Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорғаныс газда дәнекерлейтін автоматтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

17. Қорғаныс газда дәнекерлейтін автоматтар
АДГ-502 автоматы (11.8-сурет) бұрыштық тігістер мен айқас қосылыстарды жиектерін бөле
отырып жəне бөлместен жіктік қосудың көмірқышқылды газ ортасында тұрақты токпен пісіруді
орындауға арналған. Автомат екі бөліктен жинақталған: пісіру тракторы 1 жəне доғаның қуат көзі 2 —
ВДУ-504 түзеткіші.
Автоматты басқару схемасы жартылай өткізгіш элементтермен орындалған. Автомат жұмысы
электрод сымын беру жылдамдығының доға кернеуіне тəуелдігіне негізделген. Схема қорғаныс
газын үрлеу, доғаны созу, кратерді пісіру жəне тігісті пісіру біткеннен кейін қорғаныс газымен
үрлеу үшін қажетті ұстау уақытын орнатуға мүмкіндік береді. Автоматты басқару толығымен пісіру
тракторына орналастырылған басқару пультінен жүргізіледі. Пультке режимді бақылау құралдары,
доға кернеуі мен пісіру жəне электрод сымын беру жылдамдықтарын реттегіштер, сондай-ақ
басқару батырмалары орнатылған. Пісіру түзеткішіне бекітілген қосымша пультте қорғаныс газын
беру элементтері орналасқан.
АДГ-502 пісіру тракторы флюсті пісіруге арналған АДФ пісіру
тракторына ұқсас құрастырылған, бірақ тоқжолы конструкциясымен, суытатын су мен қорғаныс
газының болуымен, флюске арналған бункер мен жарық көрсеткішінің жоқтығымен ерекшеленеді.
Пісіру зонасындағы тоқжолы су суытатын шүмекпен қорғалған, оған көмірқышқыл газы келіп
түседі.
АГВ-4 пісіру бастиегін инертті газда балқымайтын вольфрамды электродпен пісіру үшін
қолданады (2-сур.).

Бастиек тоқжолынан, электр ұстағыш пен қосымды сымды автоматты беру механизмінен тұрады.
Бастиекті карета типті аспаға (АРК-3) немесе трактор типті өздігінен жүретін арбаға орнатуға
болады. Осындай схема бойынша АДСВ-5 типті немесе
балқымайтын электродпен автоматты аргонды пісіру үшін
АДСВ-7 типті тракторлар жинақталады. Автоматтар

1-сурет. АДГ-502 пісіру автоматы:
1 — пісіру тракторы; 2 — доғаның қуат көзі








































Page 2













































2-сурет. Вольфрам электродымен пісіруге арналған пісіру бастиегі:
1 — пісіру оттығы; 2 — түзеткіш; 3 — сым беру механизміəртүрлі материалдан жасалған
бұйымдарды аргонда вольфрам электродымен пісіруге арналған. Пісіруді тұрақты, жүріп тұрған
ток немесе ауыспалы токта автомат жабдықталған қуат көзіне байланысты 315 А дейін жүргізуге
болады. Пісіру жылдамдығы 5... 80 м/сағ шегінде реттеледі. Пісіру оттығы диаметрі 1...5 мм
вольфрам электродтарын бекітуге есептелген, диаметрі 0,8...2,0
мм қосымды сымды 8...120 м/сағ. жылдамдықпен бере алады. Автоматтар АГВ-4 бірегейленген
бастиекпен жинақталған. Бастиек доға кернеуін автоматты реттеу жəне жік жағдайының
индукциялық қадағасы көмегімен жік сызығын қадағалау құрылғысымен жабдықталған.
Балқитын электродпен пісіру үшін АГП-2, АГП-4 пісіру бастиектерін қолданады. Олармен
диаметрі 1,0.2,5 мм пісіруші электрод сымын қолданатын АЛСП -2 трактор типті пісіру
автоматтарын жабдықтайды.

Қорғаныс газдарында пісіру автоматтарында қолданылатын газ
аппаратурасы

Қорғаныс газдарында автоматты жəне механикаландырылған пісіруді орындау үшін газды
беруді басқару үшін арнайы газ

аппаратурасын қолдану керек: газдар сақтауға арналған баллондар, газ редукторлары, газ
араластырғыш, газ жылытқыштар мен кептіргіштер, шығын өлшегіштер, электр магнитті газ
клапандары.


Page 3

Баллондар жоғары қысымды қорғаныс газын сақтау мен
тасымалдауға арналған. Ең көп қолданылатын баллондар көрсеткіштері келесідей:

Баллон сыйымдылығы, л .......... . 100 жəне 150 жəне 200
Қабырғасының қалыңдығы, мм . 5,2 7 9,3
Корпус ұзындығы, мм ............... 1340 1 390 1 460
Сыртқы диаметрі, мм .............. 219 219 219
Массасы, кг ................................ . 43 60 81

Көмірқышқыл газынан басқа, барлық газдар сығылған жағдайда, ал көмірқышқыл газы – сұйық
жағдайда болады.
Редукторлар (11.10-сурет) баллоннан немесе үлестіруші тұрба құбырынан келіп түсетін газ
қысымын төмендетуге жəне берілген жұмыс қысымын автоматты түрде тұрақты ұстап тұруға арналған.
Баллондағы газ қысымын жоғары қысым манометрі 2 көрсетеді.
Газ аздап ашылып тұрған серіппе 8 арқылы өтіп, төмен қысымды камераға 10 түседі. Клапан
арқылы өту барысында газ айтарлықтай кедергіні жеңеді, соның нəтижесінде клапан артындағы
қысым, яғни төмен қысымды камерадағы қысым төмендейді.




















11.10-сурет. Газ редукторының құрылымы мен жұмысының схемасы:
а — жұмыссыз жағдайы (газ редуктор арқылы өтпейді); б — жұмыс жағдайы (газ редуктор арқылы
өтеді); 1 — тұрба құбыры; 2 — жоғары қысым манометрі; 3 — төмен қысым манометрі; 4, 8
— серіппелер; 5, 11 — клапандар; 6 — жалғастық; 7 — мембрана; 9 — реттеу бұрандасы; 10 —
төмен қысым камерасы Осы қысымды төмен қысым манометрі 3-ті көрсетеді. Төмен қысымды
камерадан қорғаныс газы жалғастық 6 арқылы пісіру бастиегіне (ұстағышқа) бағытталады.


Қорғаныс газының жұмыс қысымын реттеу келесідей жүргізіледі. Реттеу бұрандасын 9 бұрау
барысында серіппелер 4 пен 8 қысылады да, клапан 11 ашылып, төмен қысымды камерадағы
қысым көтеріледі. Клапан қаншалықты көп ашылса, одан соншалықты газ көбірек өтеді де,
газдың жұмыс қысымы көтеріледі. Бұрандаманы 9 айналдыра аударған кезде, керісінше, клапан
11 жабылады да, 10 камерадағы газ қысымы азаяды. Аргонда пісіру барысында АР-10, АР-40
немесе АР-150 редукторларын қолданады. Көмірқышқыл газда немесе оның қоспаларында
пісіру барысында кері əрекет редукторларын пайдаланады, олар сонымен қатар бір мезетте
шығын өлшегіштер болып табылады (У-30 жəне ДЗД-1-59М). Сондай-ақ қарапайым оттегі
редукторларын да қолдануға болады, мысалы, РК-53, РКД-8-61 жəне т.б.

Жылытқыш (11.11-сурет) баллоннан редукторға келіп түсетін көмірқышқыл газын, редуктор
қатып қалмас үшін, жылытуға арналған. Көмірқышқыл газының шығыны көп болған жағдайда
(сұйық көмірқышқыл газы булану барысында жылуды сіңіру салдарынан) газ температурасы
төмендейді, ал ол ондағы ылғалдың қатуы мен редуктор арналарының бітеліп қалуына əкеліп
соғуы мүмкін.11.11-сурет. Көмір қышқыл газдың жылытқышы:
1 - корпусы; 2 – қаптама; 3 – иректүтік; 4 – жылу оқшаулағыш; 5
– жылыту элементі; 6 – жамыла салынатын сомын; 7 - қысқыш






Page 4


Жылытқышты көмірқышқыл













газбен пісіру барысында ғана пайдаланады. Ол корпустан 1,
көмірқышқыл газ өтетін иректүтіктен 3, қаптамадан 2, жылу
оқшаулағыштан 4 жəне иректүтік ішіне орналасқан хром-никельді
сымнан жасалған қыздыру элементінен 5 тұрады. Жылытқышты
баллонға салмалы сомынмен 6 бекітеді. Ол кернеуі 20 В тұрақты
токтан немесе кернеуі 36 В ауыспалы токтан қуатталады. Басқару
шкафының сымдарын қысқыштарға 7 жалғайды.
Ылғалды көмірқышқыл газын пайдалану барысында одан ылғалды сіңіру үшін қолданылатын
кептіргіш жоғары қысымды жəне төменгі қысымды болуы мүмкін. Жоғары қысымды кептіргішті
төмендететін редуктор алдына орнатады. Оның мөлшері кішкентай жəне ылғал сіңіргішті жиі
ауыстыруды талап етеді, ол жұмыста қолайсыз. Мөлшерлері айтарлықтай төмен қысымды
кептіргішті (11.12-сурет), төмендететін редуктордан
кейін орнатады.
Ол ылғал сіңіргішті жиі
_ Выход
ауыстыруды талап етпейді.
Төмен қысымды кептіргіштерді

негізінен орталықтандырылған газды
тарату кезінде қолданған дұрысырақ.
Ылғал сіңіргіш ретінде силикагельді
немесе алюмогликольді
пайдаланады, тотияйын мен хлорлы
кальцийді сирек қолданады. Ылғалға
қаныққан силикагель мен
тотияйын 250... 300°С қыздыру
11.12-сурет. Төмен қысымды
арқылы қалпына келтіруге

болады.

көмірқышқыл газын
кептіргіш:


Шығын өлшегіштер қорғаныс
1 — камера; 2 — торлари; 3 — ылғал


газы шығынын өлшеуге арналған. сіңіргіштер
– Газдың кіруі, Газдың шығуы Олар қалтқылы немесе

дроссельді типті болуы мүмкін.

11.13-сурет. РС-3 қалтқы қалқымаөлшеуішінің құрылымы (а) жəне жалпы
түрі (б):
1 — шыны түтік; 2 — қалтқы; 3 — шəкіл












Page 5


Қалтқы типті шығын өлшегіш, мысалы РС-3 (11.13-сурет), конус тəрізді тесігі бар шыны
түтікшеден 1 тұрады. Түтікше тігінен, кең
жағы тесігімен жоғары қаратып орналастырылады. Түтікше ішінде еркін қозғала алатын жеңіл
қалтқы 2 болады. Төменнен жоғарыға өте барысында газ қалтқыны, қалтқы мен шыны түтікше
арасындағы саңылау газ ағынының қысымы қалтқы массасын теңестіргенге дейін, көтереді. Газ
шығыны мен оның тығыздығы үлкен болған сайын, соншалықты қалтқы
жоғары көтеріледі. Қалқымаөлшеуіш ауа шығыны бойынша теңестірілген ш əкілмен 3
жабдықталған. Қорғаныс газының шығынын қайта есептеу үшін графиктер қолданылады.
Дроссель типті шығын өлшегіш, газ шығынына байланысты жəне манометрлермен
анықталатын кедергіш мембранаға дейінгі жəне кейінгі қысым ауытқуын өлшеу қағидасында
жасалған. Қорғаныс газының шамалы шығыны туралы газ редукторының төмен қысымды
манометрінің көрсеткіштері бойынша да айтуға болады. Ол үшін редуктордың шығысына
кішігірім калибрлеу тесігі бар дроссель шайбасын (дюзді) орнатады. Газдың осы тесігі арқылы
газ ағысының жылдамдығы, демек, газ шығыны да жұмыс камерасындағы газ қысымына
пропорционалды болады. Осы принцип У-30 редукторында пайдаланылған, онда манометр
жұмыс камерасындағы қысымды емес, тікелей газ шығынын
көрсетеді. Осы мақсатта редуктор əртүрлі диаметрлі калибрленген тесіктері бар екі дюзбен
жасақталған. Сəйкес дюзге қарсы шекті қысым клапанының корпусын бұру арқылы арна
орнатады, оның əр жағдайына манометрдегі шəкіл бөліктері сəйкес келеді.
Араластырғыштар СО2 + + О2 жəне СО2 + Ar + О2 газдарының қоспасын алуға арналған.
Баллондардан алынатын СО2 + О2 газдарының қоспасын алуға жəне берілген құрамды жəне газ
қоспасының шығынын тұрақты автоматты ұстап тұруға арналған УКП -1-71 посттық
араластырғышы ДКП- 1-65, редукторы бар қысым реттегіші мен газдарды араластыру торабынан
тұрады. Қоспа құрамын дюздерді ауыстыру арқылы өзгертеді. УКР-1-72 рампалы алмастырғыш
оттегіні баллонрампаларынан іріктеу барысында СО2 + О2 қоспасын, ал көмірқышқыл газды –
сұйытылған суытылған көміртегі диоксидіне арналған изотермиялық ыдыстан алуға мүмкіндік
береді. Араластырғыш 10-15 пісіру посттарын газбен қуаттауды қамтамасыз етеді.
Қорғаныс газын үнемдеу үшін пайдаланылатын газдық клапанын мүмкіндігінше пісіру оттығына
жақынырақ орнату керек, кейде оны оның тұтқасына кіріктіреді. Электр магнитті газ клапандары ең көп
тараған. Газ клапан, алдын ала газ беру (доғаны тұтатқанға дейін) қамтамасыз етілетіндей етіп қосу
керек, жəне доға үзіліп, тігіс кратері толық қатқаннан кейін өшіру керек.
Қайта өткізу рампасын қорғаныс шығыны айтарлықтай болған кезде, оны пісіру цехына беру
үшін қолданады. Ол кезек-кезек қосылатын баллондардың екі тобынан, газ аппаратурасы мен
қорғаныс газы пісіру орындарында берілетін тұрба құбырынан тұрады. Көмірқышқыл газы мен
оның қоспаларын беруге арналған тұрба құбырларын қара түске бояйды.

Бақылау сұрақтары

1. Доғалы пісіру автоматтарының талаптары мен мақсаты қандай?
2. Пісіру автоматтарының жіктемесі мен олардың негізгі түрлері туралы айтып беріңіз.
3. Пісіру автоматтарының жұмыс істеу қағидалары жəне оларды қолдану салалары қандай?
4. Пісіру автоматтарының негізгі тораптарын жəне олардың конструкциялық ерекшеліктерін
атаңыз.
5. Флюс қабатымен пісіруге арналған қолданыстағы автоматтарды атап, оларды тізбектеп
беріңіз.
6. Қорғаныс газдарында пісіруге арналған пісіру автоматтарын атап, оларды тізбектеп беріңіз.
7. Қорғаныс газдарында автоматты пісіруге арналған газ аппаратурасын атаңыз.
8. Көмірқышқыл газда пісіру үшін қуат көзінің вольт-амперлік сипаттамасы қандай болу
керек?
9. Көмірқышқыл газда, аргонда, флюспен автоматты пісіру орнын ұйымдастыруға арналған
жабдықтардың қажетті жинағын атаңыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.06.2021
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12