жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоректік тізбек түрлері
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
«А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің әлеуметтік педагогы
Тулешова Асия Жарылкасыновна
Қайырымдылық – асыл қасиеттің бірі.
«Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, қайырымсыз болу одан да жаман» деп атақты Әли ғұлама айтпақшы, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балаларына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы біздің мектебімізде де ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балаларына көмектесу, баланың мектепке бармай қалуының алдын алу.
«Қамқорлық» республикалық
акциясы жалпы оқыту айлығының шеңберінде өткізіледі және мектеп
жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және
әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен
отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық
көмек көрсетуге бағытталған.
«Қамқорлық» республикалық акциясының мақсаты мен
міндеттері
Мақсаты: Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз
отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының
заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік
көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің,
аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың
келмеуінің алдын алу.
Міндеттер:
-міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға
жағдай жасау;
-оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен сабақтарға
ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және
есепке алу;
-мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың
сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспауына ықпал ететін
себептерді анықтау;
-жалпыға міндетті білім берумен (жалпы оқыту) қамтамасыз ету
саласындағы білім беру органдары мен ұйымдарының қызметімен халықты
таныстыру және жалпы оқыту проблемаларына қоғамның назарын
аудару мақсатында ақпараттық кеңістікті құру;
- жетім-балалардың, мүгедек балалардың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен
отбасыларында тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал
ететін шараларды қолдану;
-күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан
балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге
бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты
тарту;
- жалпы оқыту және көмекті қажет ететін білім алушыларға әлеуметтік
көмек көрсету проблемаларын шешу үшін білім беру органдары мен
ұйымдарының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, жеке және
қоғамдық құрылымдармен, меценаттармен және демеушілермен
ынтымақтастығын нығайту.
Акцияның
ұйымдастырушылары.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
-Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
-Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;
-Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері;
-Білім берудің өңірлік органдары мен ұйымдары және басқа
мүдделі ведомстволар.
Акцияның өткізілетін орны мен
уақыты
Акция жылына 1 рет 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында барлық
жалпы орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарында
өткізіледі.
Акция үш кезеңде
өткізіледі:
1) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру бөлімдері мен
басқармаларында жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық»
республикалық акциясын өткізуге өңірлік органдарға нұсқау
береді;
2) өңірлік білім беру органдары жалпы оқыту жөніндегі айлық
пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі жалпы орта
білім беру ұйымдарын нормативтік және есептік құжаттамалардың
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және олардың орындалуына бақылауды
жүзеге асырады;
3) мәрелік, қорытынды-талдау
кезеңі.
Акцияның қатысушылары
Әлеуметтік көмек көрсетілген бұл акцияға өз еркімен мектеп ұстаздары да белсене қатысып, оқушыларды мектеп құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен қамтамасыз етті.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген