400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорғансыздың күні

Материал туралы қысқаша түсінік
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Мухамедиева Назым Бейсембаевна Орындаған: Пернебай Мерей
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорғансыздың күні

Зорлық зомбылықтан зардап шегетін қорғансыздар саны азаймақ емес. Оның ішінде тұрмыстық зорлықтан көз ашпай жүргендердің мәселесі әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпайды. Тұрмыстық зорлықтан жапа шегетіндер көбінесе әйелдер мен жасөспірім балалар. Сәйкесінше, зорлық құрбандарының өмірі өліммен аяқталып жатқаны ғажайып емес. Өзгенің тоқпақтауынан өз өмірімен қош айтысып жатқан ана мен баланың жай күйі кімді болсын алаңдатары анық.

БҰҰ ның дерегі бойынша, жыл сайын әлемде 50 мыңнан астам әйел зорлық зомбылықтан көз жұмады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2023 жылы 63447 іс тіркелген.

Алайда зорлық құрбандарының 63% өз жәбірлеушісіне арыз жазудан бас тартқан.Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша, көптеген іс шаралар қолға алынып келеді. Тіпті президент жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жазаны қатаңдатуды міндеттеген болатын. Алайда, жағдай көңіл көлшітерліктей емес. Себебі, биылғы жылы көп өңірлерде өз зайыбының қолынан қаза тапқан әйелдер туралы жаға ұстатарлық оқиғалар көп тіркелді.

Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын өз заңды күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нукенованың жантүршігерлік өлімі көпшілік үшін ауыр трагедия болып есте сақталды. Бұл тек бір әйелдің ғана оқиғасы,қазіргі уақытта қанша әйел баласының жұдырық астында өмір сүріп жатқаны белгісіз.

Әлеуметтанулық зерттеулер бойынша, отбасыдағы зорлық зомбылықты туындататын негізгі 3 себеп анықталды. Ең бірінші, әлеуметтік экономикалық сипаттағы проблемалар, соның ішінде жұмыссыздық. Статистика бойынша, Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны 800мыңды құрайды. Жұмыссыз ерлер саны 209 600 болса әйелдер саны 239 200. Бұдан бөлек, 50 900 азамат ұйымның банкроттығына байланысты жұмыстан босатылып, шартты қысқартылуға ұшыраса, 107 300 азаматтың жұмыс іздеуге мүмкіндігі болмаған.

Екінші себеп, жаман әдеттер нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындар, стереоптиктік көзқарастар мен моральдық психологиялық күш көрсету, психологиялық ауытқулар мен бұзылулар, білім мен мәдениеттің төмен деңгейі, жұбайына материалдық, қаржылық тәуелділік, сондай ақ, отбасында зорлық зомбылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің болмауы, қоғамдағы агрессияның жоғары деңгейі,туыстарының отбасы өміріне арласу проблемалары, тұрмыстық зорлық зомбылықтың ушығуына алып келетін негізгі жайт ретінде анықталды.

Осы орайда зорлық құрбандарының бірі Асылзат ханымнан сұқбат алып көрдік. Оның айтуы бойынша ол ерте 17 жастан тұрмыс құрған, 2 баланың анасы. Қазіргі таңда өзін тұрмыстық зорлықтың құрбаны есептейді. Оған себеп, күйеуінің жұмыссыздығы, сондай ақ зиянды әрекеттерінің болуы. Осы факторлардың кесірінен отбасыда соңы ауруханадан бірақ шығатын ұрыстар жиі орын алады. Бұл бірінші оқиға емес, күнделікті әдетке айналып қалғандай. Бірақ Асылзат ханым шыдауды дұрыс деп тапты. Себебі ажырасса жақындары мен қоғам сөгетінінен қорқады және ұят деп ойлайды. Бірақ ұят деп үнсіз қалу қаншалықты дұрыс?

Қортындылай келе айтарым, өмір адам баласына берілген аманат. Ал өміріңізді қандай адамға тапсыратыныңыз ол сіздің қолыңызда. Ертең қорғансыздың күнін кешпей тұрып, бүгін өзіңізді қорғап үйренгеніңіз абзал.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі