жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қонжыққа көмек
Ташкулова Джамила Алибаевна
№42 «Толағай» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі
Тақырып: Қонжыққа көмек
Тақырыбы: Қонжыққа көмек
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Шығармашылық, Денсаулық.
Мақсаты: Балаларға жануарлар туралы түсінік беру.Түстерді ажыратуға үйрету.Тілін, саусақ үйлесімділігін дамыту.Бояу туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: гуашь, губка,бояу, қонжық, кірпі, қоян ойыншықтары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар қане, қонақтармен амандасып алайық. Балалар келген қонақтарға тақпақтарымызды айтып берейік. Тақпақтар: Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. (Айсұлтан) Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. (Дидар) Аю отыр пардада, Екі қолы қалтада. Апай сабақ сұраса, Ұйықтап қалды масқара. (Бауыржан) Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой. Жатып алып жағада, Іздегені ду ғой. (Қазына)
Бала,бала, баламыз. Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз. (Қарақат)
Орманға саяхат жасаймыз. Бәріміз орнымыздан тұрып орманға барамыз.
|
Сәлеметсіздер ме? апайлар |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тосын сәт: (Қонжық келеді) - Балалар, қараңдаршы бұл не? Түсіндіру жұмысы: Аюдың баласын қонжық дейміз. -Қонжық сен неге көңілсізсің? Балалар қонжық анасынан адасып қалыпты. -Қонжыққа көмектесеміз бе? Орман қандай қорқынышты. Орманда сақ болыңдар! Жүр қонжық бізбенен бірге, саған біздің балалар көмектеседі. Қонжықты өздерімен бірге алып кетеді. Кірпі шығады: Сәлем. Иә.
Сендер маған мына саңырауқұлақтарымды үлкен, кішісін ажыратып беріңдер. Сосын қайда кеткенін көрсетемін. Ал, енді қонжықтың анасы мына жолмен кеткенін көрдім. Сау болыңдар. Қоян: Сәлем Иә, бірақ менің сендерге тапсырмам бар. Сендер маған гүлдерімді түс-түсімен ажыратып ыдыстарға салып беріңдер. Балалар менімен бірге өлең айтыңдаршы. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлер мен, Ытқып-ытқып секірді.
Қиығын сап көзінің, Қарап еді артына. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Сендерге үлкен рахмет. Қонжықтың анасы, мына үйшікте қонжығын күтіп отыр. Үйшіктен аю шығады: Сәлеметсіздер ме балалар? Баламды менімен қауыштырғандарың үщін сендерге үлкен рахмет. Сендер мені қалай таптыңдар? Балалар біз мына іздерді бояп көрсетейік, осы іздер арқылы біз аюды іздеп таптық. Мына сыйлығымды сендерге тарту етемін.
Балалар балабақшаға оралады. Балалар енді келген қонақтармен қоштасайық. |
Балалар қонжыққа көңіл аударады. Ол қонжық. Қайталайды:
Иә
Сәлем. Сен қонжықтың анасын көрдің бе?
Үлкен-кіші саңырауқұлақтарды ажыратады
Рахмет. Сау бол Сәлем Сен қонжықтың анасын көрдің бе? Гүлдерді түс-түсін ажырытып ыдыстарға салады.
Өлең мен бірге қимылдар жасайды
Қонжық анасымен қауышып, қуанып қалады.
Іздерді бояйды.
Сау болыңдар.
|
Жетекші жөндеуші
|
Тәрбиеші: Балалар біз қонжыққа көмектестік пе? Орманда қандай жануарлар бар екен?
|
Балалар жауабы |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген