жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қорапшаларға орналастыр
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Жемістер» I-аралас кіші топ.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»
Мақсаты: 2 әртүрлі пішінді (тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және 2 әртүрлі (үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асырып,оларды көлемі мен пішініне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру;ұсақ қол маторикасын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Тіктөртбұрыш,үшбұрыш.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап,сергіту сәті, ойын ойнау.
Көрнекілік: тіктөртбұрыш пен үшбұрыш (әртүрлі көлемде) бейнеленген 2 қорапша, 3 үлкен және тіктөртбұрыш,үшбұрыш
Билингвалдық компонент: тіктөртбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш –треугольник.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі |
Сәлеметсіздер ме,балалар! Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Қане,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Сәлем деймін күнге мен! Сәлем деймін саған мен! Сәлем деймін апайға, Қонақтарға, баршаға! Сәлем! Сәлем! Сәлем! |
Жақсы. Қимылмен қөрсету. |
|
Ұйымдас- тырушылық ізденіс кезеңі |
Балалар, қазір қандай мезгіл? Балалар, күз мезгілінде үш ай болады? - Балалар жайғасып отырайық. Меніңше біреу есік қағып тұр. Кәне көрейік. |
Күз мезгілі. Қыркүйек,қазан,қараша. |
|
|
Күтпеген сәт Топ бөлмесіне себеті бар қуыршақ Сәуле келеді. -Сәлеметсің бе, қуыршақ Сәуле? -Балалар, қуыршақ Сәулемен амандасайық. -Балалар, қуыршақ Сәуле қорап келіпті. Бұл қораптың ішінде не бар екен? Ашып қараймыз ба? Қорапшалардың сыртында пішіндер суреті жапсырылған ,сол бойынша біз пішіндер тауып, қажетті қорапшаға салуымыз керек. Біз мына қорапшаға тіктөртбұрышты пішіндерді саламыз. Оларды тауып,осындай суреті бар қорапшаға салыңдар. Ал мына қорапшаға басқа пішіндерді саласыңдар, мынандай үшбұрыштарды. Олар да үлкен және кішкентай. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Биік болып өседі. Жел соққанда ырғалып, Жапырақтар түседі. Тіктөртбұрыш-прямоугольник, Үшбұрыш-треугольник. «Қуыршаққа арналған сыйлықтар» ойыны; Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Қуыршақтың туған күніне келген балалардың бірінші тобы әр түрлі түстегі пішінді ұсынса, қарсы топтағы балалар сол түске сәйкес, үстел үстіндегі затты қуыршаққа сыйлайды. Мысалы: қызыл түсті дөңгелекті ұсынса, екінші топ оған қызыл не түс бар, яғни алманы ұсынады.Алманы қуыршақ не істейді? деген сұраққа жауап алынады.Ойын нәтижесінде балалар пішіннің дөңгелек, түсі қызыл екенін атайды да,қызыл түсті дөңгелекті алма бейнесінде қабылдайды,яғни салыстыру, топтастыру және тілдері дамиды. |
Балалар қуыршақ Сәулемен амандасады. Балалар тіктөртбұрышты пішіндерді алып тіктөртбұрыш суреті бейнеленген қорапшаға салады. Үшбұрыштарды да осылай салады. Қимылмен көрсету. |
|
Іс-әрекетті бақылау кезеңі |
Тіктөртбұрыш,үшбұрыш. Сөздерін қайталау. Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? Сендерге не сыйлады? Балаларды мадақтау. |
Қуыршақ келді. Пішіндер салынған қорапша әкелді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Заттардың көлемдеріне қарай отырып,оларды топтастыру.
Қандай түсініктерді игерді: 2пішінді үлкен,кішкентай.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «осындай», «мұндай емес», «әртүрлі», «үлкен», «кішкентай» сияқты сөздер туралы түсініктерді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген