жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қөңілді шарлар.
Білім беру саласы: Таным Шығармашылық.
Оқу бөлімі: Қарапайым математика ұғым. Сурет Аппликация.
Тақырыбы: «Көңілді шарлар»
Мақсаты: Балалардың шар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету. Ақыл ойларын, зейінін танымдық қабылеттерін арттыру. Әстетикалық талғамдарын көтеру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, баланы әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу. Шығармашылық қабылеттерін ой-өрісін, қиялын дамыту. Қол шеберліктерін жетілдіру. Құммен сурет салу арқылы ой қиялын, кеңістікті қабылдауын есте сақтау қабылетін, балалардың дұрыс жетілуін, саусақтарының епті болуын дамыту.
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар ленталар, таза құмдар, сан тізбектері.
Әдіс тәсілі: әңгімелеу,түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, көңіл күйді көтеру.
|
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандырушы кезеңі. |
Қане балалар келген қонақтармен амандасып алайық.Енді бәріміз бірге таңғы жиын шаттық шеңберімізді айтайық. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жайнап түсті даламыз Қайырлы таң балалар Біз ерекше боламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз Тәрбиеші:Қане бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді білдірейікші. Жарайсыңдар балалар. Осы айтқан тілектернің періштенің құлағына шалынсын тілектерің қабыл болсын. |
Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning! Балаларды шаттық шенберге тұрып қимыл қозғалыспен қайталайды. Аспанымыз ашық болсын Еліміз тыныш болсын Деніміз сау болсын Ата-анамыз аман болсын Балабақшамыз гүлдене берсін Апайлар аман болсын. |
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сайқымазақ музыка. Сергіту. Жетекшілік қорытынды |
-Балалар бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қане қыс айлары атаңдаршы? Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Көңілді шарлар! » Балалар мынау не? -Шар резенкеден жасалады. Шардың химиялық қоспалар қосып түрлі-түсті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі созылады сығылады жыртылады. Шардың іші толған ауа.Ол жеңіл болады Суға салсақ батпай- ды . -Ине тықсақ не болады балалар? -Түстері қандай болады? -Балалар шарды не үшін қолданамыз? -Балалар сендер шар туралы тақпақ білесіңдер ме? Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Осы кезде топқа түрлі-түсті шарлар ұшып кереді: Бірге сайқымазақ кіреді. Сәлеметсіздер ме балалар. Үрілген шарларды көрсетіп Бұлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Ол көптеген елдерді аралап қызықты тамаша оқиғалардың куәсі болады және дос тапты. Бүгін балалар шарлар біздің балабақшамызға келіпті. -Бұл шарлар сиқырлы ғой сендерден жинаған ойын тапсырмаларын алып келіпті -Бірге орындаймыз ба? Балалар. 1.тапсырма «Жұмбақтың шешуін тап»Балаларға жұмбақ жасырылады. Балалар шешуін табады. 2.тапсырма. Ойындар. 1 «Түсін таны» Балаларға әр түрлі шарлар беріледі сол түске шарлар беріледі сол түске сәйкес заттарды табулары керек. 2.Ойын «Шар үрлеу» Шарларды үрлеу арқылы балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды. 3.Сандарға байланысты мақал-мәтелдер. 4.1ден5ке дейін тура және кері санау. 5.Сандарға байланысты санамақ айту. 6. «Пішіндерді тап» Жарайсыңдар балалар. Ал балалар шаршадық па? Олай болса бір сергіп алайық Сергіту сәті. 1.дегенде тұрайық 2,3,4,алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Бір отырып,бір тұрып Біз жүгіріп алайық 5 дегенде асықсай Орнымызды табайық. Ал енді балалар осы әсем шарлардың суретін салғыларың келеді ме? -Онда шығармашылық орталыққа барайық. -Біз ол жаққа паровозбен барайықшы. Балалар шығармашылық орталыққа келіп 3 түрлі әдіспен жұмыс жасайды. 1.Саусақпен бояу. 2.Жапсыру. 3.Құммен сурет салу Қолдану ережесі: ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады оған желімді қылқаламмен жағып шығамыз. Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себеміз. Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? Оқу іс-әрекетімізде немен таныстық? Түстері қандай? Ауыр ма,жеңіл ме? Жақсы балалар сендер ашық ұ.о.і. әр-ке өте жақсы қатыстыңдар өздеріңнің ұшқыр ойларыңды көрсеттіңдер. Ал енді қонақтармен қоштасайық. |
Қыс мезгілі Үш ай бар Желтоқсан Қаңтар Ақпан Шар. Төрс етіп жарылады. Қызыл,көк,жасыл, сары. Шармен ойнаймыз. Мерекелерде топтарды әдемілейміз. Балалар тақпақ айтады. Сәлеметсізбе. Ия,орындаймыз. 1шар 2Түйе. 3.Шар Балалар ойынға атсалыса қатысады. Ойнайды. Мақал-мәтел айтады. Санайды Санамақ айтады. Балалар пішіндерді ажыратып айтады Ия. Балалар қимыл –қозғалыстар жасай отырып қайталайды. Ия. Балалар паровоздың болып әндетіп барады. Қатар-қатар тұрайық Қане-қане сұрайық. Кімнің болса бойы ұзын. Паровозы пойыздың Пш-пш-пш біз кеттік жүрісті біз үдеттік. Гу-гу-гу гуілде Қалып қойма біріңде. Балалар саусақпен бояйды.Жапсырады. Салады. Ия. Шарлармен. Қызыл,сары,жасыл, көк жеңіл. Мақтау сөз естіген балалар мәз мейрам болып қуанады. Сау болыңыздар! До свидания! Good
bay |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген