

 

Қазіргі заманғы мамандықтар.
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.


Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.
Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.


Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.




«Жағдаяттық сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?

«Қай мамандық лайықты?» ойыны. Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықта мамандықты таңдай алады.

І саусақ- басқарушы

ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам

ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы

ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер

Ү саусақ - дәрігер, шипагер

Психологиялық сәт. «Психогеометрия» -өзін-өзі тану:

  1. Квадрат

  2. Зигзаг.

  3. Шеңбер.

  4. Үшбұрыш.

  5. Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу, жүйелеу қабілеті баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

  6. Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

  7. Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпашылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар. Саған менеджмент саласын меңгеруге ұсынылады.

Қорытынды: Мамандық таңдауда адаспаған абзал. Себебі ол сенің болашақ өміріңді шешеді.“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Shape1

Shape2 Shape3 Shape4 Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі