Материалдар / Қонжыққа көмектесу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қонжыққа көмектесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу қызметі:«Денешынықтыру» Тақырыбы: «Қонжыққа көмектесу» Негізгі қимылдары: Гимнастикалық орындық үстінен жүру,екі аяқпен секіру, кедергілер арасынан жүру және жүгіру. Мақсаты:екі аяқпен секіруді, жүру, жүгіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:гимнастикалық орынды үстімен жүруді, екі аяқпен секіріп өтуді үйрету. Кедергілер арасынан жүру және жүгіруді бекітуді жалғастыру, шапшаңдықты дамыту. Гимнастикалық орындық үстінде жүргенде тепе-теңдікті сақтай білуді жетілдіру. саусақтарымен ептілікпен допты домалатуды бекіту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
631
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

«Ақбота»бөбекжайының әдіскері

У.М.Акжигитова


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:«Денешынықтыру»

Тақырыбы: «Қонжыққа көмектесу»

Негізгі қимылдары: Гимнастикалық орындық үстінен жүру,екі аяқпен секіру, кедергілер арасынан жүру және жүгіру.

Мақсаты:екі аяқпен секіруді, жүру, жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:гимнастикалық орынды үстімен жүруді, екі аяқпен секіріп өтуді үйрету. Кедергілер арасынан жүру және жүгіруді бекітуді жалғастыру, шапшаңдықты дамыту. Гимнастикалық орындық үстінде жүргенде тепе-теңдікті сақтай білуді жетілдіру. саусақтарымен ептілікпен допты домалатуды бекіту.

Қимыл-қозғалыс ойыны:«Допты домалат».

Құрал-жабдықтар: бұлақтың суреті (арасы 50 см болатын 2), 6 кегель, бұта, доп (диаметрі 20 см), бала санына қарай уақ доптар, гимнастикалық орындық.

Билингвалды компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания,аю – медведь.

Кіріспе бөлім: Балалар әуенмен залға кіреді. Қатарға тұрады. Амандасады.Тік тұр.Түзел, Оңға бұрылыңдар. Саппен жүреміз.

Педагог: Аяқ ұшымен жүреміз, қолымыз белде.

Балалар: Орындайды

Педагог:Өкшемен жүреміз, қолымызды жоғары созамыз.

Балалар: орындайды

Педагог:Тізені көтеріп жүреміз,қолымызды алға созамыз.

Балалар: орындайды

Педагог: балалар енді қатармен жай жүгіреміз. Жай жүреміз. Бастапқы қалыпқа тұрамыз. 1-2 деп санатады. 2 қатарға тұрғызады

Балалар: Санайды. 2 қатарға бөлінді.

Педагог: Балалар, мен жұмбақ жасырайын:


Қаһарлы қыста ол ұйықтап,

Саусағын сорып жатады.

Күлімдеп көктем келгенде,

Ұйқысынан тұрады.

Ол не?... (аю).

- Иә,дұрыс айтасыңдар бұл – аю. (Тосын сәт).

Сәлематсыздар ма? балалар

Сәлеметсізбе? Қонжық

Балалар бүгін бізге қонжық қонаққа келді, өзімен бірге бір себет уақ доптарын ала келіпті..Біз онымен бірге ойнаймыз ба? балалар. Біздер қонжыққа қалай жүретінімізді, жүгіретінімізді, секіретінімізді үйретейік. Ал алдымен біз қонжыққа қалай әдемі жүре алатынымызды көрсетейік.

ІІ. Негізгі кезең.

Қонжық: Балалар мен доппен қалай ойнайтынымды, жаттығу жасауды білмеймін.

Маған үйретесіңдерме.

Балалар: иә

Педагог:«Қазір қонжық әрқайсымызға уақ допты береді. Біз оған уақ доппен қандай

жаттығу жасауға болатынын көрсетеміз.

Уақ доптың көмегімен жалпы дамыту жаттығулары мен массажды орындау. Жаймен әуен

қосылады.

  1. «Уақ допқа» қарау

Уақ допты еңкейіп жерден қолына алады.

Уақ допты ұстап, қолын жоғары созады. Сол уақ допқа қарайды.-3-4 рет қайталау.

  1. «Оңға, солға иілу»

Уақ допты қолға ұстап, қолды жоғары созу. Оңға,солға иілу. 3-4 рет қайталау

  1. «Уақ допты соғу»

Қолымызды жанымызға созу. Қолды алға созу,допты соғу. 4-5 рет қайталау.

  1. «Алақанға массаж»

Уақ допты 2 алақанның арасына салып, ұстап тұру. Алақандағы допты жоғары-төмен домалату арқылы орындау. 4-5 рет қайталау

  1. «Білекке массаж»

Уақ допты алақаннан білекке дейін домалату арқылы массаж жасау. 4-5 рет қайталу.

Педагог: балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Педагог: Ендеше біздер қонжық пен бірге күзгі саябаққа саяхаттайық. Күзгі баққа барар

жолда көптеген кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өтуге, қонжыққа көмектесейік.

Қимылдың негізгі түрлері:

І. «Жолдан өту»

«Кәнеки, қонжықты жолдан өтуге үйретейік».

Ең бірінші 1 қатар оңға бұрылып,саппен жүріңдер. 2-ші қатар оңға бұрылып, саппен жүріңдер. Саппен жүреді.

Педагог: Балалар алдымызда көл бар. Ендеше осы көлден көпір арқылы өтеміз. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреміз.

Балалар: Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүрді.

Педагог: «Жүгірейік» Ал енді қонжыққа кедергілер арасымен дұрыс жүгіруді үйретейік. Саппен кедергілер арасымен жүгіріп өтейік.

Балалар: Кеглилер арасымен саппен жүгірді.

Педагог: «Секірейік» Ал енді қонжыққа дұрыс секіруге үйретейік. Бөренелерден екі

аяқтап секіру.

Балалар: Бөренеден екі аяқтап секірді.

Еденде жатқан бөренеден екі аяқпен секіру. Екі аяқпен бір мезетте итеріліп секіруге

назар аударамыз.

Педагог: Балалар біздер күзгі саябаққа келдік. Осы жерде қимыл-қозғалыс ойынын

таза ауада ойнайық. Аз қозғалысты ойын:

Қимыл-қозғалыс ойыны «Допты домалат»

Нұсқаушы қонжықпен бірге допты қолына ұстап, шеңбердің ортасына тұрады. Ол допты әр балаға кезегімен домалатады. Ойын 2 рет қайталанады.Қонжық сен қарап тұр. Мен балалар допты домалатамын.Содан кейін сен ойнатасың.1-ші педегог балаларды ойнатады, допты қонжыққа ұсынады, 2-ші қонжық ойнатады.

Педагог: Балалар күзгі саябақтан сарғайған жапырақтарды себетке салайын. Балабақшаға барған кезде тыныс алу жаттығу орындаймыз. Балалар қатарға тұрайық. Балалар кері балабақшамызға жалғыз аяқ жолмен ораламыз.

Балалар: Саппен жүрді. Балабақшаға оралды.

Педагог: Балаларды шеңберге тұрғызады. Себеттегі сарғайған жапырақтарды балаларға үлестіріпі берді. Тыныс алу жаттығуы. Жапыраққа үрлеу арқылы орындайды.

Қонжық: балалар менің сендер мен қоштасатын уақытым келді. Мен енді басқа балаларға барып,тағыда үйренетін жаттығуларым бар еді. Мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сендерге көп-көп рахмет.Қош сау болыңыздар.

Балалар: Қонжықпен қоштасты.


ІІІ.Қорытынды кезең (рефлексия).

.Бізге бүгін қонаққа кім келді. (қонжық) Біздер қонжыққа не үйреттік, жаттығу жасауды,

«жолдан» дұрыс өтуді, аяқтың ұшымен жүгіруді және секіруді үйреттік». Бүгінгі ашық оқу қызметіне барлығымыз жақсы көңіл күйде қатыстыңдар. (Жеке-жеке балаларды мадақтау). Осымен бүгінгі ашық оқу қызметім аяқталды. Сау болыңыздар.



Күтілетін нәтиже:

қайталайды: бөрене арқылы секіруді;

түсінеді: шеңбер бойымен қалай сапқа тұруды, жолдан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы қимыл-қозғалыстардың орындалу ретін;

қолданады: педагогтің берген белгісімен жүгіру әдістерін



















































МОББТАбББ «Ақбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы МКҚК







Shape1

Ашық оқу қызметі





Тақырыбы: «Қонжыққа көмектесу»

Shape2





Өткізген: Дене шынықтыру нұсқаушысы

А.Е.Ермекбаева









2021-2022 оқу жылы





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!