Қонақжайлылық - ата-дәстүр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қонақжайлылық - ата-дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұн бойынша жазылған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

.

Мектеп: Мортық орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Байгонова Замзагуль Кажымухановна

Сынып: 6

Сабақ 71


Қатысқан оқушылар саны: 5

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Қонақжайлық- ата дәстүр

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.1.1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

65.3.5.1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Сөздердің синонимін тауып, талқылауда өз пікірін сенімді білдіреді.

Бағалау критерийлері

мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Дескриптор

1.Мәтіннің ой бөліктерін ажырата алады.

2.Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды.

3.Сөздердің синонимін біледі..

Тілдік міндеттер

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: сенің ойыңша, қателеспесем, қорыта келе, менің пайымдауымша, бағытталған. Сабақта қолданылған мақал-мәтелдер.


Құндылықтар

Отбасы құндылықтары. Отбасы тәрбиесінің дұрыс берілуі. Кенже ұлдың міндеттері.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған отбасы туралы мәтінмен жұмыс істеді. Тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап берді.


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


5 мин


1 Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақырады.

Бір-біріне сәттілік тілеу.

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.

Қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
Балалар, бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға жақсылық , көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.










1 слайд




Сабақтың ортасы

35 мин






















Қонақ келсе – құт кел» - қазақ халқының мақал – мәтелі бар.

Осыны біліп отырып қазақ халқы қонақты жақсы көңілмен, төрге отырғызып, дастарқан әзірлеп, қонақтарына жақсы жағдай жасап береді.

«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» - тағы бір мақал – мәтеліміз бар.

Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмысы.

Білетін сөздерге қанат белгісін қояйық.

Білмеген сөздерге сұрақ белгісін қояйық

Білмеген сөздермен жұмыс өткізу. Сурет бойынша жұмыс.

төрге отырғызу


дастарқан әзірлеу

ән айту, күй тарту

ағайын – туыстарын сыйлау

ел – жұртты құрметтеу


Қай үйді Қонақжай дейміз?

Жылы қарсы алған үйді.

Қазақ халқы қалай қонақты қарсы алады?

Дастарқан әзірлеп, жылы көңілмен қарсы алады.

Қонақ қалай ризашылығын білдіреді?

Жақсы әңгіме айтады, ән шырқайды, күй тартады.

Грамматикалық тапсырма

1топ. Көп нүктенің орнына ілік септік тің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй..

2 топ. Көп нүктенің орнына барыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй...

3топКөп нүктенің орнына табыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй...

1 топ. Сурет бойынша әңгіме құру.

2 топ. Эссе жазу.

3 топ. Венн диаграммасы. Үй иесі мен қонақ.


Постерге сызып айырмашылықтарын жазу.


Shape2 Shape1

Қонақ

Үй иесі





Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.

Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.

Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.

Оқылым кезіндегі тапсырма.

Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, оқыған мәтіндерінің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберде тұрғандарға сұрақтар береді. Кейін ауысады.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

1-тапсырма.

Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қояды.

2-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырады.

ҚБ. Жұптар бір-бірімен алмасады. Кері байланыс береді.

3-тапсырма.

Оқушыларға мәтінге байланысты (мықты,ойлы,перзенттері) сөздері беріледі. Олар мәтіннен осы сөздердің синонимін тауып, басқа оқушылардын жауабын білу үшін сұрақтар құрастырады.

ҚБ. (Дұрыс жауаптар бойынша оқушылар бір -бірінің жұмыстарын тексереді.)

(Мұғалім әр топты тыңдап, кері байланысын беріп отырады).




Мәтін және сұрақтар































Сабақтың соңы

10 мин



Сұрақ: - - - - қонақ деп кімді айтамыз?

- - - - - - - - - - Қонақ дегеніміз кім?

- - - - - - - - - - Қазақ халқы қонақты қалай күткенг?

- - - - - - Иә. Дұрыс балалар! Тіпті әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. «-Қазақ қонақсыз болмайды»- деп бекер айтылмаған.

- - - - - - - - - - Кім қонақ туралы мақал &ndash- мәтел біледі?


- - - - - - - - - - Қонақтың да түрлері болады, кім біледі қандай түрлері бар?

Тақырыпты оқып шығуға уақыт беру

Әр топ сұрақтар дайындайды

Қазақ қонағын қалай күткен?

Қазақ қандай? &ndash- қонақжай, берекелі, дастарханы кеңге жайылған, қонағын құрметтеген, сыпайы, кішіпейіл, мейірімді болған

Қалай ойлайсыздар қонақ күту оңай ма, әлде қиын ба?

Қонақтың түрлерін ата?

«-Қонақ келсе құт»- - дегенді түсіндір

Арнайы қонақ дегеніміз қандай қонақ?


Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді. «Бес саусақ»

1.Дамытқан дағдым -

2.Кедергі -

3.Қиын сөз-

4.Көңіл күйім-

5.Кімге көмектестім?






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Сөздердің синонимін тауып, талқылауда өз пікірін сенімді білдіреді.

Кері байланыс арқылы, яғни сұрақтар беру арқылы

Әдебиет сабағымен байланыс бар.

Отбасы құндылығы туралы түсінігін кеңейтеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасады. Оқылым дағдысын дамытты. Дифференциациялық тапсырмаларды қолдандым.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. таңдалған ресурс көздері

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
5666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі